7


  • Учителю
  • Әдебиеттік оқу Кітап білім бұлағы 4 сынып

Әдебиеттік оқу Кітап білім бұлағы 4 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: « Кітап - білім бұлағы»

Сабақтың мақсаты:

Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Оқулықтарды күтіп ұстауға үйрету.

көрнекілігі: Кітап жайлы жазылған плакаттар, суреттер.

Сабақтың барысы:

1 - бөлім. Ұйымдастыру кезеңі.

I-слайд

Кітап та алма ағашы,

Жемісін біздер теретін.

Тәтті алмаға балашы, Кітабыңның әр бетін,- деп Мұзафар Әлімбаев атамыз жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар сендерге білім көзі, рухани қазына. Біз кітап арқылы бастауыш мектептің өзінде - ақ бүкіл адамзат өмірімен танысамыз. Кітап білімімізді молайтады, кітаптан көп өнеге мен тәрбие аламыз. Оқығаның, тоқығаның көп болса жеңбейтін жау, алынбайтын қамал жоқ. Дана халқымыз «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деп бекер айтпаса керек деп бүгінгі 2 - сынып оқушылары дайындаған «Кітап - білім бұлағы» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

2 - бөлім. Кіріспе.

II слайд. Кітап туралы не білеміз?

Кітап - араб сөзі, "жазба",

ал түрікше "дәптер", мерзімді баспасөз басылымы" деген сөз

Кітап өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу, тәрбие құрал

Кітап - араб сөзі, "жазба", ал түрікше "дәптер","мерзімді баспасөз басылымы"деген сөз.

Кітап өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу, тәрбие құралы.

Түркі халықтарының көне жазба ескерткіші.( слайд)

"Папирус" кітабы.( слайд)

Мысырда жазуға папирус қолданыла бастады. Кітап "Папирус"деп аталатын су өсімдігінен дайындалған материалға жазылып, жұмыр таяқшаларға шиыршықтап оралды.

" Пергамент" кітабы.( слайд)

Кітап басу цехы.( слайд)

Түптеу цехы.( слайд)

III слайд

Жұмбақ шешу. Мұғалім: Балалар бүгін бізге қонаққа Кітап келіп отыр.

Кітапты ортаға шақырайық.

Кітап: Балалар, мен білім көзі - кітаппын. Мені жасау үшін көп адам еңбек сіңірді. Балалар кітап қайдан шығатынын білесіңдер ме?

Балалар: Ағаштан

Мұғалім: Кітап шығару үшін көп еңбек сіңіреміз. Кітап сен бізге қонақ болып, балалардың білімін тамашала. Оқушылардың кітаптың жасалу жолы туралы тақпақтары:

Мағынаны таны.

Алғашқы кітап баспасы ағаштан жасалды. Қазақ кітап баспасы Ресейге қосылған соң қалыптасты. Тұңғыш қазақ кітаптары 1800 жылы шығарыла бастады.

3 - бөлім. Топтық сайыс. 1. Таныстыру. 2. Жалғастыр

Ойын: Кітап нені сүйеді?

3. Көркем сөз

Даналық

4. Ойлан, тап.

5. Өнер көрсету

Мұғалім: Балалар, кітап туралы жазған ұлы ғұлама ақын, жазушыларымыздың қандай нақыл сөздерін білесіңдер

Кітап маған тақтан да қымбат. Шекспир.

Артық ғылым кітапта, Ерінбе оқып көруге. Абай.

6. Көрініс

2. «Науқас кітап» көрініс. Дәрігер ролінде: Гүлсәт,

Науқас кітап рөлінде: Сағындық.

"Кітаптың мұңы "

Самал: Ұқыпты баланың кітабы. Наурыз: Жалқау баланың кітабы

Мұғалім: Балалар, дәрігер апайымыз айтқандай, кітаптарда ауырады екен. Сол зиянды болдырмау үшін мынандай ережелер бар екен

Әдебиеттік оқу Кітап білім бұлағы 4 сынып Әдебиеттік оқу Кітап білім бұлағы 4 сынып

Есіңе сақта!

1. Кітапты ұқыпты, таза ұстау керек. Өздеріңнен кейін оны көптеген балалар оқитынын есіңнен шығарма

2. Кітапты төсекте жатып, ас ішіп отырып оқыма, кітап оқуды үлкен ой еңбегімен оқу керек

3. Кітапты қалай болса солай оқыма.

4. Кітапты жыртуға, сызуға болмайды.

5. Кітапханада шулауға болмайды, өйткені басқаларға кедергі келтіресің.

6. Кітап бетіне сурет салма!

Мұғалім: Балалар, кітап туралы жазған ұлы ғұлама ақын, жазушыларымыздың қандай нақыл сөздерін білесіңдер.

слайд Жалғастыр

1. Кітап - таусылмайтын байлық. 2. Кітап - білім бұлағы, Білім - өмір шырағы.

3. Кітап - алтын қазына. 4. Өнерліге нұр жауар

5. Өнер - ағып жатқан бұлақ, Білім - жанып жатқан шырақ.

1. Оқусыз білім жоқ, Білімсіз күнің жоқ.

2. Білім тозбайды, Ақыл азбайды.

3. Еңбектің наны тәтті,

Жалқаудың жаны тәтті

4. Білекті бірді жығады,..................

5. Оқу білім бұлағы,....................

Мұғалім: Ұлы адамдарымыз кітапты жоғары бағалаған. Алғаш қазақ балаларына арнап «Әліппе» оқулығын жазған кім? Оның балаларға арнап жазған өлеңін кім біледі?

Ы. Алтынсарин Кел, Балалар оқылық тақпақ

Мұғалім: Балалар бүгінгі тәрбие сағатымыздан көп нәрсені үйрендік. Кітап балаларға білім беруде, жан - жақты тәрбие беруде әр түрлі әдеби шығармалармен таныстырады. Сондықтан «Кітап - білім бұлағы» деп бекер айтылмаған.

Мұғалім: Балалар, дәрігер апайымыз айтқандай, кітаптарда ауырады екен. Сол зиянды болдырмау үшін мынандай ережелер бар екен

Есіңе сақта!

1. Кітапты ұқыпты, таза ұстау керек. Өздеріңнен кейін оны көптеген балалар оқитынын есіңнен шығарма.

2. Кітапты төсекте жатып, ас ішіп отырып оқыма, кітап оқуды үлкен ой еңбегімен оқу керек.

3. Кітапты қалай болса солай оқыма.

4. Кітапты жыртуға, сызуға болмайды.

5. Кітапханада шулауға болмайды, өйткені басқаларға кедергі келтіресің.

6. Кітап бетіне сурет салма!

Қорытынды.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал