7


Тақырыбы: Су және оны қорғау

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Су және оны қорғау. Табиғаттағы су.

Сабақтың мақсаты: Өмірдің қайнар көзі мен тіршілік көзі ретінде су туралы

оқушылардың білімін қалыптастыру. Судың қасиеттері

туралы түсініктерін нығайту.

Дамытушылық мақсаты: Өздігінен қорытынды шығара білуге дағдыландыру,

ізденімпаздыққа, шығармашылықпен жұмыс істеуге

үйрете отырып, ой-өрісін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Дүниетанымын,ой-өрісін,салауатты өмір салтын,

табиғатты қорғауға,суды үнемдеп жұмсауға үйрету,

экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, зертханалық әдіс

Сабақтың көрнекілігі: Глобус, стақан,су, мақта. Слайдтар

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық (2 сыныпта өткенді қайталау)

1слайд: Адам өміріне ең қажетті 5 жағдайды атап, интерактивті тақтада жазу.

(жарық, су, ауа, тағам, жылу)

Ендеше, осы аталған 5 жағдайдың қайсысы шөл далада келе жатсақ керек болады?

-Су

-Судың неше қасиеті бар? ( сұйық, аққыш, еріткіш, иіссіз, мөлдір, түссіз)

-Судың қанша күйі бар?

-Үш күйі бар (сұйық, қатты, бу) жауаптарын жұмбақ шешу арқылы жазады.

1) Жылт-жылт етеді, жылғалардан өтеді (судың сұйық күйі)

2)Өзі судан жаралған, бірақ судан қорқады (мұз , қатты күйі)

3)Көзге көрінгенмен, ұстасаң қолға ілінбейді (газ, бу күйі)

2слайд: Теңіз суреті (4 жол өлеңді хормен оқу)

Су деген- тіршіліктің наны емес пе?

Су деген-табиғаттың жаны емес пе?

Су жоқ жерде өмір жоқ, ол-ақиқат

Күміс су қара жердің сәні емес пе?

3слайд: Жаңа сабақ

Глобусты көрсету арқылы түсіндіру. 4слайд.

-Жер бетінде ең көп таралған зат- су. Глобусқа қарасаң жер шарының төрттен үш бөлігі көгілдір түске боялған. Ол-су: мұхиттар, теңіздер, көлдер, өзендер.

Тәжірибе:

Табиғатта су сұйық, қатты және газ тәріздес бу күйінде кездеседі. Егер күн салқындап, температура нөл градустан төмен түссе, су сұйық күйден қатты күйге , яғни қар мен мұзға айналады.

-Кішкене табақшаға су құйып, бетін ашық қалдырсаң, бірнеше күннен кейін, оның босап қалғанын көресің. Табақшадағы су қайда кетті? Ол із-түссіз жоғалып кеткен жоқ, бір күйден екінші күйге ауысты. Сұйық күйден бу күйіне өтіп, ауамен араласты.

5слайд. Су табиғат байлығы. Тіршіліктің қайнар көзі.

Егін шаруашылығы

Бау-бақша шаруашылығы

Мал шаруашылығы

Дәнді дақылдарды егеді,суарады

Жеміс-жидектер, көкөністерді суарады

Төрт түліктер, аңдар сумен қоректенеді

6слайд. Жердегі тіршілік және сан алуан табиғат құбылыстары сумен байланысты.

-Суды не үшін пайдаланады? Оқушылар әңгімелейді.

7слайд. Жергілікті жеріміздегі «Шалқар» көлі туралы баяндау.

8слайд. Су туралы мақал-мәтел, жұмбақ, тыйым сөздер жазу

Мақал-мәтелдер

Тыйым сөздер

жұмбақтар

Тау мен тасты су бұзар,

Ел арасын қу бұзар.

Сулы жер-нулы жер

Судың да сұрауы бар

Таста тамыр жоқ,

Суда қаймақ жоқ

Су-тіршілік көзі

Суға түкірме

Суда ластама

Суды босқа ағызба

Қайнамаған су ішпе

Су ішкен құдыққа түкірме

Кескен болсаң кесілмейді,

Кесілсе де бөлінбейді.

Бет көретін айнам

Тауып алдым сайдан.

9слайд. Венн диаграммасы

Судың пайдасы

Судың зияны

10слайд. Бекіту . Ой толғау «Су-тіршілік мекені» әңгіме жазу

-Үйге тапсырма

-Бағалау







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал