- Учителю
- Тақырыбы:Қосу мен азайтудың жазбаша тәсілдері
Тақырыбы:Қосу мен азайтудың жазбаша тәсілдері
14.10.16ж. Тақырыбы: Қосу мен азайтудың жазбаша тәсілдері
Мақсаты: Көп таңбалы сандарды қосу және азайтудың жазбаша есептеу
тәсілдерін орындауға үйрету; есептеу тәсілдерін жетілдіру, есептеу
тәсілдерін жетілдіру; сандарды және шамаларды қосу мен азайтудың
үлгісін көрсетіп беру, сандарды оқу, жазу, жіктеу. ә) Өз бетінше
және топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырып дамыту; б)
Оқушыларды алғырлыққа, тапқырлыққа, шжылдамдыққа, өз бетінше жұмыс
істей білуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: саяхат сабақ Сабақтың әдісі:
топтық, түсіндіру, сұрақ - жауап, өздік, есептеу, салыстыру.
Көрнекілігі: қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер, кестелер
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Күнге қолдарыңды созыңдар.
Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын. Ізгі
әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Ауызша есептеулер. Көркем жазу.
Қандай сандарды көп таңбалы сандар деп атаймыз?
ІІІ. Жаңа сабақ: Қосу мен азайтудың жазбаша тәсілдері "Білім еліне
саяхатқа "шығу.1". Мектеп "аялдамасы:
№1 а) Қосындылардың қайсысының мәнін таба аласыздар?
Оқушылар кезекпен айта отырып, дәптерлеріне жазады.
428+351= 779 1428+1351=2779 21428+31351 =527 79 421428+531351 =
952779 779-351 = 428 2779-1351 =1428 52779-31351 = 21428
952779-531351 = 421428
2."Білгірлер "аялдамасы:.№2. Баған түрінде дұрыс жазылған
мысалдарды анықтап, оларды орында.
Дұрыс жазылмаған мысалдарды дәптеріңе дұрыс жазып ал да,
орында.
3. "Тапқырлар" аялдамасы:№ 3 Баған түрінде жазып алып, амалдарды
орында.
4. "Мергендер" аялдамасы: №4 Қосуды орында және оны азайту арқылы
тексер.Топпен жұмыс.
ІҮ. Сергіту сәті. Аспанға қарап ай көрдік, Төменге қарап жер
көрдік. Оңға , солға бұрылып, Егеменді ел көрдік. Ойын: «Ойлан
тап»
№5. «Өзіндік жұмыс» Оқушылар өз беттерімен орындайды.
5."Шешендер аялдамасы"№6. Әкелінді әр орамда 50 м - 9 орам ақ
мата
Көк түсті мата - 120 м
Барлығы -? Шешуі: (50 * 9 ) + 120 =450 + 120= 570 м Жауабы: барлығы
570 метр мата әкелінді.
№8.Теңдеуді шеш. х*5 = 5000 х =5000:5 х =1000 1000*5 =5000 5000 =
5000 6*х =60 000 х =60 000:6 х =10 000 6* 10 000= 60 000 60 000 =60
000 х*1000 =426 000 х =426 000:1000 х = 426 426*1000 = 426 000
426000 =426000
№9. Қандай санды қойғанда, тура теңдік шығады?
48: 24+499=501
80*60 - 400=80
203*4 - 302=510
60: 20+798=801
210*3+60=690
5*120+210=810
Ү. Жаңа сабақты пысықтау:
Топтық жұмыс.
ҮІ. Қорытынды. Үйге тапсырма: Есеп 7.
Бағалау
18.10.16ж.Сабақ тақырыбы: Қайталау.
Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларды қосу мен азайтудың қасиеттерін
пайдаланып, жазбаша есептеуге үйрету ,оқушыларға ұлттық ойындарды
ойната отырып, қызықты тапсырмалар, жұмбақ есептер шығарту, ә)
логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, тез ойлауға, шапшаң есептеуге
үйрету, ұжымдыққа, ептілікке тәрбиелеу. б)Халқымыздың әдет-ғұрпын,
ойын-сауықтарын, ұлттық ойындарын ойнату арқылы балаларды
ауызбірлікке, достыққа тәрбиелеу.Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың көрнекілігі: тест, топшама, алмалар Сабақтың әдісі:
түсіндіру, есептеу, құрастыру, ой қозғау, ұлттық ойындар. Сабақ
барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. . Күнге қолдарыңды созыңдар. Күн
жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын. Ізгі әрі
нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
ІІ. Өткен сабақты пысықтау. Көркем жазу. Жеті ата ауылына саяхат
IІІ. Қайталау. 5*5=25 25*5=125 125*5=625 800:2=400 400:2=200
200:2=100 500*7=3500 3500:70=50 50*50=2500 "Ата"ауылы №1.Бос
торкөздерге қандай санды қойғанда тура теңдік шығады: 7+842+93+58
=1000; 6+734+194+66=1000; 29+856+71+44=1000; 41+783+59 +117=1000;
"Әке" ауылы.№2. Кестені толтыр: Ауызша орындау. "Бала" ауылы.№4.730
005-472 601=257404 ;670+105892 =106 562;348-247+563 = 664; 400
256-86 587= 313669 "Немере" ауылы . Есеп 5. Сиыр еті -567кг Қой
еті- ? 127кг артық Жылқы еті- ? 3есе артық Шешуі:567 +127=694 кг /
қой еті/ 694*3= 2082кг /жылқы еті/ Жауабы: жылқы еті 2082 килограмм
"Шөбере" ауылы.№7. Есептеп шығар: 385 092+72 348 +552 =457440+552
=457992; 478+5825+18775 = 6303+18775 =25078; 352497+42007+8050
=394504+8050 =402554; 540364-21703+2040 =518661+2040 =520701;
IY.Сергіту.Ойын: Қай топ шапшаң?"Немене" ауылы. №8. Топпен жұмыс.
"Шөпшек ауылы".№9.Теңдеуді шеш: Үш топ үш бағанын шығарады. а+4200
= 9000 в-3705=5000 с-98 =1300 а=9000-4200 в =5000+3705 с =1300+98 а
=4800 в =8705 с =1398 4800+4200 =9000 8705-3705 = 5000 1398-98
=1300 7660-а= 4782 497+с= 5300 147+в=5007 а =7660-4782 с =5300-497
в= 5007-147 а=2878 с =4803 в =4860 7660-2878 =4782 4803+497 =5300
147+4860 =5007 Y.Бекіту. Тест.Логикалық есептер. 1.Бүгін 18 - ші
қазан болса, түнгі 12 - де нешінші қазан болады? 19 қазан 2.Бұтақта
50 қияр бар. Бір бұтақта 5 қиярдан өсіп тұр. Екі бұтақта қанша қияр
өсіп тұр. Жауабы: Бұтақта қияр өспейді 3.Аулада 7 шымшық отыр еді,
оған тағы да бесеуі қосылды. Бір мысық жайлап келіп 1 шымшықты
ұстап алды. Сонда қанша шымшық қалды? Жауабы: Мысық ұстап алған
1шымшық қалды. Басқа шымшықтар ұшып кетті. 4.Термометр аяз болғасын
- үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус
көрсетеді?Жауабы: үш 5.Спортшылар жолмен жүгіріп келе жатыр. Бір
спортшы алдынан санағанда да, артынан санағанда төртінші жүгіріп
келеді. Жолмен неше спортшы жүгіріп келе жатыр? Жауабы: 7 6.Аспазшы
шұжықты төрт рет бөліп кескенде, неше бөлік шықты? Жауабы: 5 7.Қаз
бір аяғымен 5 кг, екі аяғымен қанша кг 8.Қос ат жегілген арба 40
шақырым жүрді. 1 ат неше шақырым жүрді? Жауабы: 40 YI. Үйге: №7ә