- Учителю
- Открытый урок по знание о мире
Открытый урок по знание о мире
Жүзағаш орта мектеп- бақшасы» КММ 2015-2016 оқу жылы
Дүниетану пәні. Пән мұғалімі: Узбаева Л.А. 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Топырақ және оның құрамы
Мақсаты:1. Топырақ және оның құрамы туралы түсінік бере отырып, топырақтың маңыздылығын ұғындыру.2. Топырақты күтуге, қорғауға баулу, экологиялық тәрбие беру.3. Оқушыларды өз ой- пікірлерін ашық айта білуге, дәлелдей білуге дағдыландыру.
Міндеті:
Оқушыларды өз бетінше ізденуге баулу, жеке пікірлерін қалыптастыру, басқаның ойына құрметпен қарау, ой толғанысқа белсене қатысу, ұжым боп жұмыс істеу қабілеттерін дамыту.
Әдісі: топтық жұмыс, болжау, салыстыру дәлелдеу
Технология: Коучинг технологиясы
Түрі: Зертханалық сабақ
Көрнекілігі: Слайд, плакат,смайликтер
Қажетті құралдар: спиртті май шам, топырақ, су, шынылар
Ұйымдастыру кезеңі
«Шаттық шеңбері» 1,2,3- ке санату. 1-ші нөмірдегілер: құрбақалар, 2-ші нөмірдегілер- маймылдар, 3- ші нөмірдегілер тоқылдақтар . Осы бойынша 3 топқа бөлініп отырады.
2.Үй тапсырмасын сұрау
1 - топтан: су, судың қасиеті туралы
2 - топтан: Су еріткіш, суда еритін және ерімейтін заттар туралы
3 - топтан:Су туралы мақалдар; тыйым сөздер айтқызу
-
Жаңа сабақты хабарлау: Топырақ және оның құрамы
-
Топырақ деген не? ( Мұғалім топырақты қағаз бетіне салып көрсету. Ол борпылдақ бос.- Неден пайда болған? «Ой салу» - Қатты жел, күн көзінің әсерінен, өсімдіктердің , жәндіктердің шірінділерінен топырақ пайда болған.
-
Топырақ неден тұрады? - Оның құрамын білу үшін төмендегідей тәжірибе жұмыстарын жүргізу.
-
1- ші тәжірибе: Бір кесек кебу топырақты
стақандағы суға салайық. Не байқадық? Көпіршіп шыққан не?
-
2- ші тәжірибе: Бір уыс топырақты темір қалбырға салу, отұа қойып қыздыру. Оның үстіне шыны ұстау. Шынының астыңғы бетінде су тамшысы пайда болды. Ол қайдан шықты?
-
3- ші тәжірибе: Шіріндісі жанып біткен топырақты стақандағы суға салып, араластыру. Лайланған суды тұндыру.Не байқадың?
Топырақ -тіршілік бесігі - қорек көзі
Топпен жұмыс: Әр топ төмендегі тақырыптарға сай суреттер салады, өз суреттерін ортаға шығып қорғайды
1 - ші топ: «Топырақ пен өсімдік байланысы»
«Топырақ пен жануар байланысы»
Танымдық сұрақ
(Аудио жазбадан: география пәнінің мұғалімі Оспанов Еркін)
-Балалар , топырақты тыңайту дегенді қалай түсінесіңдер?
Қорытындылау:
Ыбырай Жақаев - қос Алтын Жұлдызды атақты күрішші
«Жер - қоймадағы астық, өрістегі мал, ауыздағы ас»
Смайликтермен бағалау.
Күлімдеп күн бүгін
Қарады маған да,
Күлімдеп күн бүгін
Қарады саған да,
Шуақпен нұр төгіп
Көңілді кетті көтеріп