7


  • Учителю
  • 'Кескіндеме құралдарымен табиғаттың, адамның, ғимараттардың әсемділігін бейнелеу' 4 сынып

'Кескіндеме құралдарымен табиғаттың, адамның, ғимараттардың әсемділігін бейнелеу' 4 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Бейнелеу өнері 4 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Кескіндеме құралдарымен табиғаттың, адамның, ғимараттардың әсемділігін бейнелеу
Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Оқушыларға кескіндеменің өнеріндегі тақырыптармен сурет салуда мәліметтер беріп, білімді қалыптастыру, жаңа мағлұмат беру және т. б.
ә) Дамытушылық: Сабақ оқытудың негізгі үрдісін есте қалдыру, оқушы санасына терең сіңіру, құралдармен жұмыс жасай білуге үйрету.
б) Тәрбиелілік: Сурет салдыру арқылы оларды тазалыққа, ұқыптылыққа баулу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Құрал - жабдықтар: Альбомдар, плакаттар, Қарындаштар, ақ қағаз, 3 - сынып оқулығы және тағы басқа құрал жабдықтар

Сабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4. Тапсырмаларды орындау.
5. Сабақты бекіту.
6. Үйге тапсырма.
Кескіндеме, кескіндеу өнері (живопись) - бейнелеу өнерінің бір түрі. Ол белгілі бір заттың бетіне бояу арқылы салынатын көркем шығарма өнердің барлық басқа түрлері сияқты, кескіндемеде идеологиялық және танымдық қызмет атқарады, адамға эстетикалық ләззат беретін құнды да әсем шығармалар тудырады. Кескіндеме дәуірдің рухани мазмұны мен әлеуметтік бейнелеп қана қоймай, белгілі бір идеологиялық концепциялар негізінде оларға баға береді. Кескіндеме туындысы көрерменнің сезіміне, ойына әсер ету арқылы бейнеленген шындықтан тәлім алып, өзінше қорытынды жасауға себепкер болады.
Кескіндемесіндегі тарихи тақырыптағы көркем туындылар нақты бір тарихи жанр шеңберімен шектеліп қалмады. Тарихи тақырып тарихи тұлғалар образын қайта жандандыруда тарихи портретте, тарихта нақты болған әскери жорықтар мен соғыс көріністерін бейнелеуде батальдық жанрмен мығым байланыс тауып отырды. Жоғарыда атап өткеніміздей, тек тарихи сюжетке негізделген композициялармен шектелу тарихи жанрдың негізгі мәнін, мазмұнын ашпайды. Ал, оны нақты тарихтан, әскери жорық көріністерінен бөле - жарып қарау мүмкін емес. Тарихи портрет, тарихи табиғат көрінісі және тарихи батальдың сюжеттер тарихи жанрдың құрылымдық бөліктері, оны жасаушы негізгі факторлар болып табылады.

Сабақты қорытындылау
Жаңа сабақ бойынша сұрақтар қою
1. Кескіндеме өнері дегеніміз не?
2. Кескіндемеге қандай өнер туындыларын жатқызуға болады?
3. Кескіндемеші суретшілер кімдер?
Үйге тапсырма Тақырыпты оқу, құралдар әкелу



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал