7


'12 санының құрамы' ашық сабақ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: 12 санының құрамы

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: Оқушылардың қосу және азайту кестесі туралы түсінігін ойын арқылы қалыптастыру.

  • Дамытушылық: Оқушылардың зейінін, зерде үрдісін дамыту, қиялын ұштап, қабілеттерін шыңдау, шығармашылыққа жетелеу.

  • Тәрбиелік: Оқушыны ізденуге, салыстырулар жүргізе білуге, бірлесе жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Дидактикалық плакат,суреттер,қима қағаздары.

Сабақтың түрі: Аралас, саяхат сабақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, топтастыру әдісі.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу.

Психологиялық дайындық.

Ұйымдастыру кезеңі
Армысыздар ,балалар,
Дайынбыз ба сабаққа?
Шебер,шешен өнері
Сай келейік талапқа.
Бар ма үйден дайындық?
Тапсырмамыз дұрыспа ?
Оқымысаң уайым жеп,
Тығылмаймыз қуысқа.
Ойымызды айтайық,
Білімімізді бастайық.
Мына тұрған ұстаздар
Қалсын бір сәт марқайып.

Психологиялық дайындық

Көп ойнаған бала болады,

Көп ойланған дана болады.

1. Қосу амалының компоненттерін ата.

2. Азайту амалының компоненттерін ата.

3. Қосу амалының

қасиеттерін ата.

Үй тапсырмасын сұрау.
(Үй құрастыру)
Кубизм стратегиясы бойынша,
текше лақтыру арқылы сұрақтарға
жауап беру
1.11-5 = 4.12-2-5=
2.9+5= 5.6+4+2=

3.7+4= 6.5+5-6=


Жақсы балалар.Біраз қайталап ,даярлық жасап алдық.Енді бүгінгі сабағымызда осы күнге дейін не білдік ,яғни біліміміізді ортаға саламыз.Бүгінгі сабақта біз сендермен ертегілер еліне саяхатқа шығамыз.
-Балалар,мына орманда орманшының үйі бар екен.Орманшының Раушан және Асан деген балалары бар екен Раушан алтыда.

Ал Асан болса одан 3 жас кіші.Сонда Асан нешеде? (3-те). Ата-анасы қыдырып кеткен екен.Раушан біраз ойнатып қарайды да, жалығып өз бетімен ойнауға кетіп қалады.Жалғыз қалған Асанды Ғажайып Аққу келіп көтеріп әкетеді.

Раушан үйге келсе,бауыры жоқ.Қатты қапаланған Раушан іздеуге кіріседі.Ол жолға шығып алма ағашына кездеседі. Алма ағашынан бауырын сұрайды.Алма ағашы одан алмаларын теруін сұрайды .Балалар ,Раушанға көмектесейік.
Алма ағашының алмаларын теріп жіберейік.Алма алу арқылы 1 тапсырманы орындаймыз.

Алма ағашы жолды ары нұсқайды.Раушан жүріп келе жатып өзенге кездеседі.Өзеннен сұрайды: "Өзен,өзен ,менің бауырымды көрдің бе?"Өзен суға балықтарын салуды өтінеді.

-Балалар ендеше өзенге балықтарды салып жіберуге көмектесейік . Әр балықты алып артындағы тапсырманы орындап балықты суға жібереді.

Сергіту сәті:

Жалғыз саусақ тіпті де,

Ұстай алмас жіпті де,

Екі саусақ бірікті,

Ине қолға ілікті.

Үш саусағым орамды ,

Жүгіртеді қаламды,

Өнерлі екен он саусақ,

Қала салсақ жол салсақ.


Раушан одан әрі бет алады.Енді ол егіс алақабына келеді.Онда келсе төлдер жайылып жүр екен.Егіс алқабынан бауырын сұрайды.Ал егіс алқабы болса,төлдерді айдап жіберуін сұрайды.Раушанға төлдеді егіс алқабынан айдап шығаруға көмектесейік.

Раушан енді қоянға кездеседі.
Қоянның сәбіздері төгіліп қалыпты соны теріп көмектесуін өтінеді.
Балалар қоянға көмектесіп жіберейік. Әр сәбізді жинағанда жұмбаққа жауап береміз.

Жұмбақ шеше білесің бе?

1.5 алманың біреуін,
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі,
Өз қолыңда қалады.(4)
2.Алма ағашта 5 алма,
Қандай тәтті жесе алма.
Бесеуін де жеп қойсам,
Қалады онда неше алма?(0)
3.Табақта 4 өрік,
Қолымда екі өрік,
Қосқанда барлығын
Болады неше өрік?(6)

4.Көлден ұшты 7 қаз,
Қайтып қонды 2 қаз
Қонбады оның нешеуі?
Қане,кім тез шешеді?(5)
5.Алдында 3 балапан
Артында 3 балапан
Ақ тауық пен балапан,

Айтшы санын балақан.(8)


Енді жол жүріп келе жатса,алдында Ақ әже отыр екен.
Раушан әжеге амандасады.
-Амансыз ба әже !
-Амансың ба ,балам.
Жүзің неге солыңқы.
Неге ренжіп келесің?-деп сұрайды.

Раушан бауырын жоғалтып алғанын айтады.Әже оған "Үлкен адам таяққа сүйенбесе тұра сен менің сиқырлы таяғымды әперіп жіберші",-дейді.Раушан әжеге таяғын алып береді.


Әже:Рахмет,балам.Сен өзің тәрбиелі бала екенсің .Бірақ бауырыңды жалғыз қалдырып кеткенің жарамады.Асан жалғыз қалғанда мен ол қорқады ғой деп,Ғажайып аққуымды жіберіп алдырғанмын Сен бұлай жасама .

Қазір үйіңе бара ғой ,сен жеткенше Аққуым Асанды үйге апарады.

Ал балалар .Асанның үйіне аман -есен жетуі үшін біз 5-тапсырманы орындауымыз керек.

Үйге тапсырма : 29 бет 6 тапсырма.

12санының қосу кестесін жаттау .


Бағалау :


8





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал