7


  • Учителю
  • Сыйласаң сыйлы боларсың тақырыбы бойынша өзін - өзі танудан сабақ жоспары

Сыйласаң сыйлы боларсың тақырыбы бойынша өзін - өзі танудан сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары

Тақырып: Сыйласаң сыйлы боларсың

Сынып: 1

Мерзімі:

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: өзара сыйластық, сүйіспеншілік, достық

Оқушы саны:

Мұғалім: Шегенова Р.Ж.



Сабақтың міндеттері:

- Дос, туыс, жақын адамдар арасындағы өзара сыйластық туралы түсініктерін кеңейту.

- Дос, туыс, жақын адамдарына деген сүйіспеншілігін арттыру;

- Достық, туыстық, сыйластық қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелеу

Ресурстар:

классикалық музыка,

дәйексөз,

әннің мәтіні, жазбасы,

жауаптар жазылған күн шуақтар

2

Тыныштық сәті

«Су түбіне саяхат»



3

Мәтін «Сыйласаң - сыйлы боларсың»

Әсем - үздік оқушы. Тәртібі де жақсы. Өлең-жырды көп оқиды. Сондықтан да оған демалыс орнына жолдама берді. Анасы Әсемнің киім-кешегін дайындап, әрі қуанып, әрі «бұрын алыс жолға шықпаған еді» деп уайымдап жүр.

- Алыс жолға жүрейін деп отырсың, ауылдағы үлкендерге сәлем беріп,амандасып қайт, - деді апасы Әсемге

Әсем дос қызымен Бәтен, Патша апаларға, Бақтыгерей, Сәбит аталарға барып сәлемдесті.

- Ертең Бурабайға барғалы жатыр едім. Сіздермен қоштасуға келдім, - деді сәл ұяла сөйлеп.

- Сапарың оң болсын!

- Аман жүр, қарағым! Өркенің өссін! - деп, үлкендер риза болып, бата-алғыстарын айтып, үйлерінен дәм татқызды. Бұл - үлкенді сыйлай білудің белгісі. Сыйласаң - сыйлы боласың.

Сұрақтар:

  • Әңгіме не туралы

  • «Сыйласаң - сыйлы боласың» дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Сендер бұл салт туралы білдіңдер ме? Өздерің алыс жолға шығарда не істейсіңдер?

  • Әсемнің бойында қандай қасиеттер көрінеді?





4

Дәйексөз

Тақтаға жазылған дәйексөзді оқушыларға бірнеше рет қайталату: «Өзіңді сыйласаң - сыйымды боларсың»

  • Осы сөзді растайық...

  • Әсемнің үлкендерді сыйлап, әдейі амандасуға келгенін түсінген олар да сый көрсетті. Сыйласаң - сыйлы боларсың деген осы. Өзін сыйлай білетін адам өзге адамдарды ренжітпейді, олардың көңілдеріне қарайды, сыйлайды, түсінуге тырысады. Ондай адамдар барлық адамдармен тез тіл табыса алады. Сондықтан да өзіңді сыйласаң сыйымды боларсың деген сөз қалған.





5

1.Шығармашылық жұмыс

Оқушыларға төмендегі сұрақтарға жауап беру арқылы шағын шығарма тапсырылады.

1. Сыйластық деегеніміз не?

2. Қандай адамды сыйлы деп атаймыз?

3. Сені сыйлаған кезде нені сезінесің?

4. Сені сыйламаған кезде нені сезінесің?

2. Ойын-жаттығу

Балаларға өз үйлеріндегі жақын туыс адамдар бірін-бірі қалай сыйлайды деген сұрақ қойылады. Алдын ала күтілетін жауаптар жазылған күн шуақтарын сары түсті дөңгелекті айналдыра іліп тұрады.



6

Үй тапсырмасы

Ребустың шешімін тауып, бос тор көздерді толтыру.





7

Тыныштық сәті



8

Топпен ән айту «Бала тілегі»













 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал