- Учителю
- Конспект урока по математике 4 класс на тему Көп таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту
Конспект урока по математике 4 класс на тему Көп таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту
Қостанай облысы
Қостанай ауданы
«Семенов орта мектебі» ММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Серкенова Күләйхан Амантайқызы
4 сынып
Математика
Тақырыбы: Көп таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту.
Мақсаттары:
-
Көп таңбалы санды бір таңбалы санға көбейтуге жаттықтыру.
-
Оқушылардың ой- өрісін, ойлау қабілетін, математикалық тілін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
-
Мақсатына жетуге ұмтылдыру, ұқыптылыққа, тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, өздігінен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: монеталар, қима қағаздар, қалалардың аттары, ақша қағаздар, «білім банкі», «касса» жазулары.
Сабақ түрі: «Капитал » ойыны
Сабақ барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі
-
Сабақтың мақсатын айту.
Бүгін көп таңбалы сандарды бір таңбалы сандарға көбейтуді үйренеміз. Сабақ кезінде «капитал» ойынын ойнаймыз.
-
Банк деген не?
-
Қор жинау деген не?
Біз бүгін «Білім банкіне» қор жинаймыз. Мен - Банк президентімін. Сендерге жинақтық қорын ашуды ұсынамын. Ең кіші салым - 4 монета. Әрбіреуіңе 6 монета берілген. Дұрыс жауап үшін Банктың кассасына барып монета саласыңдар.
1 тапсырма. Ауызша санау
Әрбір торкөз 4 апельсин деп санасаңдар, әрбір себетте неше апельсин бар?
8 6 9 12
16 32 24 36 48
Әрбір торкөз 3 кг алма деп санасаңдар, әрбір себетте неше кг алма бар?
8 6 10 7
12 24 18 30 21
3 оқушы бірінші болып тапсырған кредит алады. Кредитқа 2 монета беріледі.
2 тапсырма. Банк жүйесі деген ұғым бар. Банк жүйесі дегеніміз- ол қаланың әр ауданында не болмаса басқа қалаларда осындай банктер жұмыс істейді дегені. Білім банкі қандай қалаларда бар екенін анықтайық. Дәптерлеріңе бағанмен мысалдар шығарасындар.
1. 203*6 9. 2003*6 15. 200003*6
2. 2008*6 10. 22005*3 16. 10507*5
3. 7006*6 11. 42073*4 17. 1131*5
4. 4308+249 12. 4805+2609 18. 1264+168
5. 908*2 13. 2804 * 2 19. 2023*2
6. 304*8 14. 3707*2 20.4065+2019
7. 13242*2
8. 31202*3
Қатармен жұмыс.
Жауаптары: 9. 12018-Р 15. 1200018 - А
1. 1218 -Қ 10. 66015 -У 16. 52535 -С
2. 12048-О 11. 168292 -Д 17. 5655 - Т
3. 42036-С 12. 7414 -Н 18. 1432 -А
4. 4557-Т 13. 5608 -Ы 19. 4046 - Н
5. 1816 -А 14. 7414. - Й 20. 6084 - А
6. 2432 -Н
7. 26484-А
8. 93606-Й
3 қала: ҚОСТАНАЙ, РУДНЫЙ, АСТАНА.
3 тапсырма
Білім банкі «Үлгілі депозит» ашуға болады деп жариялайды. Онда үш саты бар.
1 саты- жай есеп
5 көйлек тігу үшін 15 м мата қажет болды. 60 м матадан осындай қанша көйлек тігуге болады?
15:5= 3 м 60:3 = 20 (к) Ж: 20 көйлек.
2 саты- орташа есеп
Бірдей 3 жүк вагонымен 144т картоп тасуға болады.240 т картопты тасу үшін осындай қанша вагон қажет болады? 480 т картопты тасу үшін ше?
144:3 = 48 т 240: 48 = 5(в) 480: 48 = 10(в) Ж: 5 вагон, 10 вагон.
3 саты- күрделі есеп.
Шаруа қожалығы 1128 т бидай, одан 250 т кем қара бидай және бидайдан 8 есе кем арпа сатты. Шаруа қожалығы барлығы қанша астық сатты?
1128-250 = 878 1128: 8 = 141 1128+878+141= 2147 Ж: 2147 т .
Осыған байланысты әркім өз мүмкіндігіне қарай есеп алады.
Тақтада шығарылады.
4 тапсырма.
Білім банкі оқу курсын ашып жатыр. Мұнда «Банк менеджері», «Озат тұтынушы» деген лауазым беріледі.
Ол үшін күрделі теңдеу шешуі керек.
305*3-х = 809 10 007*2-в = 10 000
10 000 -а = 4008*2 945 783-30 009: х = 945 780
5 тапсырма. «Сыйлық» депозиті.
Салыстыру - №6
6 тапсырма - «Озат» депозиті.
№ 7
Қорытынды: Кассадағы монеталар саналады. Бағаланады.