- Учителю
- 'Бесік жыры'
'Бесік жыры'
Тақырыбы: Киіктің айласы. Әуелбек Қоңыратбаев
Мақсаты: Мәтінді түсініп оқуға, мәтіннің негізгі ойын табуға үйрету; тілін , дұрыс сөйлеу қабілетін, ой өрісін дамыту; ақылдылыққа, ойланып іс-әрекет істеуге тәрбиелеу; адамгершілікке баулу.
Сабақтың түрі : аралас. Көрнекілігі: оқулық, сурет.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару. «Балалар,сендер сабаққа зейін қойыңдар. Іштеріңнен: «Мен жақсы адаммын, мен әйбәтпін!» деп бірнеше рет қайталаңдар. Бір- біріңе қарап, жымиыңдар.»
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Бала Мұхтар киімін қалай ұстайтын? Анасы қандай ескерту айтатын? Мұғалім класс алдында Мұхтар жайлы не деді? Үйіне қайтқанда ол қандай оқиға куәсі болды. Ол не істеді? Неге Мұхтар қуанды? Балалардың әрекеті дұрыс па? Мұхтар неге ұялды? Апасы не деді? Мұхтарға апасының несі ұнады?
ІІІ. Өткенді пысықтау: Мұхтардың іс-әрекетіне баға бер. Қайырымдылық деген не? Қайырымдылыққа тағы не жатады?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі. 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Балалар кім біледі киіктің баласын қалай атайды? Киікті қай жерден көрдің?
Ү. Жаңа сабақ. Кітаппен жұмыс. Мәтінді түсініп оқу.Әр жабайы аң мен жануарлар жауларынан қалай сақтанады екен? Киіктер лақтарымен суатқа келгенде, оларды нелер күтіп тұрған? Сонда ақсақ теке қандай айла ойлап тапты? Шынында да теке ақсақ па екен? Неге олай істеді деп ойлайсың? (Үйірін, қатаймаған лақтарын аман сақтау үшін өтірік ақсап, айла етті. Қасқырларды басқа жаққа адастырып әкетті.) Ақбөкен қандай жануар екен? Ол туралы не білесің?
ҮІ. Білімдерін тексеру: Аң мен жануарлардың жауларынан сақтанатын қару-құралын, айла- тәсілін ата. (қасқырдың қаруы- тіс, қабанның қаруы-азу, Ақбөкен-аяғымен.) «Таяқ сілтем жер» тіркесіндегі «таяқ сілтем» сөзін басқаша айтып көр. (жақын, алыс емес,...) «Діңкесі құрыған» тіркесінің мағыналас қатарын тап. (шаршаған, әлсіреген,талған, ...)
ҮІІ Қорыту. Бүгін қандай тақырып өттік? Әңгіме нелер жайлы екен? Ақсақ киіктің ақылдылығын көрсететін тұсты тағы бір оқып шық. Суретпен жұмыс. Суретке зер сал. Мәтінге сүйеніп, сурет бойынша әңгіме құр.
ҮІІІ Үйден: 1. Оқу, әңгімелеу; Табиғаттағы аң-құстардың тіршілігі туралы әңгімеле.