7


  • Учителю
  • Методическая разработка урока казахского языка начальной школы Мой Казахстан

Методическая разработка урока казахского языка начальной школы Мой Казахстан

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

КММ Убинка жалпы білім беру орта мектебі

Шемонаиха ауданы

Шығыс Қазақстан облысы













«Менің Отаным - ҚАЗАҚСТАН»



(Тәуелсіз Қазақстанның 25 жылдығына орай

4 сыныпта өткізілген қазақ тілінен ашық сабақ жоспары)





























Екінші санатты қазақ тілі мұғалімі:

Тугумбаева Меруерт Салихқызы





























2016 оқу жылы



6 желтоқсан



Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным - ҚАЗАҚСТАН

Сабақтың мақсаттары:Білімділік.Оқушылардың сұрақты саналы түрде түсініп, толық жауап беруін талап ету. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін меңгерту, өткен сөздерді пайдалана отырып, сөйлем құра алуға дағдыландыру.

Дамытушылық. Ауызекі сөйлеу тілін дамыту; лексикалық тақырып бойынша сөйлей алу дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік. Туған өлкесіне деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ояту.

Сабақтың типі: дәстүрлі емес сабақ

Сабақтың түрі: пысықтау сабақ

Пән аралық байланыс: тарих.

Сабақтың әдістері:Мәнерлеп оқу, сұрақ - жауап, аудару, даталарды түсіндіру, ойын, жаттау, жазу.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, слайд, кесте.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Амандасу

  2. Кезекшімен сұхбаттасу

  3. Фонетикалық жаттығу. Дыбыстарды әндетіп айту.

Сабақтың ұраны:

«Отан - жерім, Отан - суым,

Отан - қуат, нәр береді.

Отан - ұран, Отан - туым,

Отан мәңгі гүлденеді»



ІІ Пысықтау кезеңі: (Слайд)

  1. Даталарды түсіндір! 1996

2006

20 жыл

1920 - 1925

1925 - 1929

1929 - 1997

1998

2.Сұрақ - жауап(слайд):



1. Қазақстан қандай мемлекет?

  1. Қазақстан Республикасының Президенті кім?

  2. Қазақстан Республикасының бас қаласы қандай?

  3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қандай?

  4. Қазақстан Республикасының рәміздері.

  5. Қазақстан Республикасының Туы мен Елтаңбасының түсі қандай?

  6. Мемлекеттік Туда не бейнеленген?

  7. Мемлекеттік Елтаңбаның ортасында не бейнеленген?

  8. Мемлекеттік Гимннің авторлары кімдер?

  9. Мемлекеттік Гимннің әнін кім жазды?

  10. Қазақстанның неше астанасы болды?

  11. Тәуелсіздік күні қашан тойланады?



3. Кестемен жұмыс (слайд): Төмендегі сөздердің қайсысы Республикамыздың қай рәмізіне сәйкес келеді? Кестені толтыр.

көк, шаңырақ, алтын, дән, төртбұрыш, пырақ, ерлік, қыран, жұлдыз, күн, елім, тәуелсіз.



  1. Жазбаша жұмыс (слайд):Сөйлемдерді дұрыс құра.

  1. әдемі, көп, Қазақстанда, қалалар, үлкен, және.

  2. жағасында, Өскемен қаласы, орналасқан, Ертіс өзенінің.

  3. 25 жылын, тойлаймыз, біз, Тәуелсіздіктің.

  4. Сергіту сәті:

Мынау - менің тауым,

Мынау - менің көлім,

Мынау - менің елім,

Туып өскен жерім!



5. Тіл дамыту кезеңі (слайд): Бұл қай қала? Әңгімеле (Өскемен, Астана, Алматы) слайд

6. Мәнерлеп оқу: «Отан» тақырыбына өлеңдер

7. «Хронолет» ойыны.

ІІІ Қорытынды: Отан деген не? Өз ойыңды дәлелде.

ІV Үйге тапсырма: Астана - бас қала (4 сөйлем

























 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал