- Учителю
- ТАУЛЫ ЖЕР ӨСІМДІКТЕРІ МЕН ЖАНУАРЛАРЫ
ТАУЛЫ ЖЕР ӨСІМДІКТЕРІ МЕН ЖАНУАРЛАРЫ
Шығыс Қазақстан облысы
Катонқарағай ауданы
«Берел орта мектебі»КММ
Китапбаева Асель Малькешовна
Бастауыш сынып мұғалімі
Психологиялық ахуал
Топқа бөліну.
Бір-біріне жақсы тілектер айтқызу.
Берілген суреттер бойынша топтарға бөліну.
Көңіл-күйлері көтеріледі, жақсы қарым-қатынас қалыптасады.
Топтарға бөлінеді, топ басшысын белгілейді.
Үй тапсырмасын тексеру
Сұрақ-жауап әдісі бойынша мазмұнын сұрау.
Семантикалық карта толтыру.
Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
Су қоймасы өсімдіктері мен жануарларын семантикалық картаға түсіреді.
Мағынаны тану
«Қызық хат»тапсырмалары.Қызыл, жасыл,сары түсті хаттарға мәтінді бөліктерге бөліп салу.
«Топпен ойлан,бөліс» әдісі арқылы таңдаған түстері бойынша топпен отырып,бөлімдерді түсініп,топта талдайды.Түсінгендерін сынып алдында қорғайды.
Сергіту сәті
Музыка ырғағымен қимылдар жасату.
Оқушылар бір сергіп қалады.
Ой толғаныс
Тапсырмалар беру.
1топ: Өз тұрған жеріңді сипаттау
2топ: Өз жеріңде өсетін өсімдіктер мен жануарлар туралы жаз.
Оқушылар өз ойларын дәптерге жазады.Топтар өзара тексеріп, бірін-бірі толықтырады.
Топпен жұмыс
Картамен жұмыс
1топ:Картадан Қазақстанның тауларын көрсету.
2топ: Аталған тауларда қандай өсімдіктер өседі, қандай жануарлар мекендейтінін айтады
Топпен жұмыс
1топ: Су қоймасы өсімдіктері мен жануарлары мен таулы жер өсімдіктері мен жануарларын салыстыру кестесін толтыру.
2топ: Өз өлкемнің өсімдіктері мен жануарларының пайдасы туралы шағын эссе жазулары керек.Ұқсастығы
Айырмашылығы
Су қоймасы(өсімдік,жануар)
Таулы жер(өсімдік,жануар)
1топ-кестені толтырады.
2топ-эссе жазады.
Жеке оқушымен жұмыс
Үлестірмелер тарату.
Жекелеген оқушыларға тапсырмалар беру.
Дарынды оқушымен жұмыс. Таулы жер өсімдігінің немесе жануарының суретін салу.
Оқушылар жекелей берілген сұрақтарға жауап береді.
Топтағы дарынды оқушы сурет салып,қорғайды.
Топпен жұмыс
Постер қорғайды.
1топ:
1.Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында Қазақстанды ненің символы ретінде алды?
-Ол аңның қандай өзіндік ерекшелігі бар?
2.Өзің тұратын жерде қандай тау бар?
2-топ:
1.Қазақстан жалауында қандай құс бейнеленген?
-Ол ненің нышаны?
2.Таудың қандай пайдасы бар?
Оқушылар берілген сұрақтар бойынша постер қорғайды.
Рефлексия
«Тілек ағашына» бүгінгі сабақтан алған әсерлері туралы стикерге жазып,жапсыру.
Стикерлерге өз әсерлерін жазып,жапсырады.
Бағалау
Ұпай санына қарай бағалау
Топ жетекшілері топ мүшелерін бағалайды.
Үйге тапсырма
Мәтінді түсініп оқу.Энциклопедиядан қосымша мәлімет әкелу.