7


Тілдің мерейі - елдің мерейі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, №30 орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Кенжегалиева Алтынай Руслановна



Тәрбие сағатының тақырыбы: «Тілдің мерейі - елдің мерейі»

Мақсаты: оқушыларды ана тілін сүюге, ардақтауға, қадірлеуге және тілдің қоғам өміріндегі маңызын түсінуге шақыру.

Көрнекілігі: ашық тәрбие сағатының тақырыбы, тіл туралы өлең шумақтар, нақыл сөздер, слайд, шарлар.



Барысы

Мұғалім: Қайырлы күн қадірменді ұстаздар, оқушылар, тіл жанашырлары!

Тіл мәселесі - ежелден қашан да өткір, өзекті мәселе. Халқымыздың өз ұрпағын өз тілінде сөйлетудің өзі арман болғанын көріп, өз келешегін өзі шындап уайымдай бастады.

Тілді елдік ұранға айналдыра келген ерекше ғасыр сол мәселені қайтадан күн тәртібіне қойып, 22 қыркүйекті - Қазақстан халықтарының Тілдері мерекесі деп жарияланды. Тарих бетіне қалдырды. Ендігі жерде тілімізді сақтап қалудағы жеңісіміз, еліміз бен елдігімізді, жерімізді сақтап қалудағы жеңісімізбен жалғасты. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алғаннан бастап, осы бір атаулы - Қазақстан Республикасы халықтарының Тілдері күнін жыл сайын мерекелеу назардан тыс қалған емес.

Осынау 22қыркүйек - Қазақстан халықтарының Тілдері күні мерекесіне орай ұйымдастырылған тәрбие сағаты ашық деп жариялаймыз.



1 - оқушы: Әлібекова Аруна

Тілім - арым, ол менің мақтанышым,

Ризамын жүрекке от жаққаны үшін.

Тіл - адамның қаруы, қазынасы.

Туғанбыз соны баста сақтау үшін.

Тілің барда сен барсың, жоғалмайсың,

Өз тіліңсіз бәрібір оңалмайсың.

Көп тілді біл, сүй бірақ өз тіліңді,

Өз тіліңсіз бақытты бола алмайсың.



2 - оқушы: Хамитов Адильжан

Язык твой как родная мать,

Которую не унижать нельза, не оскорблять.

Его ты должен, друг, благодарить,

За то, что правильно умеешь говорить



3 - оқушы: Хисмет Алтын

Әр сөзінен қазынаны табатын,

Менің тілім - бұлақ сынды таза тым.

Ұлылар мен шешендерім сөзінен,

Асырып кім сөз қалдырды жазатын?!

Ұлылықты ұлы тілім танытты,

Ұлы тілім ұлықтайды халықты.

Халық егер өз тілінен адасса,

Өсер елдің тірлігі емес парықты.



Мұғалім: Тіл адамды жақсы да, жағымсыз да көрсетеді. Тіл адамды өсіреді де, өшіреді де. Сол себепті тіліміздің маңыздылығын түсіндіру үшін қызығушылығын арттыру мақсатында 3 «ж» сыныбының дайындаған көрінісін тамашалаңыздар.

Көрініс: «Патшалықтың сыны»

Бір елдің патшасы өзінің үш ұлын сынамақ болып үйлеріне қонаққа барады.

Патша:

Мен барып үш ұлымды сынап көрейін.

Әкесі 1 - ші ұлына қонаққа келеді. Тамақ салынып, ет асылады.

Әкесі: - Қарағым, ана етіңнен жақсы жерінен бір кесіп берші?

- Әрине, санның еті дәмді.

-Енді жаман жерінен кесіп берші, - деді

- Тіс өтпейтін сіңір ғой.

Әкесі 2 - ші ұлынан да осындай сый - сыяпат көреді.

Содан соң 3 - ші ұлына келгенде де:

- Балам еттің жақсы жерінен берші, - дейді. Тіл береді.

- Енді жаман жерінен берші, - дейді. Тағы да тілден кесіп береді.

Әкесі:

- Мұның қалай балам, жақсы жерінен десем де, жаман жерінен десем де тіл кесіп бердің?

Баласы:

- Ой, әке - ай, жақсы да, жаман да ұрыс - керіс, өсек те осы тілден шығады.

- Екі елі ауызға төрт елі қақпақ дегендей, әр адам өз тіліне сақ болса, еш уақытта ұрыс - керіс болмас еді. «Басқа пәле - тілден».

Әкесі:

- Дұрыс екен, балам. Бүгін көп нәрсені ұққандаймын. Енді қайтайын. Айтарым ақылыңнан ажырама! - деген екен.



Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар! Енді тақтаға қарап тапсырмаларды орындайық!

(Мақал - мәтелді жалғастыр)

Тілдің мерейі - елдің мерейі

«Топтастыру»

Тілдің мерейі - елдің мерейі

«Сөзжұмбақ»

Тілдің мерейі - елдің мерейі



  1. Қазақстан Республикасының астанасы? (Астана)

  2. Қазақстан Республикасының мемлекеттің рәміздерінің бірі? (Әнұран)

  3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі? (Қазақ)

  4. Біздің Отанымызды қалай аялап атаймыз? (Атамекен)

  5. Кітаптан біз не үйренеміз? (Білім)

  6. Біз қай қалада тұрамыз? (Орал)

  7. Мектептің жүрегі кім? (Мұғалімі)



Мұғалім: Өз тіліңді жетік біліп, оны дамыта алсаң, сондай - ақ басқа елге барғанда туған тіліңде сөйлесең олар сондай халық бар екенін біледі. Демек халқыңды басқа ұлттарға танытасың, халқыңды өсіресің. Бүгінгі ұрпақ - ертеңгі күннің иелері тіл туралы ой толғайды.

(Поэзия минуты)

4-оқушы: Ибатуллиева Балауса

Ана тілі - асыл күні бабамның,

Қуатымның ақ сүтіндей анамның.

Сәби шақтан бесігімді жыр тыңдап,

Туған тілді жаттап өскен балаңмын.



5-оқушы: Қыдырбай Жарқын

Тілің - бағың бастағы,

Тиістісің білуге.

Тарихың да тастағы,

Ата - бабаң тілінде.



6-оқушы: Байжумиева Аяулым

Табысқан соң дүние фәнименен,

Тал бесікте жатқанда сәби денем.

Ана тілі бойыма сіңдің шым - шым

Даусыменен анамды әлдилеген.



7-оқушы: Рамазан Алина

Тілім менің тірегім, дінім менің,

Тілсіз қандай болады күнім менің.

Өз халқыма жетеді өз мәнінде,

Өз тілімде оқылса жырым менің.



8 - оқушы: Құралбек Мақпал

Туған тілсіз тәңірім жоқ табынар,

Туған тілсіз тірлік құрсын, наныңдар!

Туған тілде намысым мен арым дар,

Туған тілсіз тірлік құрсын, наныңдар!

Туғанда да, қонғанда да, ұшқанда,

Өз тілінде қиқулайды құстар да,

Өз тілінде кісінейді құлыншақ...

Деген кім бар: өз тіліңді ұстанба?



9 - оқушы: Нұрболат Мансұр

Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде мың - мың ыстық қаным бар.

Туған тілде әнім менен сәнім бар!

Туған тілім - жүрек үнім, наныңдар,

Нанбасаңдар,

Жүрегімді суырып - ақ алыңдар!



10-оқушы: Каденов Дәурен

Жаяйыншы, Жаратқан сырымды алға,

Бәрін алсаң өзің біл тілімді алма.

Тілім барда елім бар еркелеткен

Мен де бармын санатта тілім барда!



11-оқушы: Салауат Сұңғат

Сенің әрбір тынысыңмен тілдесем,

Сен арқылы тіршілікпен тілдесем,

Ел бетіне қалай түзу қараймын,

Ана тілім егер сені білмесем.



12-оқушы: Кабдрахманова Жанару

Туған тілім табындырған талайды,

Ел ертеңі саған ғана қарайды.

Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда,

Ана тілім әрқашанда арайлы.



13-оқушы: Тлеп Болатжан

Ана тілі көңіліңе гүл егер,

Ана тілді ғұмырым деп біле бер.

Өзге тілде сөйлей білу бір өнер,

Ана тілде таза сөйлеу шын өнер.



14 - оқушы: Амангелді Мейрамбек

Сан ғасырдан сақталған асыл мұрам,

Сені қалай басқаға басындырам?!

«Тәуелсіз ел болғанда, бағың жанар»,-

Деп ойлап ем бәрінен басым тұрам.



15-оқушы: Талапқали Дильназ

Ана тілім - ардағым, жырымбысың,

Аспандағы ай менен күнімбісің?!

Бар сынаққа төзер ем өмірдегі,

Анам және аяулы тілім үшін.



15-оқушы: Дәулеткерей Жарас

Қалды артта қиямет азапты күн,

Қазақстан - Отаным азат бүгін.

Қасиетті тілімнен мың айналам,

Сақтап келген қазақтың қазақтығың.



Мұғалім: Біздің мемлекеттік тіліміз-қазақ тілі. Қазақ тілі әлемдегі тілдер арасынан көркемдігі мен бейнелігі,тазалығы мен сөздік құрамының молдығы жөнінен ойып орын алған тілдердің бірі. Қазақ тілі қазақ халқының тілі ретінде таным,дәстүр,рухани құндылықтарды сақтаушы,ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші қызметін де атқарып келеді.Кез келген ұлт,халық ең бірінші рухани өресімен,жан байлығымен өлшенеді.Ал халықтың өнері мәдениеті-тілінде. Біздің мақсатымыз-ата баба аманат еткен тілді қадірлей білу көркемдігі мен байлығын сақтап келесі ұрпаққа жеткізу.



Ән: «Болашағы елімнің!» Кабдрахманова Жанару



Оқушылар:

Туған тілім - халқым тілі - өз тілім!

Туған тілім - бабам тілі - өз тілім!

Туған тілім - анам тілі - өз тілім!

Туған тілім - далам тілі - өз тілім!

Туған тілім - адам тілі - өз тілім!





Хор:

Ана тілің - ертегің,

Ана тілің - өркенің,

Ана тілің - ертеңің.

Қадірле ана тіліңді -

Жүрегіңнің бөлшегін!



Мұғалім: «Тілдің мерейі - елдің мерейі» атты ашық тәрбие сағатымызды аяқтай келе әрқашан тілімізді бірінші орынға қойып жүрейік дегім келеді. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп - көп рахмет!



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал