7


  • Учителю
  • План по еңбек 'Өсімдіктерден аппликациялар жасау'

План по еңбек 'Өсімдіктерден аппликациялар жасау'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Еңбекке баулу

Кабинет:123

Уақыты:

Мұғалім:Садвакасова Н.Ж

Сабақтың тақырыбы

Өсімдіктерден аппликациялар жасау «Көжек» .


Сабақтың жалпы мақсаты

1. Табиғи материалдан әр түрлі бейне, бұйымдар жасауға болатынын үйрету. Күз мезгіліндегі өзгерістер, қоян туралы түсінік беру.
2. Оқушылардың табиғатқа ұқсату қабілеттерін байқау, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Шығармашылыққа баулу.
3. Жұмыс орындарын таза ұстауға, табиғи заттарды үнемдеуге, әдемілеп таза жапсыруға, икемділікке, ептілікке машықтандыру.
Көрнекілігі: жапырақ суреті, қоян бейнесі

Әдіс-тәсілдер

Сұрқ- жауап , түсіндіру .


Көрнекіліктер

Құрал - жабдық: теледидар, видео, қатты картон, желім, қарындаштар


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Жұмбақ шешу.
Тақырыптың атын мына жұмбақ арқылы табайық.
Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы қырлы жерлермен
Ытқып, ытқып жүгірді
Қарап еді артына
Қиығын сап көзінің
Келе жатқан томпаңдап
...... екен өзінің
- Жақсы. Сонымен бүгінгі ертегіміз «Көжек» деп аталады.

Топқа бөлу

Оқушыларды карточка мен сурет салу арқылы топқа бөлу .

Үй тапсырмасын сұрау

Оқушылар сұрақтарға жауап береді , «табиғат» жайында салған суреттерін текеру .

Қызығушылықты ояту


Қағазбен жұмыс

Жаңа материалмен жұмыс.

Мұғалімнің түсіндірмесі:

Еңбек туралы мақал - мәтел айту.
Теледидарға назар аударайық
Мультфильм көру.
Мультфильм кейіпкерлерін атау.
Қоян, қасқыр
- Басты кейіпкер?
Қоян
Ой қозғау: Қоян
Олай болса біз бүгін осы қоянның көжегін жапырақтан бейнелейміз. Біз жаңа жапырақ тірі табиғат екенін, түсі жасыл, күзде сарғаятынын айттық. Ағаштар әр түрлі болады. Соған сай жапырақтары да әр түрлі болады. ( суреттерін көрсету)
Өткен сабақта жапырақты қалай кептіру туралы өткен болатынбыз. Енді сол жапырақтан көжек жасаймыз.

Топтық жұмыс:
І топ: Көздеріңе елестете отырып, өздерің қалаған заттың бейнесін жасайсыңдар
ІІ топ көжек жасау
Көжектің бөліктерін атау: - басы, денесі, құлағы, қолы, аяғы, құйрығы. 8 жапырақ алу. Санату
Көжектің 2 құлағы, 2 аяғы, 2 қолы тепе - тең, яғни симметриялы.
Қауіпсіздік ережесін еске түсіру.
Практикалық жұмыс: (бірге көжек бейнесін жасау)
ІІ топпен жұмыс
1. Фон таңдау
2. Неше жапырақ керек екенін анықтау
3. Фон бетіне салып орналастырамыз, көжекке ұқсай ма?
Жапырақ орнын белгілеп аламыз
4. Әр бөлшекті өз орнына желімдейміз
5. Аппликацияны таза қағазбен жабамыз
6. Кепкенше бастырып қоямыз

ІІ. І топтың жұмысын тексеру.: Ұзын құлақ сұр қоян.
Көрме ұйымдастыру:
Шығармашылық тапсырма:
Қоян ----------------------------------- жапырақ
Жүреді -------------------------------- жарық керек
Өседі ---------------------------------- өседі
Ауа керек ---------------------------- тірі табиғат
Көбейеді ----------------------------- ауа керек
Сәбіз жейді -------------------------- қурайды
Тірі табиғат
Жапырақтың пайдасы
Ендеше осы бүгінгі ертегіміздің мазмұнын болжап көрейік.
Не туралы деп ойлайсыңдар?
- Жақсы. Енді мына мақалға назар аударыңдар.
«Туған жердей жер болмас,
Туған жердей ел болмас» .
- Кәне , кім мағынасын ашып береді.
- Осы айтқан ойымызды мәтін мазмұнымен салыстырайық. Кітабымызды ашып , тізбектей оқимыз.
- Балалар, әр сөйлемді оқыған кезде мағынасы таныс емес сөздердің астын сызып отырасыңдар.
- Жақсы. Алдымен таныс емес, мағынасы түсініксіз сөздерді талдайық.
Пұштиған - бұл кішкентай деген мағынаны береді.
Бір шыбын жанды - қорыққан деген мағына.
- Енді ертегідегі кейіпкерлерді алайық.
Осыдан соң әр топқа сұрақтар беріледі.
1 - топ: Ертегіден қандай ой түйдің? Бізді неге үйретеді?
2 - топ: Осы ертегідегі туған жерге деген сүйіспеншілікті неден көруге болады?
3 - топ: Шаруаның ісіне қандай баға беруге болады? Ол дұрыс істеді ме?
- Табиғаттың басты талабы не?
- Күз бейнесі есімізде қалай сақталады?
Оқушылардың жауаптарын тыңдау .

Ой толғаныс

Енді өздерің іштей бір оқып шығыңдар.
- Осы ертегіден көжектің қатты қорыққан жерін қандай сөздермен берген?
- Шаруа көжектің анасының істеген ісін дұрыс еместігін қандай сөзден көруге болады?
- Сонымен бұл ертегіден түйгенімізді бір - бір сөйлеммен қорытындылайық.

Үйге тапсырма беру.

Туған жер туралы мақал - мәтел жаттау. Осы ертегідегі көжектің суретін салып келу.

Бағалау

Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалап , баға қою.

Кері байланыс

Оқушылар бір-біріне деген тілектерін стикерге жазып, мәуе ағашына жапсырады. Плакат стикер .





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал