- Учителю
- Қазақстан қорықтары (Даярлық топ)
Қазақстан қорықтары (Даярлық топ)
Пәннің аты: Қоршаған орта |
Уақыты:11.05.16 |
Кабинет |
Мұғалім: Сармолдаева М | |||
Сабақтың атауы |
Қазақстан қорықтары. | |||||
Мақсаты |
Қазақстан қорықтары және оның маңызы, орналасқан жері туралы балаларға түсінік беру. Қорықтарда атқарылатын жұмыс түрлері, қамқорлыққа алынған жануарлар мен құстар жөнінде әңгімелеу. Табиғатты аялауға баулу. | |||||
Әдіс тәсіл: |
көрсету,түсінік беру,ойын,сұрақ-жауап | |||||
Психологиялық ахуал |
Қуаныш шеңберін ұйымдастыру.Әдемі гүлді балалар бір-біріне күлімдеп беріп, жақсы тілектерін айтып, жылы сезімдерін білдіру. |
Оқушылар шеңберде жиналып, мұғаліммен бірге жаттығу жасайды. | ||||
Қызығушылығын ояту
|
|
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтарын оянып,ерекше ынтамен кіріседі | ||||
Мағынаны тану
|
Қорықтың не үшін қажет екенін түсіндіру. Сирек кездесетін хайуанаттар мен өсімдік түрлерін сақтап қалу үшін арнайы ұйымдастырылған орын - қорық деп аталады. Жануарлар мен құстардың суреттерін пайдалана отырып, олардың қорықтағы тіршілігі жөнінде әңгімелеу. Азайып бара жатқан аңдарды, құстарды қорғау, ақтау үшін ол жерде, ғалымдар зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Қорықтар әрбір табиғи аймақтардың өзіне тән ерешеліктерін жан-жақты көрсете алатын барлық табиғат байлықтарын қорғауға алған алқаптарды қамтиды. Қазақстанда осындай қорықтардың көптеген түрі бар олар: Ақсу - Жабағылы, Наурызым, Алматы, Барсакелмес, Қорғалжын, Марқакөл, Үстірт және т.б. қорықтар. «Қаскер» сөзіне сөздік жұмысын жүргізу. Қаскер - жануарларды рұқсатсыз қырып - жоятын адам. Берілген суреттер бойынша балалар аң-құстардың түрлерін атап береді. Әліппе-дәптердегі тапсырмаларды орындату. | |||||
Сергіту сәті |
Тербеледі ағаштар, Алдымнан жел еседі. Кіп-кішкене балалар, Үп-үлкен боп өседі. |
Балалар қимыл қозғалыспен жаттығуды қайталайды. | ||||
Ой толғаныс
|
а)Сен тұратын жерде қандай қорық бар, әңгімелеп бер. ә)Берілген сурет бойынша қорықта кездесетін аңдар мен құстардың, өсімдіктердің аттарын атау. | |||||
Үйге тапсырма |
Өткен әріптерден сөз жазып келу. |
| ||||
Бағалау |
Балаларды сабақта белсенділік танытқаны үшін мадақтау. |
| ||||
Кері байланыс |
|
| ||||
|
</<br> |
|