7


  • Учителю
  • Математика 4 сынып 'Білімді тиянақтау'

Математика 4 сынып 'Білімді тиянақтау'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Білімді тиянақтау.


Сабақтың мақсаты:

1.Оқушылардың өткен сабақта алған білімдерін пысықтау; 2. Математика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру; 3. Ұйымшылдық қабілетін дамыту, достық, бауырмалдық сезімдерін ояту.

Әдісі: КВН, сұрақ-жауап, есеп шығару.

Түрі: жарыс сабақ.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. Бүгін біздің 4 сынып оқушыларының арасында өтетін «Білімділер, ойшылдар және тапқырлар» атты білім сынағының куәгері болыңыздар. Оқушылар тапқырлығымен, іскерлігімен, білімділігімен, тиянақтылығымен көзге түсер деп ойлаймын.

Ойынға қатысушылар:

I топ. «Математик» II топ. «Тұлпар» III топ. «Озық ой» «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» дей отырып, сендерге сәттілік тілеп, ойнымызды бастайық.

Ойын 7 кезеңнен тұрады.

1.Бәйге 2.Ауызша есептеу 3.Көкпар 4.Есеп шығар 5.Ойлан тап 6.Білгенге маржан, білмеске арзан 7.Тесттік тапсырмалар

I Кезең: «Бәйге» (сұрақ-жауап арқылы) 1. Аудан дегеніміз не? 2. Ауданның неше өлшемі бар? 3. Ауданды қалай табамыз? 4. 1 дм неше см бар? (1 дм=10 см) 5. Периметрді қалай табамыз? 6. 1 дм2неше см2бар? (1дм2=100см2) 7. Қабырғаларды 8см және 10см тік төртбұрыштың ауданы қанша болады ?(80 см2)

II. кезең: «Ауызша есептеу»

810:90= 24:12= 7000:7= 2700:30= 7200:80= 450:5= 900:100= 4800:6= 36:3= 2000:2000=

III. Кезең «Көкпар» Жазулардың ішінен санды өрнекті жаз.(I және III топ) Жазулардың ішіненәріпше өрнекті теріп жаз. (II және IV топ) а+5; (45+25):5; х+7=21 23 х 4+9; в х 6; 72 : х =24:3 70-6 х10; 45 х 2+100; а:1000 х 4 848 х 3 - 8165; х-3; (34+10) х 2; х+9=17 32 х 2+7; с:9; 12: х+ 24:8 90-10 х 5; а х 1000:4; 60 х 4 +160 6347 х 2- 7013

IV. Кезең: « Есеп шығару» Оқушылар бұл кезеңде есепті өздеріне тиімді тәсілмен шығарады. Дүкенге әрқайсысында 9 кг-нан 10 жәшік шабдалы және осындай 8 жәшік жүзім әкелінді. Дүкенге барлығы неше кг жеміс әкелінді? Шабдалы 9 кг-10 ж? Жүзім 9 кг- 8ж? ш: 1- тәсіл 9 х (10+8)=9 х18=162( кг) 2-тәсіл 9х10=90(кг) 9 х 8=72(кг) 90+72=162(кг) 3-тәсіл 10+8=18(кг) 18 х 9=162(кг) Жауабы: барлығы 162 кг

V. Кезең «Ойлан тап!»(қызықты математикалық тапсырмалар) 1. Кеше Айнұрдың туған күні болды. Ертең бейсенбі болады.Айнұрдың туған күні аптаның қай күні болады? 2. Мараттың үйінде әкесі, шешесі және ағасы бар. Құсы және төрт алтын балығы бар. Осы үйдегі тұрғындардың аяғының саны қанша? 3.Сәуле дәптер алу үшін 10 тенге төлегенде, сатушы 3 тенге қайтарып берген. 1 дәптердің бағасы қанша?

VI. Кезең: «Білгенге маржан , білмеске арзан». Өрнек түрінде жаз және мәнін тап. 1) 3600-ді 200 және 20 сандарының бөліндісіне бөл 3600: (200 : 20)=3600:10=360 2) 240 пен 360-тың қосындысын 60-қа бөл (240 +360):60=600:60=10 3) 5 км 200м мен 4 км 500м-дің қосындысын 10 есеге кеміт (5 км 200м+4км 500м):10= 9км700м:10=900м 70см 4) 800-ді 10 және 8 сандардың көбейтіндісіне бөл 800:(10 х 8)=800:80=10

VII. Тестік сұрақ.

Тестік тапсырмалар

1.Екінші кластың 50 бірлігі мен бірінші кластың 50 бірлігінен тұратын санды көрсет:

а)5050 ә)50050 б)50500 в)500050

2.Ұшақ 8000м биіктікте ұшты. Осы биіктікті километрмен жазып көрсет:

а) 8км ә)80км б)88км в)800км

3.Мына санның цифрмен дұрыс жазылуын көрсет: үш жүз жиырма бес мың

а)300250 ә)30025 б)300205 в)325000

4.Қай қосындылары көбейтумен алмастыруға болатынын белгіле а) 17+27+37 ә)1+11+111 б)12+12+12 в)7+8+9

5.Қате шығарылған көбейтіндіні белгіле: а) 5 х 0=0 ә) 2 х 20=40 б) 500 х 2=1000 в) 17 х 1=17

6. Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді?

а) 1 ә) 0 б) 2 в) 5

III.Үйге тапсырма, қайталау. Топты бағалау, марапаттау





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал