7


  • Учителю
  • Қазақ тілі Жалқы және жалпы есім 2 сынып

Қазақ тілі Жалқы және жалпы есім 2 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қазақ тілі: 2 сынып

Сабақтың тақырыбы: Жалқы және жалпы есім.

Сабақтың мақсаты: Жалпы және жалқы есім туралы түсініктерін кеңейту. Жаттығулар орындай отырып, сұрақ қоя білуге үйрету. Сөздік қорларын молайту.Ұқыпты, көркем жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,

Сабақтың көрнекіліктері: үлестірмелер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

- сабаққа әзірлік

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

4-жаттығу

ІІІ. Өткенді қайталау

  • Зат есім деген не?

  • Сұрақтары?

  • Жалқы есім мен жалпы есім деген не ?

149 беттегі 1-жаттығуды ауызша орындаймыз. Жаңылтпашты оқуға, жалқы есмідерді табуды көздейді.

Айдарбек,

Бұзауларды байлар, - деп

Айтып кетті

Айбар мен Жаунар деп.

2-жаттығу. Сөйлемдерді оқы. Жалқы есімдерді тауып, бас әріппен жаз.

Жетісу - Қазақстанның өңіріндегі жеті өзеннің аты. Олар - Іле, Шу, Тентек, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Көксу.

3-жаттығу. Сөйлемдерді оқы. Жалқы есімдер мен жалпы есмідерді екі бағанға бөліп жаз.

Ержан, Ақтөс, Болат, терезе, күрек, айна, кеме, қаймақ,

Шымкент қарындаш

ІV. Сергіту сәті.

Тауға шықсаң қалың қар.

Сайға түссең қалың қар.

Байқаңдар қар астында

Ұйықтап жатқан аю бар.

5-жаттығу. Өлеңді жатқа жаз. Жалқы есімдердің астын бір рет, жалпы есімдердің астын екі рет сыз.

Есіл

Аспаның көрікті,



Қонақ таң боп көріпті.



Есіл ағып еркелеп,

Шамдар нұрын төгіпті

Н.Қалқа

6-жаттығу.Мақалды оқы. Жалпы есімдерді тауып, сұрақ қой.

Адам жерге нәр береді.

Жер адамға нан береді.

Адам жерге не береді? Нәр. Жер адамға не береді? нан

V. Сабақты бекіту.

-Жалқы және жалпы есім дегеніміз не?

- Қане, мысал келтірейік.

VІІ. Рефлексия

Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын айтып, ой қорытындысын жасайды.

VІІ. Бағалау.

Оқушылар өзін-өзі бағалайды.

VІІІ . Үйге тапсырма

4-жаттығу. Мәтінді оқы. Жалқы есімдерді теріп жаз.

Бөрте мен Нұржан

Нұржанның әкесі Қаратау бойынан тауешкі лағын тауып әкелді. Лақ Нұржанға қатты ұнады. Әкесі Нұржаннан:

  • Мұның атын кім қоямыз? - деп сұрады.

  • Бөрте қояйық. - деді Нұржан.

Содан бастап Нұржан Бөртемен достасып алды. Жем, су береді, кейде қант та береді. Бөрте тәттіні қатты ұнатады.

Ш.Мұртаза

Нұржан, Қаратау, Бөрте.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал