7


  • Учителю
  • Әдебиеттік оқу пәнінен сабақ жоспарлары

Әдебиеттік оқу пәнінен сабақ жоспарлары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Қоңырау. Н. Әлімқұлов.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: өлең мазмұнын өмірмен байланыстыра әңгімелеуге, өлеңдегі бала сезімдерін байқай білуге, өздік жұмыстар арқылы өлең шумақтарын талдауға мүмкіндік беру.

Дамытушылық: шығармашылық ішкі мүмкіндіктерін дамытуға жағдай туғызу.

Тәрбиелік: әдемілік пен өмір заңдылығының қарым-қатынасын түсінуге бейімдеу.

Сабақтың көрнекілігі және қажетті құралдар: топтау сызбасы, интерактивті немесе кәдімгі тақта, бор, маркер, әдемі қоңыраулар.

Сабақтың барысы:

1. Қызығушылығын ояту.

а) Балалардан қоңырау сөзін естігенде қандай ой (ассоциация) келетінін сұрау.

Немесе:

ә) Қоңырау сөзімен бірнеше сын есімді сөз тіркестерін жазу.

Мысалы:

а) Оқушылардың жазғандарын оқытып, талдап болған соң, олардың қоңырауға деген сезімдері туралы жылы лебізді сөз айта келіп, жаңа сабақ тақырыбы хабарланады.

2. Мағынаны тану.

Оқушылар оқулықты ашып, Н. Әлімқұловтың «Қоңырау» өлеңін іштей оқиды.

Өлеңді оқып, мазмұнын түсіну және әр шумаққа ат қою тапсырылады.

Сонымен өлең мазмұны бойынша жоспар шығады. Жоспардың қалай шыққандырын байқатып, оны құрастырудағы оқушылардың жұмыстары талданады.

Сұрақтар:

- Өлеңде мерекелік қуаныш, сағыныш, құрмет сезімдері қай шумақтардан байқалады?

Оқушылар өлеңге қайта қарап, талдауға дайындалады.

- Алғашқы қоңырау мерекесі тіркесіне синоним сөз тап (Білім күні.).

- Қоңыраудың мектепке қалай келгендігі туралы не білесің? Өз ойыңды айтып көр (болжау).

- Қоңырау тағы қандай жағдайда қолданылады? (Күймелі ат арбада, жануарлардың мойнында, шіркеулерде.)

- Қоңырау даусы тілінің қозғалуынан шыға ма әлде қоңыраудың өзінің қозғалуынан шыға ма? (Ойлануға).

Қосымша мәлімет.

Қоңырау металдан жасалған, дыбыс шығаратын аспап. Ол көбінесе қоладан құйылатын болған. Қоңыраудың ішінде тілі бар. Қоңырау қозғалған кезде дыбыс шығарады. Ресей жерінде қоңырау құятын көптеген зауыттар бар. Ерте заманнан осы күнге дейін шіркеуге шақыру үшін қоңырау даусы пайдаланылып келеді.

Көне Қытайда қоңырау құю дәстүрі болған. Ал жапон, кәріс шеберлері бұл өнерді қытайлардан үйренген. Қытайлықтар қоңырау соғу арқылы күннің шығуы мен батуын білдірген және оқыс оқиғаларға белгі беретін болған.

- Алғашқы қоңырау мерекесі мен алтын күз мерекесінің қандай байланысы бар?

3. Ойтолғау.

а) Бүгінгі мерекелік сәтті қысқаша сипаттап, тақтада өздері жазған тіркестерді пайдаланып, өлеңмен байлапыстыра отырып эссе жазу. Немесе:

ә) Оқулықтың 5-бетіндегі сұрақтар мен тапсырмалардағы шығармашылық жұмысты орындату. Егер уақыт жетпесе, мысалды үйде аяқтауға да мүмкіншілік бар. Бұл жерде жез қоңырау мен электр қоңырауды салыстырып, мерекеде неліктен жез қоңырау құрметпен соғылатынын, оның дауысы өте жағымды екенін балалар байқамай қалуы мүмкін емес болатындай жағдай жасау.

Немесе: «. Жез қоңырау зейнеткерлікке шығып, мектеппен қоштасып, соңғы рет бізбен бірге болып еді.

Тақырыбы: Ы. Алтынсарин. Өнер, білім бар жұрттар

Мақсаты: Оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқыту, топтық тапсырма беру арқылы өлеңнің идеясын ашуға мүмкіндік жасау. Өз ойын нақты жеткізе білуге дағдыландыру.

Сәлемдесу.

Маслоудің қажеттіліктер иреархиясы бойынша бағалау.

1.Белсенділік, әдептілік.

2.Тапсырма орындау.

3.Топтық жұмыс.

4.Жеке жұмыс.

5.Өзін-өзі ұстау әдебі.

Бейнежазба көрсету.

Бейнежазбадан нені көрдік?

Осылай болу мүмкін бе?

Осы кереметтерді жасау үшін не қажет?

Сөзжұмбақ сұрақтарын беру.

Ы.Алтынсарин кім? -Шығармаларын ата -Ол туралы қандай шығарма оқыдық?

-Дала жұлдызы кім?

-Неге олай аталды?

-Қазіргі мыңдаған жұлдыздар кімдер?

-Тағы қандай кейіпкерлер бар?

Ыбырай Алтынсариннің «Өнер, білім бар жұрттар» өлеңімен танысу.

Оқулықпен жұмыс.

Өлеңнің бірінші шумағын оқу, мағынасын ашу.

Суретпен жұмыс.

Топтық тапсырма.

1 топ (телефон, хат)

Ғылым мен техника дамыған кездегі тұрмыс заттарын жазу.

2 топ (ат арба, көлік)

Қазіргі заманғы техника түрлерін жазу, қолдану әдісі туралы әңгімелеу.

деп атап көрсетті?

Кері байланыс.

Дәптермен жұмыс.

Ата-ананың еңбегін, өзіңнің еңбегіңді жеңілдету үшін не ойлап табар едің?

Бағалау.

Үздік оқушы, белсенді оқушы, топ.

Үйге тапсырма.

Мәтінді мәнерлеп оқу. Күнделікті тұрмыста қолданылып жүрген қазіргі заманғы техника тиімділігі жөнінде әңімелеу. Өнер адамдары туралы мәлімет жинау. Ізгі ниет білдіреді.

Компьютер, көлік, зымыран, ұялытелефон суреттерін алып, орнын табады.

Критерийлермен танысады.


Тақырыбы: Ғабит Мүсірепов. Автобиографиялық әңгіме.

Мақсаттары:

1.Халқымыздың ардақты Ғабит Мүсірепов туралы жан-жақты мағлұмат беру,оқушылардың білімдерін тереңдету.

2.Оқушылардың сөздік қорын,тіл байлығын,сөйлеу мәдениетін қалыптастырып,еркін ойлау,ауызекі сөйлеу тілдерін жетілдіріп дамыту.

3. Ғабит Мүсіреповтың өмірін үлгі ете отырып,құрметтей білуге тәрбиелеу.

Көрнектері: портрет,кітап көрмесі.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түүсіндіру,әңгімелеу,мәнерлеп оқу,сұрақ-жауап,іздену,жұптық жұмыс

Сабақтың құрылымы:

I.Кіріспе бөлім

1. Ұйымдастыру кезеңі

1 топ «Тапқырлар»

Ұраны-Оқу-білім бұлағы,

Білім-өмір шырағы.

2 топ «Алғырлар»

Ұраны- Оқусыз білім жоқ,

Білімсіз күнін жоқ

2. Сабақтың мақсаттарымен таныстыру

3.Психологиялық дайындық

-Бір-бірімізді қолымыздан ұстап,алған жылуы арқылы жылы лебіздер тілейік.

II. Үй жұмысын тексеру

-Шығармашылық тапсырма


III.Жаңа сабақ

1. Кесте сызып толтыру

Білемін

Білгім келеді

Білдім

2. Оқулық бойынша жұмыс бет оқып кестені толтыру

3. Автобиографиялық әңгіменінің 1 бөлімді оқу

4. Талдау

-Бала қай кезде туды?

-Наурыз ол не?

-Қандай Наурыз өлеңдерді білесіңдер?

- Баланың елі қазақ даласының қандай жағын жайлайтын еді?

-Ол ел қыс айларын қайда өткізеді?

-Ол күні есте қаларлық қандай оқиға болды?

-Қалжа ол не?

-Қалжа сүйегіне неліктен иттер таласа алмаған

-Баланың аты қалай берілген?

-Баланың есінде нелер қалмаған?

-Баланың шешесі не туралы айтып отыратын еді?

5. Автобиографиялық әңгіменінің 2 бөлімді оқу

6. Талдау

-Әке-шешенің қандай тілегі орындалды?

-Ауыл жазда қай жерді қоныстайды?

-Ауыл қыс айларын қай жерде өткізеді?

-Бес-алты ауыл молданы не үшін жалдады?

-Молданың жылдық еңбегіне не беріледі?

-Ауыл бітір садақасын кім алады?

- «Жұмалық» ол не?

-Молда балаларды әр үйде қанша уақыт оқытады?

-Балалар оқитын мектебі қандай?

7. Оқу-білім туралы мақал мәтелдер мен тақпақтарды мәнерлеп оқу

8.Дәптерде жұмыс 5 жол өлең шығару

Ғабит Мүсірепов

Қайсар,атақты

Туды,өсті,жыламады

Ғабит Мүсірепов наурызда туды.

Махмұтұлы

IV. Слайд «Ғабит Мүсірепов» туралы» көру

V.Үй жұмысы Эссе « Кім болғым келеді?»

VI. Қорытынды. Бағалау

Тақырыбы:Қадыр Мырза Әли. Ұйқышыл

Мақсаты

Білімділік: Білім алушыларға Қадыр Мырза Әлидің өмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып, өлеңдеріне тоқталып, мағынасын ашып, негізгі идеясын түсіндіру;

Дамытушылық: Білім алушыларды бір - бірімен ауызекі тілде сөйлесуге, қазақ тілінде сауатты жаза білуге, тілдік қорларын дамытуға, негізгі ойды табуға дағдыландыру;

Тәрбиелік: Білім алушыларды Қадыр Мырза Әлидің өлеңдері арқылы адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Әдіс - тәсілдері: Оза оқыту, СТО технологиясының стратегиясын, АКТ элементтерін пайдалану арқылы түсіндіру

Күтілетін нәтиже

+Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

«Миға шабуыл»

Қадыр Мырза Әлі

Ақын 1935 жылы 5 қазанда Орал облысының Жымпиты кентінде туған. 1958 жылы Қазақ мемлекеттік университетініңфилология факультетін тәмамдаған.

Еңбек жолын сол кезде жаңадан ашылған балалар журналы «Балдырғаннан» бастаған. «Жұлдыз» журналы редакциясында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, 1968-1973 жылдары «Жазушы» баспасында қазақ поэзиясы бөлімінің меңгерушісі, «Балауса» баспасының редакторы, кейін Қазақстан Жазушылар одағындапоэзия секциясының кеңесшісі болған.

1966 жылы «Ой орманы» жинағы үшін Қазақстан Ленин комсомолының сыйлығы берілді. 1980 жылы «Жерұйық» жыр кітабы үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Ол Қазақстанның халық жазушысы. 2001 жылы Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығын алды.

Жаңа сабақ:

Оқулықпен жұмыс

Ұйқышыл
Мысықбайға керегі

Ұйқы ғана дер едік.

Сабақтың да үстінде ол

Қалғып кете береді.

Осылай ол әманда

Қалғып кетер табанда.

Оята алмас келсе де

Өрт сөндіргіш команда!

Қандай ұйқы буды оны,

Ыстық боран, көк долы -

Қай кезде де зауыттың

Оята алмас гудогы.

Ойын да емес - ұраны,

Озу да емес - мұраты.

Оның бүкіл ғұмыры

Түс көруден тұрады.

Сергіту сәті

Мақал

Ақымақ күлкіге тоймайды,

Жалқау ұйқыға тоймайды.

Ой сергітеді,шаршағандары

Басылады

Сабақты пысықтау

Шығармашылық жұмыс. Ой толғау.
1. Кейіпкердің бір күнгі тіршілігін сипаттап айт.
2. Мысықбайды ұйқыдан құтқару үшін қандай айла жасауға болады? Неге?
3. Ақын өлеңде Мысықбайды қандай көңіл күйде жазған? Неге? Дәлелде.

А) Мысқыл мен күлкі;

Ә) Реніш пен уайым.

4. Ұйқышылдық салдарынан адамға келетін зиянды топтастырып жаз.

5. «Ұйқыашар» атты мысал құрастыру үшін болжам жаса:

А) Мысал кейпкерлерін ойлап тап.

Ә) Оқиға орнын ата.

Б)Мысал: күлкілі, аянышты, қорқынышты көңіл күйде жазылады. Астын сызу

Үйге тапсырма

Үй тапсырмасы: өлеңді мәнерлеп оқып келу

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Бағалау күлегеш балақайларын кері байланыс парқшаларына жабыстыру

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады


Әдебиеттік оқу күні -------------

Сабақтың тақырыбы: Балалар елін бағындыру. Н. Ақышев.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: ертегі мазмұнын оқып, түсіну арқылы тақырыбы мен идеясын ашуға, оны өмірмен байланыстыруға мүмкіндік беру.

Дамытушылық: өз бетімен талдау, саралау, қолдану арқылы шығармашылық тапсырмаларды орындату.

Тәрбиелік: адам өміріндегі жан-жақты үйлесімділік деген ұғымды түсінуге мүмкіндік жасау.

Сабақтың әдісі: топтау, «Бір айналым сөйлесу» стратегиясы.

Сабақтың барысы:

1. Қызығушылығын ояту.

Оқушыларға қойылатын сұрақ:

- Балаларға жақсы өмір сүру үшін не керек?

Оқушылар көптеген жауаптар айтады. Осы жауаптарының ішінен төмендегі алты сөз алынып, олар осы сөздер бойынша топтарға бөлініп отырады.



а) Алты топ та өз аттарының күнделікті өмірдегі қажеттігін қорғап, 3-4 сөйлемнен тұратын эссе жазады.

2. Мағынаны тану.

Әр топқа ертегі мазмұнын түсініп оқу тапсырылады.

Өз топтарының аттары болып тұрған ұғымның пайдалы, зиянды жақтарын теріп жазады.

Мәтінді оқи отырып, түсінбеген сөздерді түртіп алып отырады.

Жұмыс аяқталған соң, әр топтан бір оқушы шығып, мазмұнын әңгімелейді. Тақтадағы плакат не интерактивті тақтаға жұмыс нәтижесі түсіріледі. Оқушылардың сөйлеуі кезінде оларға сұрақтар қойылады: Мысалы:

- «Ойын» тобы, өздеріңнің бастапқы пікірлеріне өзгеріс кіргіздіңдер ме?

- «Еңбек» тобы, сендер баланың қандай еңбекпен шұғылданғанын қалайсыңдар?

- «Оқу» тобы, адам қанша жыл білім алу керек деп ойлайсыңдар?

- «Спорт» тобы, сендерге өмірде спортпен шұғылдануға кедергі келтіретін не деп ойлайсыңдар?

- «Өнер» тобы, адам қанша өнер түрін игере алар еді? (Мысалы, тіл үйрену де - өнер).

- «Кітап» тобы, кейбір балалар неліктен кітапты оқымайды?

Оқушылармен пікірлесуді өте ұзақ созудың қажеті шамалы.

3. Ойтолғау.

Бұл кезеңнің әртүрлі нұсқаларын ұсынамыз:

  1. Әр топ өздеріне берілген атпен (сөзбен) байланысты бір-бір сөйлемнен

айтады (6 адам сөйлейді). Бұл «Бір айналым сөйлесу» стратегиясы деп аталады. Мысалы: Бала ойынмен өседі. Адамды адам еткен - еңбек. Спорт - денсаулық кепілі, т.с.с.

  1. Әр топқа өз аттарына байланысты мақал-мәтелдер жазу ұсынылады.

Оқулықтың 11-бетіндегі соңғы сұрақтар бойынша ертегіні ойша жалғастыру немесе жазу. Бұл жерде балаларға зиянды әдеттердің дәлелі көрнекі, анық болу керек.

Түсінбеген сөздермен жұмыс кезінде оқулықтағы сөздікті пайдалануға болады.

Сабақтың тақырыбы: Кітап қадірі М. Әуезов

Сабақтың мақсаты: өлеңнің идеялық мазмұнын өмірмен байланыстыра ашуға жағдай жасау

Күтілетін нәтижелер:

Пәндік нәтиже: оқушылардың кітап оқу мәдениетімен танысуға жағдай жасау, атақты ғұламалар мен дарынды адамдардың өміріндегі кітаптың рөлі жайылы ақпаратты талдайды;

Жүйелі іс-әрекет нәтижесі: кітапқұмарлыққа, кітаптың пайда болу тарихы мен кітаптың көмегімен өмірлері түбегейлі өзгерген адамдар өмірінен мысал келтіре отырып қызығушылықтарын арттыру, талдау, шығармашылық жұмыстар жасау.

Тұлғалық нәтиже: кітаптың адамның ішкі жан-дүниесін байытатындығын түсінгенін анықтау.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың көрнекілігі: портрет суреттер

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Үй тапсырмасын қорытынды лап өту.

«Өнер-білім бар жұрттар» жаттау

І. Қызығушылықты ояту.

Сандықша,, ойланып тұрған адамның, алтыннан жасалған зергерлік заттар суреттері.

Суретке қарап, не ойлайтындарыңды айтыңдар.

Кітап - алтын сандық:

Іші толған қазына, құт,

Оқы, оқы, ойыңа тұт.

  • Осы айтылған мақалдың мағынасын қалай түсінесіңдер?

  • Кітаптың адам өмірінде алатын орны ерекше. Бүгін біз адам өмірін кітап қалайша түбегейлі өзгерткенін білеміз. Кітаптың әрқайсымызға не беретіні туралы әңгіме етеміз.

  • Кітап оқып, білім алуға шақырған кімдердің өлеңдерін білесіңдер?

  • Сендерде осы ғұламалардың барлығы ауылдан шығып, алғашқы білімді молдадан алып, кітапқа деген құмарлықтары қалай пайда болды деген ой туды ма?

  • Ендеше , Абай Құнанбаевтың кітапқұмарлық қасиеті қалай пайда болғаны жайлы білгілерің келе ме?

Мағынаны тану.

М. Әуезов пен «Абай жолы » романы туралы қысқаша мәлімет беру.

Сөздік жұмыс.

Зере - әжесі, Ғабитхан - Құнанбай аулының балаларын оқытқан молда, Абай 8 жасынан Ғабитханда оқыған, Ұлжан - анасы, Күнке - Абайдың әкесі Құнанбайдың бәйбішесі

Мәтінді тізбектеп оқу.

  • Абайдың кітапқұмарлығын арттырған не болыпты?

  • Бұл ауылда кітапты қай мезгілде көп оқыған?

  • Мәтіннен ізде, дәлелде: Кітапты көп оқуға не бөгет болды?

  1. Қыстың бітуі. Мал төлдейтін уақыт келді

  2. Кітаптың аздығы

  3. Бар кітаптың өзі қолына тие бермейтін

  • Абай сияқты қаншама ғұламаларымыз өз заманында кітап оқуға құмартқан. Бірақ жоғарыда айтылған себептер бойынша т.б. сол заманғы тәрбие, әдет-ғұрып, тіпті шамның жоқтығынан, майшам, пілте шамның көмегімен көрпенің астына тығылып оқитын болған. Тіпті оқуға рұқсат етілмейтін кітаптар болған.

  • Кітап оқуға қанша уақыт бөлесің?

  • Қай мезгілде оқисың?

  • Оқығаныңды кімге айтасың?

  • Кімнің отбасында кітап оқу үрдіске айналған?

  • Кімнің жеке кітапханасы бар?

Сергіту сәті

Кітап - ғалым, тілсіз мұғалім,

Кітап көзі жабыққа арзан,

Көзі ашыққа маржан

Кітап оқып, ой бөлісейік достар.

Ойтолғаныс.

Мақалға қайта оралу. - Осы мақалға қосарың бар ма?

«Бес жолды өлең » жаз

Есіңе сақта!

Кітапты қалай оқу керек:

  • Кітапты басынан аяғына дейін оқы.

  • Кітап оқығанда асықпа.

  • Оқыған кітабыңның аты мен авторын ұмытпа.

  • Оқу кезінде жол тастап оқу немесе оқылмаған парақтар болмауы керек.

  • Оқу барысында кездесетін түсініксіз сөздердің мағынасын кейінге қалдырмай, бірден сөздіктен тауып оқы не сұрап біл.

  • Оқығаның туралы ой түйіндеп отыр.

  • Оқыған кітабың ұнаса, оны досыңа ұсын.

Кітапты оқығанда нені естен шығармау керек:

  • Кітапты кір қолмен ұстама.

  • Кітап парақтарын ұқыптылықпен аш.

  • Парақты ашарда саусақтарыңды түкіріктеме. (Төрт саусағыңмен кітап бетінің ортаңғы жағынан басып отырып жоғары қарай бас бармағыңды жүргізсең, ашылу керек беті өзі ерекшеленіп отырады)

  • Кітап парақтарын бүкпе, белгілеуші сал.

  • Кітапқа қаламмен сызба.

Үй тапсырмасы Мәтінді оқу. (6-7) бет шығармашылық тапсырма

Бағалау


Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин

Білгеннің пайдасы
Сабақтың мақсаты: а) Білімділігі: Ыбырай - ұлы педагог, жазушы, қазақ
балалар әдебиетінің атасы екенін айта отырып, Ы. Алтынсариннің әңгімелерінің идеясын ашу.
Әңгімелерінің өміршеңдігі, балаларды рухани - адамгершілікке тәрбиелеудегі маңызын түсіндіру
ә) Дамытушылығы: Оқушылардың іскерлік - танымдық қабілетін дамыту. Өзіндік ой - пікірін айтып, тұжырым жасауға дағдыландыру
б) Тәрбиелілігі: Адамгершілікке, мейірімділікке еңбексүйгіштікке тәрбиелеу
Сабақтың типі: Білім, дағды, іскерлікті қолдану
Сабақтың әдісі: Сөздік ( баяндау), көрнекілік, топтық жұмыс
Практикалық( Сын тұрғысынан ойлау, Модульдік оқыту технологиялары. Сатылай кешенді талдау) интерактивті әдіс - тәсілдер
Сабақтың көрнекілігі: Мультимедия, слайдтар, нақыл сөздер
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру.
Сынып оқушыларын 2 топқа бөлу. Сабақ екі топтың іскерлік ойындары арқылы өтетінін хабарлау.
1. Білім
1 - топ тапсырмасы: « Жылдар сөйлейді»
1841. 1850. 1857. 1859. 1860. 1864. 1876. 1879. 1887. 1889
Жылдар бойынша Ы. Алтынсариннің өміріне шолу жасайды.
2 - топ тапсырмасы
«Тірек белгілер»
Суреттер бойынша ақынның өлеңдерінің атауын табу.
( Атасы мен немересі, жаз мезгілі, мұғалім, оқушылар, ана мен бала, кеме, ұшақ, поезд)
2. Түсіну.
Ыбырай - қазақ балалар әдебиетінің атасы.
Ой шақыру сұрақтары:
Ы. Алтынсариннің қандай әңгімелерін білеміз?
Ол әңгімелерін кімдерден аударды?
Мұғалім сөзі:
Ыбырай Алтынсарин 1876 жылы Н. Н. Ильминскийге жазған хатында: «Татар тілінде жазылған кітаптардан құтылу үшін, қазақ тілінде оқуға арналған бастауыш кітабымды кеше ғана бастадым», - деп жазады. «Мысалдарды енгізгім кемейді, өйткені қатаң тұрмыста өскен қазақтарға бұдан гөрі мәндірек әңгімелер болады. Мысалдарды қазақ балалары оқығысы келмейтінін, оқыса оған күлетінін, ал олардың ата - аналары: балаларға сауысқан мен қарға сөйлеседі деген сияқты жоқ нәрсені үйретеді деп, тіпті тәжірибемнен білемін», - деп айта келіп жаңа кітапқа жұмбақтар, баланың ойын кеңітетін әңгімелер, сондай - ақ қазақ өлеңдерінен іріктелген өлеңдер енгізілетінін жазады. Ы. Алтынсарин адамдық қасиеттер жөнінен әңгімелер, кіргізді. Көбін өзі жазды, бірқатарын сол кездегі орыс оқулықтарынан ел тұрмысына лайықтап аударды. «Қазақ хрестоматиясы» орыс әліпбиі негізінде жазылды.
Әңгімелері:
"Бай баласы мен жарлы баласы". "Байлық", "Әке мен бала", "Асыл шөп", "Қыпшақ Сейітқұл", "Таза бұлақ", "Надандық", "Малды пайдаға жарату" " Бақша ағаштары", "Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш"
Аудармалары:
Паульсоннан: «Әдеп», «Алтын шеттеуік», «Бір уыс мақта»
Л. Н. Толстойдан: «Мұңсыз адам», «Данышпан қазы» «Үш ұры», «Жаман жолдас»
К. Ушинскийден: «Түлкі мен ешкі», «Сауысқан мен қарға»
3 Қолдану
1 - топ тапсырмасы.
«Ең бастысы»
(Сөз - сөйлем - құпиялы сөз)
Әңгіменің тақырыбы - мазмұны - идеясы
Берілген әңгімелері бойынша мазмұнын, идеясын ашады.
Әңгімелері: «Бір уыс мақта», «Мейірімді бала», «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш», « Аурудан аяған күштірек», « Тәкаппаршылық».
2 - топ тапсырмасы: «Екі жақты күнделік»
«Әке мен бала», «Әдептілік», «Сақып», « Асыл шөп», «Жаман жолдас» әңгімелерінен үзінді алу. Үзіндіде өздеріне ұнаған абзацты ала отырып, соған сәйкес пікір жазады: Соған өз пікірлерін жазады.
4. Анализ
Деңгейлік тапсырмалар
III деңгей Ішке - сыртқа стратегиясы бойынша Ыбырай әңгімелерінің тақырыбын анықтайды Ыбырай Алтынсариннің әңгімелері:
«Асыл шөп», « Білгеннің пайдасы», «Надандық», «Мейірімді бала», «Дүние қалай етсең табылады», «Талаптың пайдасы», «Әке мен бала», « Түлкі мен ешкі», « Сауысқан мен қарға», «Алтын шеттеуік»,
«Қарға мен құрт», «Жаман жолдас», «Бір уыс мақта», «Әдеп», «Ақымақ дос», «Бақша ағаштары»
«Аурудан аяған күштірек», « Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» «Сақып»
«Бай баласы мен жарлы баласы», «Қыпшақ Сейітқұл» «Таза бұлақ»
Әңгімелерінің тақырыптары: Сабырлылық. Қанағат, еңбек, кәсіп, тәрбие, достық
Ішке Сыртқа
II деңгей
Әңгімелеріне сатылай кешенді талдау
«Бай баласы мен жарлы баласы», «Таза бұлақ»
I деңгей
Ы. Алтынсарин әңгімелерінің осы замандағы еңбек, кәсібімізге жақындығын табу ( өз пікірін айту)
5. Синтез
Ыбырай әңгімелері рухани - адамгершілікке тәрбиелейтін басты құрал.
( Балаға әсер беретін қасиеттерді жазып шығады, Күннің суреті ілінеді.
«Топтастыру» стратегиясы арқылы жинақталып жазылады.)
6. Бағалау.
Үйге тапсырма: Жұртына білім сыйлаған...
Ы. Алтынсариннің педагогикалық еңбегі жайында шағын шығарма жазып келу


Сабақтың тақырыбы:Ма-лянның сиқырлы қылқаламы.(қытай ертегісі)

Мақсаты: Мәтін мазмұнын өз бетімен түсініп оқуға және оның идеясын ашуға жол салу.

Күтілетін нәтиже:

Пәндік нәтиже: Мәтінмен жұмыс жасай білуге ,мәтіндегі негізгі ойды таба білуге жағдай жасау. Түсініп оқи білуге, ойын толық жеткізе білуге машықтандыру, ауызекі сөйлеу тәсілдерін дамыту.

Жүйелі іс-әрекет нәтижесі: оқушыларды қиялдау, армандау арқылы жақсы ойлауға жетелеу. Кейіпкерлер мен оқиғаны өмірдегі жағдайлармен салыстыра отырып , оқыған .көргендерін еске түсіруге мүмкіндік беру.

Тұлғалық нәтиже : еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:

Сабақты барысы:

1Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық тренинг:

Қайырлы таң достым,

Қайырлы күн болсын.

Бүгінгі күн міне

Сәттілікке толсын .

Біздің алар бағамыз,

Кілең бестік болсын.

1 топ «Ұр,тоқпақ» ертегісі

2 топ «Қаңбақ шал» ертегісі

2 топқа бөлінеді Топ басшысы сайланады.

Топпен жұмыс ережесі еске түсіріледі.

Үй тапсырмасы:

« Ыстық орындық » әдісі арқылы сұралады

Қызығушылықты ояту: Балалар , сендердің бір сиқырлы заттарың болса,ол заттың көмегімен сендер не істер едіңдер ? Сол заттың атын жазу немесе суретін салу.

  • Не себепті салдың?

  • Балалар , бұл тілек сендердің кішкене армандарың ғой. Әрқашан оның орындалуына тілектеспін!

  • Ендеше Ма-лянның сиқырлы қылқаламы атты ертегі өтеміз .

Жаңа сабақ: Ма-лянның сиқырлы қылқаламы.(қытай ертегісі).

Күннің жады.

Сабақ тақырыбы.

«ББҮ»әдісі арқылы кестенің бірінші және екінші бөлімі толтырылады .

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

Топтағылар 1,2 -ке санау арқылы бөлек -бөлек өз алдына «жұмыс » тобын құрады.Осыған байланысты өздеріне тиісті бөлікті таңдап алады. Яғни, мәтін 5 бөлікке бөлінеді.

Жұмысты бастамас бұрын оқушылар жұмыс тобында мәтіннің тиісті бөлігін жақсылап меңгеріп,отбасы мүшелеріне қайтып оралғанда оны түсіндіріп беретіндігі ескертіледі.

Сергіту сәті:

Енді оқушылар «жұмыс»топтарында өздеріне тиесілі бөлікті оқып , талдап, өздерінің алғашлы топтарына қайтып оралады.

Топтарға тапсырма:

  1. Мәтіннің мазмұнына сай мақал- мәтел

  2. Ма-лян сияқты сиқырлы қылқалам иесі болсаң,жұртқа қандай жақсылық жасар едің

Рефлексия: «ББҮ» кестесінің үшінші бөлімін толтыру.

«Бағдаршам»

Мен үшін жаңалық

Сабақта маған не ұнады?

Қандай тапсырма мен үшін қиын болды?

Үйге тапсырма: ертегі бойынша тірек - сызба құрастыру, мазмұнын


.

Сабақтың тақырыбы: Мұғалім. Қ.Ыдырысов.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Күз мезгілінің ерекшеліктері туралы білімдерін нығайту;

сипаттай білуге, теңеу сөздерді дұрыс қолдана білуге үйрету.

Дамытушылық: Сөйлеу тілдерін жетілдіру, есте сақтау, ойлау

қабілеттерінің дамуына ықпал ету.

Тәрбиелік: Еңбексүйгіштікке, табиғатты сүюге, өзіндік пікірін білдіруге

баулу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, талдау-жинақтау, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Күз мезгіліне байланысты суреттер.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеп, жақсы көңіл күй қалыптастыру үшін мадақтаулар айту.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру.

Т.Жароковтың «Күз» өлеңін мәнерлеп оқыту.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Қызығушылығын ояту.

«Жемістер жинау» дидактикалық ойыны

  • Балалар, қазір қай мезгіл?

  • Күз.

  • Дұрыс. Күзде адамдар не істейді?

  • Қысқа дайындалады. (жұмыс түрлерін атайды)

  • Біз де анамызға тосап қайнату үшін жемістер жинап берейік.

  • Жеміс жинаудың тағы бір ерекшелігі: осы жемістерде көрсетілген сандар бойынша тиісті әрпін таңдап алсақ бүгінгі сабағымыздың тақырыбы шығады.

(3-м) (4-ұ) (6-ғ) (2-а)(1-л) (3-і) (5-м)

Алма, алмұрт, қарлыған, банан, лимон, өрік, жүзім.

  • Қандай сөз шықты балалар?

  • Мұғалім.

  • Мұғалімдер мерекесін қай кезде тойлаймыз?

  • Күзде тойлаймыз.

  • Бүгін біз сендермен Қ.Ыдырысовтың «Мұғалім» өлеңімен танысамыз.

2. Оқулықпен жұмыс.

  • Өлеңді мәнерлеп оқып беру

  • Шумақ бойынша өлеңнің мазмұнын түсіндіру

  • Өлеңді оқушыларға оқыту

3. Сұрақтар мен тапсырмалар.

  • Шәкірттің ұстазына деген ризашылық сезімі қалай сипатталған?

  • Өмірдің талабы дегенді қалай түсінесің?

  • Шәкірт бала өз келешегі туралы не ойлайды?

4. Теориялық мәлімет беру.

IҮ.Сабақты бекіту.

5 жолды өлең жазу.

Зат есім (1 сөз) мұғалім.

Сын есім (2 сөз) ақылшы, дана.

Етістік (3 сөз) үйретеді, оқытады, түсіндіреді.

Сезімді білдіретін сөйлем (4 сөз) Мұғалім мектептің өшпес жүрегі.

Синоним (1 сөз) ұстаз.

V.Үйге тапсырма беру.

Өлеңді жаттап келу.

Мұғалім туралы эссе жазып келу.

VІ.Сабақты қорытындылау.

  • Бүгінгі сабақтан не үйрендіңдер, не білдіңдер, не түйдіңдер?

ҮІІ. Бағалау.

Тақырыбы: «Туған тілім». Дихан Әбілев
Мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүйуге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт - дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру.
1. Білімділік: Өлең арқылы оқушыларға тіліміздің құндылығы мен қасиеті, мәні мен маңызы жөнінде түсінік беру.
2. Дамытушылық: Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру, ана тілі туралы өз ой - пікірлерін, көзқарастарын ашық, еркін айтып, жеткізе білуге баулу.
3. Тәрбиелік: Ынтымақтаса жұмыс істеуге, ана тілін сүюге, қастерлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, топтастыру, ой толғау, мағынаны тану.
Көрнекілігі: Тақырыптық суреттер, слайд көрсетілімі, тест сұрақтары.
Күтілетін нәтиже: Жаңа сабақты меңгереді. Д. Әбілевтің «Туған тілім» өлеңінің мағынасын түсінеді, өз тілін қадірлей біледі.
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, дүниетану.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру. а) оқушылармен амандасу ә) түгелдеу б) оқу құралдарын алдырту
Психологиялық дайындық
Туған тілім - тірлігімнің айғағы, Тілім барда айтылар сыр ойдағы. Өссе тілім мен де бірге өсемін, Өшсе тілім мен де бірге өшемін
Оқушыларды топтарға бөліп, әр топтың топ басшыларын сайлап аламыз. Топ басшылары топ мүшелерінің жауаптарын, бүгінгі сабаққа белсенділігін мұқият қадағалап отырып, сабақ соңында топ мүшелерін бағалайды.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру Өткен сабаққа шолу.
Қазақ халқында өз ана тілі туралы жыр толғамаған адам кемде - кем. Ана тіліміз талай жырға арқау болған екен. Қазақ тілі - сонау Әйтеке, Қазыбек, Төле билер сынды шешендердің, Абай, Ғ. Мүсірепов, Ә. Тәжібаев, Ғ. Мұстафин, Қ. Мырзалиев, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов сияқты ақын - жазушылардың, Б. Момышұлыдай атақты батырлардың тілі. Біздің бүгінгі сабағымыз да осы тақырыпта жалғасын табады.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Қазақтың жоғын жоқтап, тіл туралы қалам қозғаған жазушылардың бірі - Дихан Әбілев аталарың.
1. Жазушы өмірі мен шығармашылығы жөнінде түсінік беру.
Д. Әбілевтің өміріне тоқталу. (1907 - 2003)
Әдебиетіміздің ақсақалы Д. Әбілев 1907 жылы 26 желтоқсанда Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген. 1926 ж «Қызыл әскер атты алғашқы өлеңі, 1928 ж «Сырлы шкафтың сыры» атты бірінші әңгімесі жарық көрген. 71 жыл бойы қазақ әдебиетінің өркенін өсіріп, мерейін биіктету жолында қаламымен қызмет етті, көптеген кітаптар дүниеге келді. Оның артта қалған мол мұрасы ұрпақтың рухани қазынасына айнала берері сөзсіз.
2. Мағынаны тану.
- « Туған тілім» өлеңін оқып, мазмұнын түсіндіру.
- Оқушылар өлеңді мәнерлеп оқудан сайысқа түседі.
3. Ой толғау ( өлеңді талдау )
І топ - Өлең неліктен « Туған тілім» деп аталған?
ІІ топ - Ақынның «туған тілім, өз тілім» деп отырғаны қай тіл?
ІІІ топ - Екі жақты күнделік. Екі өлеңнің ұқсастығы мен айырмашылығы неде? М. Мақатаев «Үш бақытым»
Кей - кейде дүниеден түңілсем де
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Д. Әбілев « Туған тілім»
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып - ақ алыңдар.
4. Дәптермен жұмыс соңғы шумақтың екі жолын көшірту.
5. Сергіту сәті. Ән « Ана тілін сүйеміз»
6. « Сөзі жоғалған халықтың өзі де жоғалады»
(ұяшықты таңдау арқылы берілген жағдаяттарды шешу)
- Сен кітапханада отыр едің. Кенет ішке екі қыз бала кірді. Олар ұлты қазақ болғанымен орысша сөйлесіп отыр. Сенің оған көзқарасың?
- Сен мектепке асығыс келе жатып, көшеде кездескен өзің қатарлас құрбыдан уақыттың қанша болғанын сұрадың. Ол саған орыс тілінде жауап берді. Сен не істейсің?
- Сенің досың көбіне әңгіме арасында қазақ тілін шұбарлап, орыс сөздерін араластыра сөйлейді. Сенің оған көзқарасың?
7. Топпен жұмыс. 2- топқа тапсырма беріледі. Берілген сөздерден тіл туралы мақал - мәтелдер құрастырып, шыққан мақал - мәтелді өз сөздерімен түсіндіреді.
ІV Бекіту. ( Тест сұрақтары )
1. ҚР - ның мемлекеттік тілі қай тіл?
А. Орыс В. Қазақ С. Ағылшын
2. ҚР - да «Тіл туралы Заң» қашан қабылданды?
А. 1997ж 11шілде. В. 1991ж 16желтоқсан С. 1995ж 30тамыз
3. Қазақ тілін басқаша қалай атауға болады?
А. Әліппе В. Отан С. Ана тілі
4. « Туған тілім» өлеңінің авторы?
А. Д. Әбілев. В. М. Әуезов С. А. Құнанбаев
5. « Туған тілім» өлеңінің тақырыбы не?
А. Құстар. В. Тіл С. Отан
Өзіңді - өзің тексер Бағалау
0 қате - «5»
1 2 3 4 5
В А С А В
1 қате - «4»
2 қате - «3»
V Қорытындылау: «INSERT» әдісі
Білемін, білдім, білгім келеді. Оқушы білімін бағалау. Смайликтермен бағалау
VI Үйге тапсырма: Д. Әбілев «Туған тілім» мәнерлеп, жатқа айту

Сабақтың тақырыбы:Күз келбеті. Ғ.Оралбаев.

Сабақтың мақсаты: берілген шығармалардағы көркем сөздер мен сөз тіркестері арқылы ауызекі сөйлеуін дамыту.

Күтілетін нәтижелер:

Пәндік нәтиже. Күз туралы білетіндерін өткен сабақпен байланыстыра талдау арқылы түсінуге мүмкіндік беру.

Жүйелі іс-әрекет нәтижесі. Тақырыптың табиғатпен байланысын сақтап, оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту.

Тұлғалық нәтиже. Оқушылардың рухани дүниесін байыту. Әсемдікті, табиғатты сүюге, бағалауға, көре білуге баулу.

Сабақтың көрнекілігі: М.Дулатовтың суреті, «Ауыл күзі» суреті.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа әзірліктерін қарап шығу.

Үй жұмысын тексеру.

І. Қызығушылықты ояту.

Автор шығармашылығын еске түсіру.

«Паравоз» ойынын ойнау. Мұғалім жүріп бара жатқан паравоз ретінде дыбыс шығарады, қалғандары вагон болады. Паравоз бір вагонды жақсы тілек айтып қосып алады, келесі вагондар сол ретті жалғастырады.

Сынып оқушылары дөңгелене тұрып, күз мезгілінің айларын ретпен атау арқылы топтарға бөлінеді.

ІІ. Мағынаны тану.

Мәтіндерді сурет салу арқылы оқу. Яғни әр сөйлемдіоқыған сайын өз элементін салып отыру. Немесе екі мәтінді салыстыру арқылы оқулықтағы тапсырмалар мен сұрақтар бойынша талдау.

Артынан оқушыларға сол салған суреттері бойынша мазмұннын айтқызу.

Топтар да сол паравоз ретімен бөлінеді:

1-топ - Алтын күз.

2-топ - Қоңыр күз.

Топта неше оқушы болса, сөйлемге қосылатын сөздер тізбегі де сонша болады. Оқушылар туған күндеріне байланысты реттеледі.

Мысалы: 1-оқушы: Алтын күз келді.

2-оқушы: Астанама алтын күз келді.

3-оқушы: Астанама сары алтын күз келді.

4-оқушы: Астанама сары алтын күз келіп жетті.


Яғни әр оқушы оқыған сайын сөйлемдегі сөз саны көбейіп отырады. Топтағы оқушылар саны көп болған сайын тапсырманы соңғы оқушыға дейін жеткізу қиын әрі қызық болады. Мұнда оқушылардың сөйлем құрауы, сөз таптауы шыңдалады.

ІІІ. Ойтолғаныс.

Сыныпқа «Ауыл күзі» суретін ұсынып, 30 секунд шамасында көрсетіп, алып тастау керек. Оқушылардың естерінде не қалды, әңгіме құрап айтып шығулары керек.

Жұпта, сосын топта толықтырулар жасау. Топтар бірін-бірі толықтырып отыру керек.

Сабақты қорытындылау мақсатында сабақтың мақсаына сай мақал-мәтелдер айту, мағынасын ашу.

Арпа, бидай ас екен,

Алтын, күміс тас екен.

Екпей егін шықпас,

Үйренбей білім жұқпас.

Егін ексең тыңға,

Шықтым дей бер шыңға.

Көз қорқақ, қол батыр.

Оқушылардың жауабын бағалау.

Үйге тапсырма.


Тақырыбы М Әуезов . Күзгі кұс керуені .

МақсатыКүзгі табиғат өзгерістерін білу. Табиғатты қорғауға үйрету.

Міндеттері:

1. Күз туралы білетіндерін өткен сабақпен байланыстыра талдау арқылы түсінуге мүмкіндік беру.

2. Тақырыптың табиғатпен байланысын сақтап, оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту.

3. Оқушылардың рухани дүниесін байыту. Әсемдікті, табиғатты сүюге, бағалауға, көре білуге баулу.

Негізгі дерек көздер:Тақырыпқа сәйкес жасалған презентация, жемістердің және көкөністердің суреті

Оқудың нәтижелері:Күздің кереметін ,жыл құстарының қайтуы туралы біледі.

Сабақтың типі:іскерлік пен дағдыны қалыптастыру

Сабақтың түрі:Жаңа білімді меңгерту сабағы

Әдістері шаттық шеңбері, «Топтастыру» , «ЖИГСО», «Басбармақ », «Сұрақ жауап» «Түртіп алу» «РАФТ»

Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері

Береке, бақ дарыған,

Жомарт көңіл, жарқын күз.

Сары алтынға малынған,

Жетті, міне, алтын күз!

(тақтада ілініп тұрған жемістер мен көкөністердің көмегімен топқа бөлу)

Оқушылар бәрі бірігіп өлең жолдарын айтады.

Өздеріне ұнаған жемістердің және көкөністердің бейнесін таңдау арқылы 4 топқа бөлінеді.

Жемістер мен көкөністердің суреті

Үй тапсырмасын тексеру

«Сұрақ жауап әдісі» диалогты оқыту

-Алтын күз дегенді қалай түсінесіңдер?

-Күзгі табиғатты бейнеле? [сөзбен]

-Күздегі еңбек түрлерін ата?

-Күздегі құстардың тіршілігі туралы не білеміз?

-Құстардың тіршілігі мен адам еңбегінің ұқсастығын айт?

Оқушылардың берілген сұрақтарға толық жауап беулерін қадағалау

А3 форматты қағаз, маркерлер

Жаңа сабақ

«Джигсо» әдісі. Мәтінді 4 бөлікке бөліп, топтарға таратамын. Мәтін оқылып топ ішінде талданады.

Мәтінді әр оқушы жеке оқып, топ ішінде талдайды,түсінігін айтады

Бөлікке бөлінген мәтіндердің парақшалары

Сегіту сәті

«Күзгі жауын» ойыны

Мұғалімнің тапсыруы бойынша қимылдарды орындайды

«Жауын дыбысы» аудиожазба

Жаңа сабақты бекіту

« РАФТ әдісі» Құстар балаларға өзбасынан өткен қиыншылықтарын айтып хат жазады

«Автордың орындығы» әдісімен жазған хаттарын қорғайды

Жұмыс дәптерлері


Қорытынды

Топтастыру әдіс

1-топ Күз .2-топ Құстар. Балалар өз топтамасын оқиды,толықтырады ,басқа топқа сұрақтар қояды.

Топтама қағазы


Кері байланыс

1.Бүгін мен не үйрендім? 2.Не ұнады, не ұнамады? 3.Жаңа сабақ бойынша пікірім?

Осы сұрақтар төңірегінде оқушылар өз ойларын айтады

«Сұрақтары бар қорап» әдісі

Бағалау кезеңі

Топ басшысының бағасын жинақтау, мадақтау

Топ басшысы «Басбармақ» әдісімен бағалайды,оқушылар өз-өздерін бағалайды.

Бағалау парағы

Үйге тапсырмасы

Оқулықтың 38-39 беттерін оқып, әр түрлі құстар суреттерін салу.

Күнделіктеріне үйге берілген тапсырманы жазып алады.

Сабақтың тақырыбы: Дақылдар әні. Ә.Табылды.

Жалпы мақсаты

Өлеңді түсініп оқу арқылы идеялық маңызын ашуға мүмкіндік беру.

Оқу нәтижесі:

1.Өлеңді талдайды;

2.Өз ойын еркін айта алады;

3. Топ арасындағы ынтымақтастыққа үйренеді.

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Тренинг «Тілек білдіру».

Балалар шеңберге тұрады, жүрек суреті беріледі. Сол жүректі келесі оқушыға беру арқылы бүгінгі сабаққа тілек білдіреді. Мысалы: Алмаз мен саған бүгінгі сабақта сәттілік тілеймін, Сабина бүгінгі сабақта шығармашыл бол, т.с.с. (3минут)

Үй тапсырмасын қорытындылау. Мәтінді рөлге бөліп оқытқызу (5минут)

Қызығушылықты ояту.«Миға шабуыл» әдісі:

Сабағыңды жөндеп,

Әзірленсең - еңбек

Қиындықтың бәрін

Еңбек қана жеңбек - дегендей біз қазір қандай бөлімді оқып жатырмыз ? Осы бөлімде қандай мәтін, өлеңдер, мысалдарды өттік ?(3 минут) (Маужырап барқыт қоңыр күз. Тақырыптар: Күз, Мұғалім, Алғыс, Күз келбеті)

Топқа бөлу. Партадағы жатқан жануарлар мен өсімдіктердің суреттерін алып, «Жануарлар» мен «Өсімдіктер» тобына бөлінеді.(1 минут)

Слайд. Топ басшысын таңдау,топ ережесін құру

1.Топтың тәртібін сақтау

2. Досыңның (өзгенің) пікірін тыңдау

3. Көмектесу

4. Уақытты үнемдеу

5.Өзін-өзі әділ бағалау. (3 минут)

І-топ: «Жануарлар»

ІІ-топ: «Өсімдіктер»

Сонымен бірге өсімдіктер неше түрге бөлінеді ?

Ағаш, бұта, өсімдік (шөп)

Сол өсімдікке дақылдар, жемістер, бақша өсімдіктері де жатады. (1 минут)

Мағынаны тану.

Слайд. Автор туралы мағлумат беру.

Ә. Табылды 1926 жылы қазіргі Жамбыл облысы, Луговой ауданында туған. Бұл кісі 24 жылдай мұғалім болған. Ол қазіргі кезде сатиралық әңгімелері мен өлең-пьесаларының жинақтары жарық көрді. Оның «Бірінші май» (1941), «Көңілді балалар», «Күлкінің кесірі», «Күздің кереметі», «Жылдардың біл қасиетін», «Наурыз тойы» атты шығармалары мен өлеңдері бар.

АКТ арқылы ақпарат беру.

Слайд. Дақылдар қайда өсетінін таныстырып шығу.

Бидай - Оңтүстік Қазақстанда Алматы, Тараз қалаларында өседі.

Арпа - Қазақстанның Солтүстігінде және Шығысында өседі.

Тары - Батыс Қазақстанда Ақтөбе қаласында өседі.

Сұлы - Солтүстік Қазақстанда және Оңтүстік құрғақ климаты қажет етеді. Суы мол жақсы жерде өседі.

Күріш - Іле, Шу, Сырдария өзенінің бойында өседі.(2 минут)

Оқушыларға смайлик, постер таратылады.

Екі топтың басшылары мәнерлеп өлеңді оқиды. ( топпен талқылау). 1 топ бидай, арпа және тары дақылдардан жасалатын тағамдар жазады, 2 топ сұлы, күріш, бидай дақылдардан қандай тағамдар жасалатынын жазады. Топтан бір спикер ортаға шығып әңгімелейді. Ақпаратпен бөлісу және марапаттау (кім жақсы түсіндірді смайликпен марапаттау). (5 минут)

Оқулықпен жұмыс:

Мақсатты оқу әдісі:

  1. Ең қадірлі тағам түрі туралы қай шумақта айтылған ?

Бидай өлең жолын мәнерлеп оқыту.

  1. Елдің ырыс - құтын арттыратын өлең жолдары қай шумақта айтылған ?

Арпа туралы мәнерлеп оқыту.

  1. Қандай сұраққа жауап беретін түс туралы айтылған шумақты кім оқып береді ?

Тары өлең жолдарын мәнерлеп оқыту.

  1. Әсіресе жылқы малы жақсы көретін дақыл туралы қай шумақта айтылған?

Сұлы туралы өлеңді мәнерлеп оқыту.

5.Осы дақылдардың ішінде суды өте керек ететін дақыл туралы қай шумақта айтылған ?

Күріш туралы мәнерлеп оқыту.

Сергіту сәті. (2минут)

  1. Ой толғаныс.

«Ойыңды түй» әдісі:

І-топ: «Жануарлар» тобы:

Мақал - мәтелдерді жалғастыру: Байтал шауып .....(бәйге)алмас. Егінші жерге қарайды, Құс ......(көкке) қарайды. Шегірткеден қорыққан егін екпес, Бейнеттен ....(қорыққан) мал жимас. Түйе баласы.......(төре) баласы. Қойдың іші - береке, Жылқының іші -..........(мереке). Есектің еті арам, күші......... (адал).Түйе өлген жерде............(жүк) қалады.

ІІ-топ: «Өсімдіктер» тобы:

Табиғат өсімдіктердің бейнелету. (сурет салдыру)(8 минут)

Қорытынды.

«Венн диаграмма» құрастыру:

Өсімдіктер Жануарлар

Өседі, қоректенеді, тірі табиғат, көбейеді,

гүл береді, ауамен көбейеді, бір-бірімен ауамен демалады,

демалады, көбейеді, өмір сүре алады, көреді, естиді.(3 минут)

Кері байланыс.Сабақ туралы оқушылар алған әсерін және алдағы уақытта үйренгісі келетін ұсынысын жаза алады.(1минут)

Мұға Мұғалім немен айналасады немесе іс-әрекеті

Оқушылар немен айналасады немесе іс-әрекеті

Ұйымдастырады,

бағыт-бағдар береді,

жетекші сұрақ қояды,

бақылайды, бағалайды,

Оқиды, талдайды, жоба қорғайды, сұрақтарға жауап береді, жұппен, топпен жұмыс жасайды,бір-бірін бағалайды, қолдайды, ұсыныс білдіре алады.


Дереккөздер және жабдықтар:СТО, АКТ, оқулық, флипчарт, маркерлер, дақылдар суреті, болжау әдісі, мақал-мәтелдер, Венн диаграмма.

Үй тапсырма беру

Слайд. Өлеңді жаттау. (1 минут)

Сабақты бағалау

Тақырыбы:Нан қайдан шығады? (ертегі) М.Етекбаев.

Мақсаты:Ертегі және ертегінің түрлері туралы оқып білу; түсініп оқуға төселдіру; ертегінің идеясын табуға, кейіпкер әрекетін салыстырып, тұжырым жасауға үйрену.Күтілетін нәтиже:

А). Ертегіні түсініп оқиды, мазмұнын өз желісінде әңгімелейді, идеясын ашады.

В). Өз ойын еркін айтып тұжырымдайды, баға беріп таңдау жасайды.

С). Өмірмен байланыстырады, дәлелдейді, қорытынды жасайды.

Дереккөздер, құрал-жабдықтар:

Тапсырмалар:

Жаңа тәсілдер: «Ойлан/жұптас/талқыла» түрткі сұрақ, қайта бағыттау, сұрақ-жауап әдісі, топтық әңгіме, диалогтық оқыту,постер,мәртебесі жоғары және төменгі сұрақтар. Сыни тұрғыдан ойлау әдісі: «Конверт сұрақ», «Стоп кадр», «Өкіл әдсі», «Топтастыру», «Ыстық орындық», «Венн диаграммасы», «5 жолды өлең».АКТ-ны қолдану:белсенді тақтамен таныстырылым, электронды оқулық, ғаламтор желісінін материалдары (сергіту сәтін ұйымдастыру) Оқыту формасы: Топтық, жұптық, жеке

Сабақтың модулдері:

1.Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдер.

2.Сыни ойлауға үйрету.

3.Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

4.АКТ.

5.Талантты және дарынды балаларды оқыту.

6.Оқушылардың жас ерекшеліктері.

7.Оқытудағы басқару және көшбасшылық.

Бағалау:

Формативті бағалау: Ынталандыру мақсатында қолдау көрсету. «Қолпаштау», «Топты бағалау»,өзін-өзі бағалау, «Басбармақ» «Екі жұлдыз бір тілек», «Критерий бойынша бағалау». Жиынтық бағалау. Кері байланыс: «Талқылау бойынша серіктестер».

Сабақтың барысы:2 мин

Оқушылармен сәлемдесу, психологиялық ахуал:

Қайырымды жандар айнала,

Шеңберге келсін жайлана.

Жалықпастан қайта біз,

Махаббат сөзін айтамыз.

Сүйеміз барлық ананы

Жүрегім оттай жанады.

Бақыттымыз осы біз,

Қасымызда досымыз.

Сергіту жаттығуы белсенді тақтадан «Жұмыр қылыш».

Оқушылар мұғаліммен сәлемдеседі.

Шаттық шеңберіне тұрып бәрі бірге өлең айтады.

Сергіту жаттығуын жасайды

7 мин.

Күз айларының атауымен топқа бөлу. Топ ережесін қайталау

1-топ: «Қыркүйек».

2-топ: «Қазан».

«Конверт сұрақ» әдісімен үй тапсырмасы сұралады.

1-топ: Күздің екінші айы неге Қазан деп аталған?.

2-топ: Қазан айындағы табиғаттың өзгеру заңдылығын топтастыр.

3-топ: Қазанның «інісі» кім? «Ағасы» кім?

Ынталандыру мақсатында қолдау көрсету. «Қолпаштау», «Басбармақ», арқылы бағалайды. 1-топ 2-топты,2-топ

1-топ:Қазан айы - азаматтық күнтізбе бойынша оныншы, күздің екінші айы. Парсы тілінде "күз" дегенді,халық тілінде"қазан соғу",«қазан ат» т.б.деректер айтады..

2-топ:Қазан айының ауа райы арқылы қыс пен көктемнің ауа райын болжайды.

.

Тұсаукесер:

3 мин.

Белсенді тақтамен таныстырылым, ғаламтор желісінен алынған материалдар «Стоп кадр» арқылы көрсетіледі.

-Суретті нені, кімді көріп тұрсыздар?

-Сабақ не туралы болады деп ойлайсыздар?

Диалогтық әңгіме, жоғары және төмен деңгейлі сұрақтар арқылы топтық әңгіме жүреді.

Оқушылар шығармадағы оқиғаны болжап айта

Жаңа сабақ:

-Балалар, бүгін біз сабағымызда Мұахметжан Етекбаевтің «Нан қайдан шығады?» ертегісімен танысамыз.

Белсенді тақтада электрондық оқулықтан таныстырылым көрсетіледі.

Белсенді тақтадан Мұхаметжан Етекбаевтің өмірбаянын таныстыру.

Ертегі - қызық ғажайып оқиғаларды ойдан шығарып өсіре әңгімелейтін көркем шығарма.т.б.

Ертегінің түрлері:

1).Түрмыс - салт ертегілері.

2).Қиял - ғажайып ертегілері.

3).Хайуанаттар жайлы ертегілер.

Оқулықпен жұмыс: Ертегі үш бөлімге бөлінеді.Әр топ өз бөлімін оқып, жұпта, топта әңгімелейді. «Өкіл әдісі» арқылы әңгімелеу, түсіну,талдау.

Кеңейтілген тапсырма:

А). Ертегінің идеясын анықта, дәлелде. В).Ертегідегі оқиға жылдың қай мезгілінде болғанын түсіндір.С) . Нан туралы 5 жолды өлең.

Әзірге кедергісі бар балаларға: Өз тұжырымын қосып «Иә,жоқ» кестесін толтыру. Топтық жұмыс:

1-топ: Ертегіні рөлге бөліп оқып, сахналайды.

2-топ: Ертегі кейіпкерлерін топтастыру.

Постер қорғау.

Сұрақтарға жауап береді.

Ресурстарды оқып, танысады.

Ынталандыру мақсатында қолдау көрсету. «Қолпаштау», «Топты бағалау», өзін-өзі бағалау, «Басбармақ»,

«Екі жұлдыз бір тілек» арқылы оқушылар бірін-бірі бағалайды.

Оқушылар кезекпен автордың өмірбаянын оқиды.

Ертегіні оқып, жұпта, топта әңгімелейді,негізгі ойды талқылайды. Әр топтан екі оқушы келесі топтарға барып, бір-біріне түсіндіреді.

Бір-бірімен мәлімет алысады, жазады, суреттерді жапсырмалайды.

Әзірге кедергісі бар балалар өз тұжырымын қосып «Иә,жоқ» кестесін толтырады.

Рөлге бөліп оқып, сахналайды.

Жағымсыз кейіпкердің бейнесін әңгімелейді. Өз ойларын білдіреді,топтастырады.

Үй жұмысы мен жаңа сабақты салыстырып Венн диаграммасын құрады.

Әр топ өзіне берілген тапсырманы топта талдайды, постер дайындап, оны қорғайды

Қорытынды:

5 мин.

«Ыстық орындық» арқылы сабақ қорытындыланады.

Сұрақ қояды, жауап береді.

«Нан туралы бес жолды өлеңді» оқиды.

Бағалау:

3 мин.

«Критерий бойынша бағалау». Жиынтық бағалау.Кері байланыс: «Талқылау бойынша серіктестер».

Өлең оқылып бағаланады.

Оқушылар өздері үйренген үш нәрсе туралы стикерге жазып, оқиды.

Үйге тапсырма

2 мин.

49-50 беттер. (ертегінің мазмұны). «Комбайн мен Орақтың айтысы» тақырыбына мысал ойлап жаз.

Үй тапсырмасын күнделікке жазады.

«Критерий бойынша бағалау».

Барлық жұмыстың бағасын топ басшысы әр мүшенің қатысу деңгейін толық баяндап, қорытынды бағасын айтады. Топ мүшелері топ басшысын бағалайды.

Баллдар суммасы Баға

8-10 б. «5»----------үздік

5-7 б. «4»----------жақсы

2-4 б. «3»----------қанағаттандырылған

0-1 б. «2»----------қанағаттандырылмаған


Сабақ тақырыбы:Туған жер. Ө.Қанахин
Сабақ мақсаты: Жаңа материалды игерту
а) білімдік: Мәтінді түсініп оқу, негізгі ойды ашу
ә) дамытушылық: Өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын дамыту
б) тәрбиелік:Өзгенің пікірін тыңдауға, мәдениетті сөйлеуге, сауатты жазуға тәрбиелеу
Типі: жаңа сабақ
Әдісі: түсіндіру, топтастыру, сұрақ-жауап
Пәнаралық байланысы: бейнелеу, дүниетану
Көрнекілігі: Қазақстанның, Ақтөбе облысының карталары, Ойыл ауданының, Қараой ауылының бейнелері, интерактивті тақта
Сабақ құрылымы:
• 1. Ұйымдастыру (психологиялық дайындық)
• 2. "Миға шабуыл"(Қайталау сұрақтары)
• 3. Жаңа сабақ
• 4. "Сөздің сырын ұғайық..."
• 5. Оқулықпен жұмыс(мәтінді тізбектей оқу)
• 6. "Бала шығармашылығы - болашақ негізі"
• 7. Тақырыптық тест
• 8. Бағалау
• 9. Үйге тапсырма
• 10. Қорытынды
І Психологиялық дайындық.Сақтайық кәне тыныштық,
Бүгінгі сабақ тым қызық.
Ойлан, ойлан және ойлан,
Сабақтардан сыр не ұқтық?
ІІ.Миға шабуыл
1. "Ат өнері білінбес,
Бәйгеге түсіп жарыспай..." Үзінді қай өлеңнен алынған?
2. ІІ тараудағы тақырыбы "Рахмет" сөзінің синонимі болған мәтінді ата
3. Биыл жазда ту ұстап
Еттім ғой, - деп, мол еңбек.
Дала жатыр тыныстап,
Сәл демалып алам деп. Осы өлең жолдарының авторы кім?
4. Бұл өлеңде жылдың қай мезгілі суреттелген?
5. "Анна апайдың бақшасы" әңгімесінде Жеңіс неге ұялды?
ІІІ.Жаңа сабақ.Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Қараой селосын әңгімелеу.
ІҮ.Өтебай Қанахин кім?
Ү.»Сөздің сырын ұғайық.....»
Киелі - ерекше қасиеті бар
Ризық - бұйырған нәсіп, ырыс
Маңғаз - кербез, паң, тәкаппар аспанмен таласқан, биік
Зеңгір - аспанмен таласқан, биік
ҮІ.Бала шығармашылығы -болашақ негізі.
І топ - «Туған жер» туралы мақал жазу
ІІ топ -«Уа туған жер, топырағыңнан жаралдым» өлеңдер оқу
ІІІ топ - «Ата қоныс - туған жер» сурет салу
ҮІІ Тестпен жұмыс
• 1. Туған жердің нәрі не:
• а) гүл
ә) көл
б) шөп
• 2. Туған жердің ризығы не:
• а) балық
ә) гүл
б) топырақ
• 3. Туған жердің көркі не:
• а) тас
ә) аққу
б) қала
• 4. Туған жермен мәндес сөз:
• а) астана
ә) атамекен
б) тоғай
ҮІІІ.Үйге тапсырма Мәтінді оқу.Мазмұнын айту.
ІХ.Бағалау


Тақырыбы: Үш бақытым Мұқағали Мақатаев

Мақсаты: Мұқағали Мақатаев жайлы айта келіп, өлеңді мәнерлеп оқуға, салыстыра білуге үйрету; есте сақтау,ойын толық жеткізе білуге дағдыландыру; өзінің ана тілін сүюге, қадірлеуге баулу.

Көрнекілігі: суреттер топтамасы. флипчарт

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Әр топтан тізбектетіп оқыту.

Ақын тәуелсіз елдің балалары қандай болуы керек дейді? Нелерден аулақ бол дейді?

Қызығушылықтарын ояту. Сыныпты топқа бөлу.

Ой шақыру:

Жаңа сабақты бастамас бұрын сендер бақыт деген не екенін қалай түсінесіндер? 3- топқа тапсырма

Бақыт дегенде ойларыңа не келеді соның бәрін сурет бетіне түсіріңдер.

Бүгінгі сабағымызда М.Мақатаевтың Үш бақытым атты өлеңімен танысамыз.

Автор жайлы оқушылар айтып өтеді.

Халықтың салт-дәстүрі мен тұрмыс тіршілігін, қазақы ауыл тірлігін сезімталдықпен жырлаған ақынның бірі - Мұқағали Мақатаев.

  1. топ өмірі

  2. -топ шығармашылығы

«Артық білім кітапта»оқулықпен жұмыс.

Үш бақытым өлеңді мәнерлеп оқу. (тыңдау.

Оқушылардың өздеріңе оқытып талдату. (түртіп алу)

Видео көру. (сергіту)

Ой толғаныс

А- Мен бақытты баламын ұйқасын тап өлең құрастыру.

В - Халық,Отан, тіл туралы мақал мәтел жазу.

С- Отан деген сөзге дыбыстық талдау.

Өмір берсең бақытты қып бер

Арман ағашы

Мен бақытты болу үшін не істеуім керек. (жазып жапсыру.)

Қорытынды: Сәби болғым келеді. Әнімен қорытындылау.Бағалау


Сабақтың тақырыбы; Түркістан. Марфуға Айтхожина.
Мақсаты
Автор туралы мәлімет бере отырып, шығармашылығымен таныстыру. Киелі Түркістан қаласаының тарихынан хабардар ету.
Міндеттері Өлеңнің идеялық, тарихи мазмұнын түсіне отырып, тереңірек үңіле іздену жұмыстарына деген қызығушылықтарын арттыру;
Өз елінің тарихи мұра жәдігерлерін зерттеу, құрметтеуге, ұлттық құндылықтарды ұрпаққа жеткізу жауапкершілігін ояту.
Күтілетін нәтиже топтық жұмыс арқылы оқушылар өзіндік ізденіске бағытталады, шығармашылықпен жұмыс істеу дағдылары артады;
өлең жолдарын талдау арқылы еркін ойлау, өз көзқарасын жеткізе, дәлелдей білу, өзгені тыңдай, тұжырым жасай білу қабілеттері жетіледі;
әр оқушы өз-өзіне баға береді, өзіндік пайымын жасайды, тәрбиелік, тағылымдық мәнін ұғынады.
Көрнекіліктері Автордың портреті, кітаптары, Түркістан қаласының, музейінің суреттері, бейнефильм.
Түйінді түсініктер
көне қала, ежелгі қала, тарихи қала
САБАҚТЫҢ ӨТУ БАРЫСЫ
Сабақ кезеңдері, модуль Мұғалімнің әрекеті Тапсырма мазмұны Оқушының әрекеті Бағалау Ресурстар
І Кіріспе
(оқу бағдарламасын анықтау: балалар нені оқып-үйренеді және сабақта жоспарланған жұмыс формаларының нәтижесінде қандай әрекеттерді игереді)
Модуль: жаңа әдіс-тәсілдер
Әдісі: топқа бөлу тренингі
Уақыты: 3мин
Модуль: Бағалау
Әдісі: өзара бағалау
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, сабаққа қатысуын қадағалау.
Бүгінгі сабақтың мақсат, міндеттерін қою.
Оқушыларды топқа бөлу.
«Мен сенің бойыңнан мына қасиеттерді көргім келеді...» (өз-өзіңе сенім, бір-біріңе қолдау көрсету, кез-келген затқа жорамал жасау, өз пікіріңді ортаға салу ) тренингі арқылы топқа бөлемін.
(оқушылар мұғалімнің қолындағы адамның әр түрлі қасиеттері жазылған парақшаларды суыру арқылы топқа бөлінеді, қасиеттері бірдей оқушылар бір топқа жайғасады)
Алдын-ала бағалау парақтары ұсынылады.
Оқушылар өзара бағалау әдісімен жұмыстанады. Сабаққа даярланады, жинақталады, жаңа сабаққа ден қояды.
Топқа бөлінеді, топ ережелерін бекітеді.
Оқу құралдары
Интер. тақта, оқулық, дәптер
СТО
1.Қызығушылықты ояту -Бұл өлең жолдары кім туралы?
-Қожа Ахмет Йасауи туралы не білесіңдер?
- Қожа Ахмет Йасауи дің күмбезі қай қалада орналасқан?
- Күмбездің салыну тарихын кім біледі? -Ей, мұсылман, бұл дүниенің баяны жоқ,
Шын білерсің әр кез мұның жалғаны жоқ.
Кім білмесе бір Алланы, иманы жоқ,
Естіп, оқып, жерге кірі Құл Қожа Ахмет.
Құл Қожа Ахмет алпыс үште ғайып болды,
Әдеп сақтап Мұстафаға найып болды.
Сұлтан болды, мехнат тартып тайып болды,
Естіп, оқып, жерге кірді Құл Қожа Ахмет. Сұрақтарға толық жауап алу.
Қажет дерек:
- Қожа Ахмет Йасауидің кесенесін салдырған - Ақсақ Темір. Қожа Ахмет Йасауи - бар өмірін ғылым-білімге арнаған ғұлама. Ол кісі ғұмырын ислам діни насихаттауға арнады, құран сөздерін өлеңмен сөйлетті. Аса ұлы ғұламаның бұл асыл еңбегі «Диуани Хикмет» деп аталады. Оқу құралдары
Интер. тақта, оқулық, дәптер
2. Мағынаны тану
АКТ
«Түркістан әфсанасы» экскурсиялық бейнефильм
«Есіңе сақта» дерегі -Енді осы күмбез туралы және Түркістан қаласы «Түркістан әфсанасы» атты тарихи-географиялық экскурсиялық бейнефильмнен үзінді көріп, жақынырақ танысайық. Интер. тақтадан күмбез туралы және Түркістан қаласы «Түркістан әфсанасы» атты тарихи-географиялық экскурсиялық бейнефильмнен үзінді көру. «Есте сақта» дерегімен фильмнен кейін есімізде не қалғанын дереу тезис түрінде қағаз бетіне (дәптеріне) түсіріп алу.
Топта ой бөлісу. Деректі толықтыру.
3. Оқулықпен жұмыс Жаңа сабақпен таныстыру.
Өлеңді «Киелі Түркістан»өлеңінің әуенін ақырын қосып оқу.
«Түркістан - қасиетті бабалардың қара шаңырағы» дегенді қалай түсінесің?
Оны неге «көнелердің көзі» дейміз?
Сөздік жұмысын жүргізу Мәнерлеп, әуезді оқығаннан алған әсерлерімен бөлісу.
Сұрақтарға толық жауап алу.
Сергіту сәті Сергіту сәтіне «Киелі Түркістан» өлеңінің әуенін пайдалану.
4. Ойтолғау.
«Сыр сандық» стратегиясы Оқушы ойын тыңдау. 1. Бүгінгі сабақтан есте қалған 10 заттың атын жаз.
2.Осы аталған заттардың ішінен саған қатты ұнаған үшеуін белгілеп, солар туралы толығырақ мәлімет жаз. Оқушы өз ойын алдымен жұпта, ортаға салып, тақтаға әр топтан бір оқушы шығып қорғайды.
ІҮ Сабақты қорытындылау
(оқушылардың оқып-үйренгендерінің нәтижесін бағалау) Бүгінгі сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау, үйге тапсырма беріледі.
Уақыты: 5 минут Әр топ оқушыларын өзара бағалау парағы арқылы бағалату. (қалыптастырушы баға) «Бүгінгі сабақтан алған әсерім...» рефлексия жазу Үйге тапсырма: өлең шумақтарын жаттау Оқу құралдары
Кері байланыс
(оқушылар рефлексиясы) Бүгін мен не үйрендім?
Маған не ұнады/ұнамады?
Жаңа сабақ бойынша сұрақ немесе пікірің...



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал