7


  • Учителю
  • Бейнелеу өнері сабақ жоспары 3 сынып

Бейнелеу өнері сабақ жоспары 3 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні :

Мектебі: №219 Ы. Алтынсарин

Мұғалімі

Кембаева Ләззат

Сыныбы

3

Пәні

Бейнелеу өнері

Сабақтың тақырыбы:

Баллар автопортрет салады

Сілтеме:

Оқулық, 136-137 бет

Жалпы мақсаттары:

Танымдық:Портрет өнері портрет түрлері

тақырыбында алған білімдерін тиянақтау

мақсатында өз автопортреттерін салуды,

өзіндік ерекшеліктерін нақтылап бере

білуді меңгерту.

Эмоциялық:Психологиялық жағымды ортада жұмыс

жасауға ықпал ету. Бет бейненің

сұлулығын ғана емес жан сұлулығын

ұштастырып өз шығармаларында бере

білуді үйрету. Қиалдай білуді дамыту.

Әлеуметтік:Әлеуметтік өзара әрекеттестікте оқыту

арқылы барлық оқушылардың оқыту оқу

үдерісіне қатысуына жағдай жасау.

Оқу нәтижесінде:

Өз автопортреттерінде ішкі жан сұлулығы мен тән сұлулығын үштастыра отырып автопортрет жайлы кеңірек мағлұмат алады. Портрет жанрларының ерекшеліктерін түсінеді.

Тапсырма көздері,әдіс тәсілдер:



«Атом-молекула» ойыны, «Көңілді портретшілер шығармалары» тақырыбында көрме, «Бет бейнені сахнала» ойыны, «Ойлан тап!» ойыны, талдау-баяндау әдісі,топтық жұмыс, жұптық жұмыс, өзіндік жұмыс.

Негізгі идея:

Сыни ойлау,өзіндік сана сезім, өзіндік таным қабілеттері артады. Сабаққа белсенділікпен қатысады, диалогқа түседі. Мазмұнға толы автопортреттерін ұсынады.

Сабақтың көрнекілігі:

Балалар фотосуреттері, суреттер, айна, оқулық, бояулар.

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті



Оқушының іс-әрекеті



Мотивациялық кезең

4 минут

Сыныпта ынтымақтастық

атмосферасын қалыптастыру

«Атом-Молекула» ойынын ойнату арқылы топтарға бөлу.

Оқушыларды топтарға топтастыру.4-5 дегенде сонша адамнан, соңында әр топтан 5адамнан топтасады.

Үй тапсырмасын сұрау

5 минут

«Көңілді портретшілер,»тақырыбында көрме ұйымдастыра отырып, оқушылардың салған портрет түрлерін көрмеге ілдіру. Үздік жұмыстарды атап салыстыру, бағалау (ОүБ-1 өзін-өзі бағалау)

Үйден орындап келген жұмыстарын көрмеге ілу. Жақсы жұмыстарды талдап, өзін өзі бағалау.



Жаңа сабақ

23 минут

«Бет бейнені сахнала» ойыны(СтО-тапқырлық)

1.Мұғалім бірнеше көңіл күйді білдіретін сөздерді топтағы оқушыларға таратады.

2.Топтардан бет бейнені дұрыс әрі көңілді етіп сахналаған оқушыларға жетондар беріп отырамын.(жетондар арқылы бағалау)

3.Жабық сұрақтар

-Осы аталған бет бейнелерді қағаз бетіне түсірсек ол шығарма қалай аталады?(Портрет)

-Сонымен портрет деген не?

-Портреттер нешеге бөлінеді?

-Сатанатты портреттің ерекшелігі қандай?

-Топтық портрет пен жұптық портреттің бір бірінен ерекшелігін атаңдар.

-Камерералық портрет дегеніміз не?

-«Камера» сөзін қай тілден аударған және ол қандай мағына білдіреді?

-Автопортрет қалай орындалады?

Жаңа сабақтың тақырыбын таныстыру.

Балалар автопортрет салады

Автопортрет салмас бұрын өз фотосуреттерін көрсету,ерекшеліктеріне тоқталу.

Баяндау әдісі.

-Балалар сендердің жүздеріңе қарап, сүйсінемін. Сендер бір-бірлеріңе ұқсамайсыңдар, алайда барлығыңа ортақ қасиет-жүздеріңнен бақытты балалықтың лебі еседі. Бүгінгі сабағымызда сендер өздеріңнің автопортреттеріңді салып көресіңдер. Автопортрет салмас бұрын фотосуреттеріңді қарап шығып,бет бейнелеріңді айнадан мұқият қарап шығыңдар.

Сенің автопортретіңе қандай түстер гаммасы қажет деп ойлайсың,қандай көңіл күйді білдіргің келеді, қандай материалдармен орындағың келеді оны таңдау әрине өз еріктеріңде.

Автопортрет салмас бұрын мына

сұрақтарға жауап бер:

-Портретіңде өзің жайлы не айтқың келеді? Сен қандайсың?

-Мінез құлқың әдеттерің ше?

-Көбіне қандай көңіл күйде боласың?

-Бос уақытыңда немен шұғылданғанды ұнатасың?

-Сен өзіңді қандай жұмыс үстінде бейнелегенді қалайсың?

Жеке жұмыс

Сарамандық тапсырма:өз автопортреттерін бейнелеу.

</<font face="Times New Roman, serif">Оқушылар сол сөздегі көңіл күйді айнытпай сахналауы тиіс.



Топтар бірін-бірі бағалай отырып, жетонды көптеп жинауға талпынады.





Оқушылар өткен сабақтағы алған білімдерін еске түсіріп, пысықтай отырып берілген сұрақтарға жауап береді.













Дәптерлеріне бүгінгі сабақтың тақырыбын жазып алу.











Тыңдап, фотосуреттерін көріп ерекшеліктерін аңғарады.





.









Әрбір оқушы өз бетінше сұрақтарға жауап беріп көреді.







Автопортреттерін салады.

Сергіту сәті

2 минут

АКТ-ның көмегімен музыка қою.

Музыка ырғағына сай қимыл қозғалыстар жасау.

Бекіту тапсырмалары.

Қорытынды.

7 минут

«Ойлан тап!» ойыны.

Шаршы ішіне жасырылған 5 сөзді тап.





Жигсо-2 әдісі бойынша баяндау.

Түсінгендерін өзге топтарға барып баяндау.



Әрбір топтардан бір оқушыдан шығып өзге топтарға барып сабақ мазмұнын қысқаша баяндап береді.

Бағалау

3 минут

Бағалау түрлерін қолдану, түсіндіру.

ОүБ-1,2, жетондар арқылы бағалау.

Көп жетон жинаған топты атап шығу және оқушылардың бағалауларын білу үшін «Екі жұлдыз бір ұсыныс» әдісін пайдалану.

Топ жұмыстарының ерекшеліктерін атап шығу.

Топтарға жұлдыз немесе ұсыныстарын беру.

Кейінгі тапсырмалар

1 минут

Өз автопортреттерін аяқтап келу.

Автопортреттеріндегі өзіндік ерекшеліктерін айқын беруге тырысу.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал