7


Көк ту және достар (1 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні: 25.02.2016ж

Тақырыбы: Көк ту және достар

Тәрбие сағатының мақсаты: Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту. Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендерін ұғындыру. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру.

Тәрбие сағатының көрнекіліктері: қанатты сөздер, суреттер мен портреттер, интерактив тақта, компьютер, шарлар, ашықхаттар, музыка, слайдтар, Қазақстан картасына макет.

Мұғалім:

Қайырлы күн! Қадірлі оқушылар және ата - аналар!

«Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі» дегендей, болашақ жас ұрпақ 1 «А» сыныбы оқушыларының «Көк ту және достар» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

Нұрасыл:

Біздің Отанымыз - Қазақстан. Отанымызды әлем таныды. Осы сәтте Отан туралы еріксіз ойға кетесің. Отан деген сөздің мағынасы кең. Отан - далаң, орман, тауың, ауылың, туған жерің. Тәй - тәй басқан нәресте де, еңкейген қарияда осы - Отанның мүшесі.

Кәусар:

Бақытты боп жүргенім,

Сенің арқаң, Ұлы Отан.

Елім менің тірегім,

Құшағыңда гүл шашам,

Шығысыңнан арайлы,

Күліп атқан құба таң.

Хор: «Атамекен»

Аягөз:

Сенен бақыт тарайды,

Баршамызға Нұр Отан.

Сарқылмайтын қуатым,

Тірегімсің, сен Отан.

Мәңгі соғып тұратын,

Жүрегімсің, сен, Отан

Бірге:

Біз тәуелсіз еліміздің түлегі болғанымызға қуанамыз.

2 - слайд. Отан туралы мақалдар (суреттермен)

4. Орағың өткір болса, қарың талмайды,

Отаның берік болса, жауың алмайды.

5. Бұлбұл гүлзарын сүйеді,

Адал адам Отанын сүйеді.

6. Отан елдің анасы,

Ел ердің анасы.

7. Отаны бірдің жүрегі бір,

Жүрегі бірдің тілегі бір.

8. Отаның тыныш - сен тыныш.

9. Отанын сатқан - оңбас.

Дарын:

Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы

Оны халық қашан да

Биікке іліп қояды

Жасұлан:

Туымызға жас туған

Бір қарамай өтпейді.

Сол көк тудың астында

Көгереміз, көктейміз.

Ән: «Туған ел» орындайтын: Елубаева А. Тойбазарова Г.

Сыр бойындай баулардан ,

Алатудай таулардан.

Сарыарқадай даламнан,

Теңіз Каспий,Аралдан.

Баян сұлу,Жібектей,

Төлегендей түлектей.

Ұл-қызы бар елімнің,

Жұлдызы бар жерімнін.

Ұлы тойдай ұлы есім.

Жаралған ер жер үшін,

Сырда сұлу күрішім,

Қырда бидай ырысым.

Жыршы-жырау салтымнан,

Әнші-күйші халқымнан

Сәлем саған,туған ел!

Видеоролик.

«Көк ту және достар»

Ән:
«Туған жердей жер болмас» орындаушы: Әбдіманап К.

Қорытынды

Мұғалім:

Көк тудың желбірегені

Жаныма қуат береді

Таласқа түссе жан мен ту

Жан емес маған керегі

Көк тудың желбірегені-

деп ақын Алмас Ахметбекұлы жырлағандай бұл көк ту желбірегенде бар қазақтың жүрегінде қуаныш, сенім ұялайтыны белгілі. Әр әнұран шырқалғанда әр адам орнынан тұрып, қолын жүрегіне қояды. Бұл әнұранға деген шексіз құрмет. Менің жүрегім еліммен бірге жасап, әнұранымен бірге соғып, өмірі тоқтамайды. Рәміздеріміз жасай берсін!





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал