- Учителю
- Менің болашақ мамандығым 4-сынып
Менің болашақ мамандығым 4-сынып
Сабақтың тақырыбы: Менің болашақ мамандығым.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға бейімділік, мамандық туралы ұғымдармен таныстыру, мамандықтар тобы, таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта-ықыласын арттыру. Кәсіптік бағдар беру. Өзін-өзі тану аумағын кеңейту, мамандықтар әлемінен ақпараттар беру.
Көрнекілігі: слайдтар, сөзжұмбақтар, парақшалар.
Барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі.
Көңіл- күй ахуалы. Ынталандыру.
II.Кіріспе.
Құрметті қонақтар.! «Менің болашақ мамандығым» атты сынып сабағымызға қош келдіңіздер.
Мектебіміздің кәсіптік бағдар беруге байланысты сынып сағаттары өтіп жатқандықтан, бүгінгі сабағымызда осы тақырып төңірегінде сөз қозғалмақ.
Бейімділік, қабілеттілік, икемділік сөздері-мағынасы бір-біріне жуық сөздер. Енді осы сөздерге түсініктеме беріп өтейік.
1-оқушы: Сандуғаш:
Бейімділік-өз қажеттілігін қанағаттандыру үшін адамның нақты бір әрекет жасауы.
2-оқушы: Жания:
Икемділік - адамның қандай да бір нәрсені орындай білу қабілеті. Ол түрлі дәрежеде көрінеді. Икемділік білім мен тәжірибеге негізделген. Кімнің білімі мен тәжірибесі көбірек болса, сол адамның икемділігі де артық болады. Ол еңбек процесінде, тәрбие жағдайында дамып жетіледі.
3-оқушы: Шұғыла: Бейімділік пен қабілет көп жағдайларда бірге болады. Өйткені адамның бір нәрсеге қабілеттілігі оның бейімділігіне орай қалыптасады.
III. Негізгі бөлім.
-
Сөзжұмбақ шешу. «Мамандық»
1.Мынау менің сезгенім,
Ол сыныптың анасы.
Өзінің де, өзгенің
Баласы оның баласы. Қ.Мырзалиевтың өлеңінде кім туралы айтылған?
(Мұғалім)
-
Ғарышқа ұшатын адам. (Ғарышкер)
-
Ауа райын болжайтын адам. (Метеролог)
-
Өскен шашты жақтырмайтын,
Қайшысы бар жалақтайтын. (Шаштараз)
5.Біздің киімімізді кім тігеді? (Тігінші)
6. Ақ халатты абзал жан? (Дәрігер)
7. Зәулім үйлер салып беретін кім? (құрылысшы)
8. Ұшақты басқаратын адам? (Ұшқыш)
-Мына сөзжұмбақта сегіз сөз шештік, жасырынған 9-сөзді кім табады? (Мамандық)
2. Ал мамандық дегеніміз не?
4-оқушы-Ұлпан:
«Мамандық» орысша-Профессия-латын сөзінен шыққан, 'professio'-анықталған іс, яғни мамандық дегенді білдіреді. Мамандық қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап етеді.
5-оқушы- Асылжан:
Мамандық таңдау-тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау. Бұл- өте маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам қалауына, қабілетіне, бейімділігіне сүйену керек.
3. Әлемде мамандық түрлері өте көп.
«Кім болам?» тақырыбына жазған шығармаларың бойынша мынадай топтарға бөлуге болады.
-Болашақ ұстаздар-Асылжан, Гүлсезім.
-Болашақ дәрігерлер-Жания, Шұғыла, Сейілбек, Сандуғаш
-Болашақ дизайнер-Ұлпан
-Болашақ спортшылар-Аңсар, Қанат, Әділет, Ернияз.
Оқушылар шығармаларынан үзінділерге және мамандыққа байланысты өлеңдерге кезек берейік.
4.Сиқырлы қарындаш ойыны.
Әр бала өзінің мамандығына байланысты заттардың суретін салады және де осы мамандық иелерінде қандай қасиеттер болуы қажет екенін жазу.
5.-Енді, балалар , бірнеше маманның ой-толғауымен танысып көрейік.
6. Ойын «Бұл-қандай мамандық?»
Слайдта сурет берілген, оқушылар қазақшасын айтады.
IV. Қорытынды.
Мамандық! Бұны таңдаудың үш әдісі бар екен.
Бірінші әдіс: Сынақ және қателік,адамға нағыз қажетті мамандықты таппайынша адаса жүріп, әр салада жұмыс істеуіне болады.
Бұл оған жақсы өмір сыйлауымен қатар еңбектің де дәмін татады. Бұған өмірінің жартысы кетуі мүмкін.
Екінші әдіс: Қандай мамандық таңдаса да әрбір адамға қажетті өзін-өзі тану, өзінің қызығушылығы мен қабілетін, ойын, есте сақтауын, қабылдауын, жүйке жүйесінің қалыбын білу. Өзі туралы білген соң, мамандық әлемімен танысуға, сол мамандық жөнінде білуіне болады.
Үшінші әдіс: Ол өзінің ата-ананың, атаңның және бабаларыңның мамандығын таңдау. Осы 3 әдістің біреуін мамандық таңдаушы өзіне керек нәрсе ретінде қабылдауына болады.
Өмірде адам болған соң жақсы істерге, жағымсыз істерге бейім болуымыз мүмкін. Сондықтан, егер өзіңді жақсы көрсең, осы бастан бастап жақсы істерге бейімделіңдер, ұмтылыңдар, ізденіңдер, оқыңдар, еңбектеніңдер, өз-өздеріңді таныңдар.
Жақсылық көрсең-біреуден, мен қандаймын деп ойла,
Жамандық көрсең -біреуден, мен қандаймын деп ойла.
Өзіңді өзің қолға ал,
Өзіңсің ақыл айнасы,-дей келе болашақ кілті жастардың қолында,-деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.