- Учителю
- Классный час по казахскому языку на тему Ана тілім-ардағым (4 класс)
Классный час по казахскому языку на тему Ана тілім-ардағым (4 класс)
Сайыстың тақырыбы: «Ана тілім- ардағым»
Сайыстың мақсаты: Оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Ұлттық қасиетті сақтауға, туған тілді қадірлеуге үйрету.
Сайыстың түрі: жарыс сабақ
Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, қима қағаздар, оқулық
Сайыс әдісі: тіл меңгеру
Сайыс барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
II. Сайыс кезеңдеріне тоқталу.
III. Сайыс мақсатын айту.
Әнұран орындалады.
Мұғалім: Армасыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
22 - қыркүйек - Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Бұл - барша елге ортақ, жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет.
Сүйемін туған тілді - анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнін,- деп ақын С.Торайғыров жырлағандай
бүгінгі тіл мерекесіне арналған «Ана тілім- ардағым» атты
зияткерлік ойынымызды бастайыз. Бастамас бұрын әділқазы алқаларымен
таныс болыңыздар
Бастауыш сыныптардың оқу тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Л.Г. Шарпак
бастауыш сыныптың мұғалімі Н.Т. Жолданова
ағылшын тілі пәнінің мұғалімі А.Ж. Қошанова
қазақ тілі пәнінің мұғалімі И.С. Аяхметова
Бүгінгі сайысымызда сыныпты екі топқа бөліп жарыстырамыз.
I - кезең.Таныстыру.
Шарты: Екі топтың басшысы өздерінің топтарын таныстырып өтеді.
1-топ. Біздің топ: «Қарлығаш».
Біздің ұранымыз: «Тіл бар жерде - өмір бар».
Біздің өлеңіміз:
Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
2 - топ. Біздің топ: «Көгершін».
Біздің ұранымыз: «Сүйемін туған тілді - қазақ тілін».
Біздің өлеңіміз: Тіліміздің бұлағы,
Тірліктің ел жүрегі.
Ана тілін сүйемін,
Отан үшін күйемін.
II - кезең. «Шытырман сұрақтар». Екі команда ұяшық таңдап, ұяшықтағы жасырылған сұрақтарға жауап беру
Сұрақтар:
1 Қазақстан Республикасының Президенті кім?
2. Қазақстан қандай мемлекет?
3. Қазақстанның бас қаласы қай қала?
4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қандай?
5. Тудың ортасында не бейнеленген?
6. Қазақстанның қалаларын ата?
4 «Г» сынып оқушысы Полина Кулакованың орындауында
ән «Туған жер»
III - кезең. «Кім жылдам?»
Шарты: «Қанағаттанарлық» сөзі беріледі. Екі топ белгіленген уақыт
ішінде берілген сөзден мағыналы сөздер құрастыру керек
ІҮ- кезең «ПОЛИГЛОТ» Берілген ұяшықтарда сурет берілген.Сол суретті үш тілде атап шығу керек.
Ү-кезең. Мәнерлеп оқу сайысы. Тілге байланысты екі топ өздерінің өлеңдерін оқиды.
Ана тілім -елдігім
Ана тілім - ерлігім.
Тілді биік құрметтеп
Тойлап жатыр ел бүгін. (4 «Г» сынып оқушысы Арман Қинаятов)
Ана тілім - тірегім
Ана тілім - жүрегім.
Қасиетті елімнің
Тек өзің деп білемін. (4 «Г» сынып оқушысы Андрей Цыганков)
Ана тілім - ұраным,
Ана тілім - құралым.
Ана тілім болмаса,
Болмас еді жыр - әнім. (4«Г» сынып оқушысы Кулакова Полина)
Ана тілім - елдігім,
Ана тілім - ерлігім.
Ана тілім болмаса,
Бүтінделмес кемдігім. (4 «Г» сынып оқушысы Олжабай Жарас)
Ана тілің - арың бұл
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте... (4 «Г» сынып оқушысы Жидких Гера)
ҮІ- кезең. Бағалау
Мұғалім: «Өз тіліңді оқы» - деді мектепте,
Селтең қағып жүрме,балам,бос текке.
Өзге тілге қанша құмар болсаңда,
Өз тіліңді шамаң келсе шеттет пе - дей отырып бүгінгі
«Ана тілім - ардағым» атты тәрбиелік шарамыз жабық деп жариялаймыз.
Тәрбиелік шарамыз өз мәресіне жетті.
ҮІІ- кезең. Қорытынды.
Білімнің мініп алып тұлпарына,
Қиналмай шықты білім шындарына.
Бүгінігі сайысымыз аяқталды,
Сөз кезегі әділқазы алқасына.
Бүгінгі сайысымызды қорытындылап,жеңімпаз топты анықтау үшін
қазылар алқасына сөз берейік.(Жеңімпаздарды марапаттау)
Құрметті ұстаздар,оқушылар! Осымен сайысымыз аяқталды. Жарыс болған
соң, жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді. Жарыста жеңілсек те, өмірде
жеңіске жете берулеріңе тілектеспін.
Қазақстан Республикасы халқының
«Тілдер күні» мерекесіне орай өткізілген
іс-шараның есебі
Ана тілім, дана тілім, бақ тілім,
Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?
Сенсің менің қуанышым, шаттығым,
Сенсің менің тазалығым, пәктігім.
Әр адам өзінің тілін шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап құлағына
сіңіруі тиіс. Себебі, тілін білген адамның ғана бойында патриоттық
сезім қалыптасады. Олар елге, ұлтқа пайдалы мәселелерді қозғап,
жауапкершілікті сезінеді. Өйткені, мемлекеттік тіл елімізде аса
маңызды да, ең өзекті мәселе.
Мектебімізде «Тілдер күні» мерекесіне арнайы жоспар құрылып, жоспар бойынша қыркүйектің 16-25 аралығында іс- шаралар өтті. Оқушыларға тілдің қасиетін, құдіреттілігін таныту мақсатында «Ана тілім- ардағым» атты зияткерлік ойын өткізілді. Осы мерекеге 4 «Г» сынып қатысты. Зияткерлік ойынға оқушылар белсене қатысты. Ойын 7 кезеңнен тұрды. Оқушылылар екі топқа бөлініп, ұяшықтағы сұрақтарды таңдап, толығымен жауап беріп отырды, өз алған білімдерін көрсете білді. Тағы «22-қырқүйек - Қазақстан халқының тілдері күні» тақырыбында оқушылар ана тілі туралы өлеңдер оқып, ән шырқады. Тілдер мерекесіне арналған шараға белсенді қатысқан оқушылар мақтау қағазымен марапатталды.
.
Астана қаласы
№32 мектеп -гимназиясы
Қазақстан Республикасы халқының
«Тілдер күні» мерекесіне орай өткізілген
іс-шараның жоспары
Өткізгендер:
қазақ тілі пәнінің мұғалімдері
А.А. Мажитова
2015ж