7


  • Учителю
  • Әдебиеттік оқу Өтірік өлең 2 сынып

Әдебиеттік оқу Өтірік өлең 2 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қысқа мерзімді жоспар



2 А»сынып

Күні:

Пәні:

Әдебиеттік оқу

Тақырыбы:

Өтірік өлеңдер

Сағаты:

1



Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

Әңгімені оқып, мазмұнын түсінуге, өмірмен байланыстыра

отырып, идеясын ашуға мүмкіндік беру.



Дамытушылық:

Жүйелі ойлау қабілетін, дүниетанымын кеңейту, тілдік

қорын молайту, проблемалық мәселелерді шеше білу

іскерлігін арттыру.



Тәрбиелік:

Шығармашылық жұмыстар арқылы өз бетімен жұмыс жасауға

жағдай туғызу, мәселені шешудегі батылдық, ізденушілік

қасиеттері мен дағдыларының дамуына мүмкіндік жасау.

Шыншылдыққа, әділдікке, адалдыққа тәрбиелеу.





Интерактивті тақта, стикерлер,маркерлер, плакаттар, суреттер

Сабақтың түрі:

Жаңа сабақ

Қолданылатын модульдер:

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлау, ОүБ және ОБ, АКТ, талантты және дарынды балаларды оқыту, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу,оқытуды басқару және көшбасшылық.

Пән аралық байланыс:

қазақ тілі, бейнелеу өнері

Сабақтың барысы :



Ұйымдастыру кезеңі

4 мин

«Кім қай үйде тұрады?» ойыны арқылы сыныпты топқа бөліп аламын.

Бұл оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, заттарды белгілі бір тақырып бойынша топтастыруға дағдыландырады.

Ойынға қатысушы оқушылар үшін қандай заттарды топтай білу керектігін көрсететін таблица және оған қажетті заттардың аттары жазылған жеке сөздік карточкалары жасап қоюға да болады.

Топ ережесін құру

І. Қызығушылықты ояту

1 мин

Мұғалім: Оқушылар, бізге ертегілер әлеміндегі Тазша баладан хат келіпті. Хатында

«Сәлеметсіңдер ме, менің қымбатты достарым! Мен бүгін сендермен бірге сабақ оқығым келеді, әрине менің сабақты жақсы оқуыма сендер көмектеседі деген ойдамын. Мен туралы түрлі мультфильмдер, кинолар көрген боларсыңдар. Мен тұрмыстық, шаруашылық заттар мен жан-жануар, жәндіктер, яғни табиғат әлемін қисыннан қиыстырып, әңгіме, өлең құрастырдым. Бұл менің көп білетіндігім, білімділігім. Сондықтан алға қойған мақсатыңа жету үшін білімді болу қажет. Менің басқа да қырларым өте көп, сіздерді де білім әлеміне терең еніп, үлгі алуға шақырамын» . Мен сендерге көптеген тапсырмалар дайындап әкелдім. Егер сендер тапсырманы дұрыс орындасаңдар мен сендерге риза болар едім -депті. Ендеше Тазша баланың тапсырмаларын орындайық.



І Үй тапсырмасы

7 мин

«Тазша баланың» 1-тапсырмасы арқылы үй тапсырмасын сұрау.

1-топ. Мәтіннің мазмұнын айту

2-топ Беріктің жалқаулау бала екенін айтылған тұсын мәтіннен тауып оқу және Берікке қандай асыл сөздер айтар едіңдер?

3-топ. Қандай асыл сөздер білесіңдер. Өздерің айтқан асыл сөздер сендердің жақсы болуларыңа көмектесе ме?

Жаңа сабаққа кіріспе

3 мин

«Тазша баланың» 2-тапсырмасы

1-жағдаят. Жандостың компьютерде көп ойнап қалуына байланысты математикадан есеп шығаруға уақыты қалмады. Мұнын себебін сұраған мұғалімге Жандос «Басым қатты ауырып, есепті шығара алмадым»,-деп айтты.

- Жандостың орнында сендер болсаңдар не айтар едіңдер?

2-жағдаят. Анар таңертең бақтағы қызыл-жасыл гүлдерді ұзақ қызықтап жүріп қалады да, сабаққа кешігіп барады. Мұнын себебін сұраған мұғалімге Анар «Мен сағат неше болғанан байқамай қалыппын»,-деп айтты.

- Анардың орнында сендер болсаңдар,не айтар едіңдер?

3-жағдаят. Қуатты анасы дәріханадан дәрі әкелуге жұмсады. Қуат аулаға шыға салысымен достарын кездестіріп, олармен бірге ойнап кетті.Анасының тапсырмасы үйге кіргенде есіне түсті.Ол анасына: «Дәріхана жабық тұр екен»,-деп айтты.

- Қуаттың орнында сендер болсаңдар, не деп жауап берер едіңдер?



Жаңа сабақ

3 мин

«Өтірік өлең»

«Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам», «Өтіріктің өрісі тар» Демек, жақсы әдет емес. Психологтардың зерттеулері бойынша бұндай әдетке адам бала кезінде үйір болады екен. Кейін басы «тасқа» соғылған соң қойып кетуге мәжбүр болады. Ал кейбіреулер оны өміріне жолдас етіп алады. Өтіріктің зияны қыруар. Қолайсыз жағдайға ұшырайсың. Абыройдан айырыласың. Қысқасы, ең жақсысы қолдан келгенше өтірік айтпауға тырысқан жөн.

Әрине, өтіріктің адамға залалсыздары да кездеседі. Оған мысал «Алдар көсенің бастан кешкендері» мен «Қырық өтірік» ертегісі. Олар қажет болған соң амалсыз айтылған өтіріктер. Күлкіге қарық боласың. Риза боласың.







ІІІ. Оқулықпен жұмыс

12 мин

3-тапсырма

Өлеңді тізбектей оқыту.

Әр топ плакатқа өз ойларынан өтірік суреттер салдыру және әңгімелеп беру.

Өтірік өлеңдер айтқызу





Бекіту

2 мин

Мақалды жалғастырып оқыңдар.

а) Шын - бір сөз, өтірік - ... . (мың сөз)

ә) Сыр айтқанға сенбе, Шын айтқанға... (сен)

б) Өтірік өрге... . (баспайды)

в) Біреу әзіл айтса, сен ... айт. (әділ)

г) Шындық бәрінен де ... . (қымбат)



Сергіту жаттығуы



Кері байланыс

3 мин,

Сабақты қорытындылау.

- Өтірік айтып ұятқа қалғанша, шындықты айтып қатенді мойындаған дұрыс. Мұндай әрекет - адамдықтың белгісі. Халықтың «Шыншылдық жақсылыққа жетелейді» деген даналығынан, шыншыл адамның ары таза, жүзі жарқын болып, қуанышқа бөленіп, бақытқа кенелетінін түсінуге болады. Тіпті шындықты айтудың өзі адамға жақсылық жасауды білдіреді.

Бүгінгі сабақтан не үйрендіңдер, не білдіңдер, не түйдіңдер?



VІІІ. Өзін-өзі бағалау

5 мин

Смайликтер арқылы кері байланыс алу.

Оқушылар өздерін өздері бағалайды.





VІ. Үйге тапсырма

2 мин

Өлеңнің мазмұнын айту.





СОЗАҚ АУДАНЫ

«ШОЛАҚҚОРҒАН» ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ

БАЗАРБАЕВА Нұрсұлу ҚаржанбайқызыӘдебиеттік оқу Өтірік өлең 2 сыныпӘдебиеттік оқу Өтірік өлең 2 сыныпӘдебиеттік оқу Өтірік өлең 2 сыныпӘдебиеттік оқу Өтірік өлең 2 сыныпӘдебиеттік оқу Өтірік өлең 2 сынып







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал