7


  • Учителю
  • Қазақ тілінен «Дауыссыз қ мен ғ» тақырыбына сабақ жоспары

Қазақ тілінен «Дауыссыз қ мен ғ» тақырыбына сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сыныбы: 2

Пәні: Қазақ тілі

Тақырыбы: Дауыссыз қ мен ғ

Мақсаты: Оқушыларға қ мен ғ дыбыстарының өзгеріске енуінің себебін түсіндіру; алған білімдерін қолдана білуге үйрету.

Міндеттері:

Білімділік: «Қ» дыбысының барлық буындарда келе беретінін, ал «Ғ» дыбысының сөз басында және ортасында келетінін, сөз соңында жазылмайтынын байқату.

Дамытушылық: Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту. Сөздік қорларын көбейту. Өз беттерімен жұмыс жасай білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Ұқыпты, сауатты жазуға тәрбиелеу. Жауапкершілікке тәрбиелеу. Білімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білім негіздерін игерту

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, өзіндік.

Көрнекілігі: суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа әзірлік.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

95-жаттығу 33-бет. Екі бағандағы сөздерді жұптастырып жазу.

ІІІ. Мақсат қою

Әріпті жұмбақ

1.Қалада бар, үйде жоқ,

Қайықта бар, су да жоқ. (Қ)

2.Ғарышта бар, айда жоқ,

Айшада жоқ, Ғайшада бар (Ғ)

Жарайсыңдар, дұрыс таптыңдар.Олай болса бүгінгі сабақта дауыссыз қ мен ғ дыбыстарын өтеміз.

Қ- қатаң даыссыз дыбыс. Ғ-ұяң дауыссыз дыбыс

ІҮ. Білімдерін тексеру.

Қару - сөзіне дыбыстық талдау жасау.

Қару-қа-ру

қ-д\сыз,қатаң

а-д\ты,жуан

р-д\сыз,үнді

у-д\ты,жуан

4 әріп, 4 дыбыс

Ү.Жаңа білімді меңгерту.

97- жаттығу сөздерді оқу, есте сақтау.

Қ,Ғ дыбыстары туралы не білетінін анықтау.

Қ дыбысы сөздің барлық буындарында, ғ дыбысы сөз соңында келмейді.

Ғ-ұяң, қ -қатаң.

Ережені меңгерту.

Ғ әрпі сөздің соңында жазылмайды. Қ-ға аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс келсе, қ дыбысы ғ-ға айналады: қабық-қабығы, бұршақ-бұршағы, атақ-атағы.

ҮІ. Бекіту.

98-жаттығу. Өлеңді көшіріп жаз.

Құшағы, бағыңда сөздерінде қандай дыбыстар өзгеріске ұшыраған? Оның себебі неде деп ойлайсың?



99-жаттығу. Сөздерге ы,і дыбыстарының тиістісін қосып, үлгі бойынша өзгертіп жаз. Сөз соңындағы дыбыстың өзгеру себебін түсіндір.

Сабақ-сабағы, орақ-орағы, ұршық-ұршығы, жолақ-жолағы, парақ-парағы.



100-жаттығу. Қ дыбысына аяқталатын бірнеше сөз ойла. Оларды қатыстырып сөйлемдер жаз.



101-жаттығу. Мақалды көшіріп жаз. Қ дыбысы ғ дыбысына айналған сөздерді тауып, оның себебін дәлелде. Мақалдың мәнін түсіндір

Жаман аттан аяғым артық,

Жаман жолдастан таяғым артық



Қай әріпті жоғалттым:

ора...ы

ұршы...ы

қайма...

пара...ы

а...

мамы...

шы...

монша...

«Артық сөзді тап »

а) Шай, сүт, нан, айран, кітап, ірімшік, кәмпит, балық, май.

ә) Сөйледі, жазды, отырды, Асқар, оқыды, іздеді.

б) Алма, құлпынай, алмұрт, бидай, банан, апельсин.



ҮІІ.Қорытынды.

- Бүгінгі сабақта қандай дыбыспен таныстық?

- Қ қандай дыбыс?

- Ғ қандай дыбыс?

- Ғ әрпі сөз соңында жазыла ма?

-Түсінбеген сұрақтарың бар ма?



ҮІІІ. Үйге тапсырма

102-жаттығу. Ребусты шеш. Шешуіндегі сөзге әңгіме құра.

Бағалау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал