7


  • Учителю
  • Еріншек Шәкәрім Құдайбердіұлы сабақ жоспары

Еріншек Шәкәрім Құдайбердіұлы сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні:

Тақырыбы: Еріншек Шәкәрім Құдайбердіұлы

Мақсаты:

Оқушыны Шәкәрім Құдайбердіұлының «Еріншек» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету және дүниетанымдарын кеңейту. Шығармашылық қабілеттерін, зейіндерін дамыту. Еңбексүйгіштікке, тазалыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, кесте

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, талдау, іздену, түсіндіру, әңгімелеу, жұптастыру, ой толғау, «ДЖИК СО» стратегиясы, «Sinkuein» стратегиясы, «Ыстық орындық» әдісі, «Топтастыру» стратегиясы, «Бағдаршам» әдісі

Пәнаралық байланыс: Дүниетану, қазақ тілі, математика

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен сәлемдесу

2.Оқушыларды түгендеу

3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Жылқы Сәбит Мұқанов

ІІІ. Өткенді қорыту:

«Ыстық орындық» әдісі

Жылқы қандай мал? Оның адамға қандай пайдасы бар? Өзің жылқы бағып көрдің бе?

Әңгімеде жылқының аналық мейірімі туралы не айтылады? Жылқының адамға қандай пайдасы бар деп ойлайсың? Батырлар жырындағы жылқының қасиеттерін есіңе түсір. Жылқының тағы қандай пайдасы бар ?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

Ү. Жаңа сабақты түсіндіру:

«Топтастыру» стратегиясы

Балалар, сендердің араларыңда еріншектер бар ма? Олар қандай балалар деп ойлайсың?

Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931)- қазақтың аса көрнекті ақындарының бірі. Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келген. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың үлкен бәйбішесі Күнкеден туған. Абаймен әкесі бір, шешесі бөлек, яғни Шәкәрім Абайға немере іні болып келеді.

Шәкәрім - әлеуметтік, рухани, ағартушылық, қоғамдық ойды уағыздаушы қазақтың көрнекті ақындарының бірі. Ол - аудармашы, тарихшы, әрі философ. Шәкәрім 5 жасынан бастап ауыл молдасынан оқиды. 7 жасында әкеден жетім қалған ол Абайдың тәрбиесінде болады. Өз бетімен білім алып, араб, парсы, түрік, орыс тілдерін жетік меңгереді.

Жастайынан әкесінен жетім қалған Шәкәрім немере ағасы Абай өз қамқорлығына алады. Ол өз бетінше оқып, араб, парсы, орыс тілдерін жетік меңгереді. Шәкәрімнің әдеби мұралары қазақ әдебиеті үшін асыл қазына болып есептеледі. Өлеңді мәнерлеп, түсініп, жалғастырып оқу. Әр шумаққа көңіл бөліп, түсінігін әңгімелеу.

Оқулықпен жұмыс: Мәтінді Джиксо - ұжымдық оқыту әдісімен оқу.

Іштей, тізбектей, түсініп оқу.

Сергіту сәті

ҮІ.Түсінгендерін тексеру:

1. Өлеңде адам бойындағы қандай жағымсыз қылықтар сыналады? Автордың қорытынды ойы қандай? Ол өлеңнің қай шумақтарында жазылған?

2. Өлеңге және мына кестеге сүйеніп, еріншек адамның бойындағы жағымсыз қылықтарды дәптеріңе толтырып жаз.Еріншек адам қандай болады?

  1. Салақ

  2. Надан

  3. Адамдығы жоқ

«Жалғасын тап» ойыны

Мақалдарды жалғастырып, мағынасын ашу.

1)........ ісі - екі

2) Еңбекқор ұйқыдан ширап тұрады,

...........................................................

3) Еңбек етпесең елге өкпелеме,

..................................................

4) Еріншек түске дейін ұйықтайды,

........................................................

5) Аз жұмысты қиынсынсаң,

..............................................

ҮІІ. Бекіту кезеңі:

Ой қозғау «Еріншек» сөзін қалай түсінесіңдер. Еріншек - жалқау, тілазар, салақ, надан, жігерсіз, ұйқышыл.

І топ - тілазар сөзінің мағынасын түсіндір

ІІ топ - салақ сөзінің мағынасын түсіндір

ІІІ топ - жігерсіз сөзінің мағынасын түсіндір



І топ - Тілазар

ІІ топ - Салақ

ІІІ топ - Жігерсіз

І топ. Тілазар - деп үлкеннің тілін алмайтын, жұмсағанға бармайтын баланы айтады. Бұл адам бойындағы жаман қасиет.

ІІ топ. Салақ - үсті басын, өзінің құралдарын, киімін күтіп ұстай алмайтын адамды айтады. Салақтық еріншектіктен пайда болады.

ІІІ топ. Жігерсіздік - ұятсыз, өтірікші дегенді білдіреді. Жігерсіздік те еріншектіктен пайда болады.

«Ой қозғау» сұрақтармен жұмыс

Қалай ойлайсың, еріншектік жақсы қылық па? Сенің жалқау, еріншек болғың келеді ме? Шәкәрім Құдайбердіұлы қай жылдары өмір сүрген? Қандай шығармалары бар?

«Бағдаршам» ойынын ойнату арқылы жаңа сабақты түсінгендерін анықтау.

Ойынның шарты: Егер оқушылар сабақты жақсы түсінсе, бағдаршамның жасыл түсін көтереді, түсінген, бірақ өзіне сенімсіздік танытса, сары түсті көтереді, түсінгені шала болса қызыл түсті көтереді.

ІХ. Қорытынды: Бүгін не білдік? Не үйрендік? Балалар бүгінгі сабақ ұнады ма? Оны қаншалықты түсіндік? Оны тақтада берілген смайлктің қасына өздеріміздің дөңгелекшелерімізді жапсырамыз?

Х.Үйге тапсырма: 200 бет өлеңді мәнерлеп оқу

ХІ. Бағалау



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал