- Учителю
- Сабақ жоспары:«Р р дыбысы мен әрпі.»
Сабақ жоспары:«Р р дыбысы мен әрпі.»
Сабақтың тақырыбы: Р р дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты: 1. Р дыбысы және әрпімен таныстыру.
2. Ұқыпты, тиянақты түрде оқуға, жазуға үйрету.
3. Ой-өрісін, тілін, сана сезімін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп, кеспе буын, суреттер.
Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру.
Сабақтың мазмұны:
І. Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.
ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІІІ. Өткен сабақта алған білімін еске түсіру: - Ғ дыбысы қандай дыбыс? - Ғ дыбысы сөздің қай жерінде жазылады? - Ғ әрпіне берілген сөздерді оқыту.
ІV. Жаңа сабақ:
а) Сурет бойынша әңгімелеп, ара сөзі екі түрлі ұғым беретінін
түсіндіру. Ара бал жинайды. Ара еңбек құралы.
ә) Осы екі сөйлемдегі сөздің санын анықтау.
Ара сөзінен бізге таныс емес дыбысты табу.
б) Р дыбысының әріп таңбасымен таныстыру.
в) Сурет бойынша сөйлем құрату.
г) Хормен оқыту. Жеке-жеке оқыту. Сергіту сәтін өткізу.
V. Жаңа білімді бекіту: -Біз қандай дыбыс және әріппен таныстық? -Р қандай дыбыс? Сөздің қай жерінде жазылады?
Дәптермен жұмыс: Рр ра ара таға.
Диктант: аға, ана, ара өткен дыбыстардың әріп таңбаларын жазу. Сергіту сәтін өткізу. 1. Р дыбысына қатысты сөз ойлау. 2. Сөйлем құрату. 3. Сөздерді буынға бөлу. 4. Дауысты дыбыстардың санын анықтау.
VІ. Сабақты қорытындылау: Біз қандай әріпті танып, білдік?