7


  • Учителю
  • 'қайталау. Жылдамдық. Уақыт. ҚАықтық' математика 4- класс

'қайталау. Жылдамдық. Уақыт. ҚАықтық' математика 4- класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

2 «А» сынып Әдебиеттік оқу пәні

Сынып жетекші: Қосаева А.С.

Тақырыбы: Әлия Сағи Жиенбаев

Мақсаты:1. Балаларға Әлия туралы толық мағлұматтар беру, Әлияның ерлігін дәріптеу, өлеңді мәнерлеп оқуға, топпен жұмыс жасауға, мақал - мәтелдер талдауға , мағынасын ашуға, сұрақ қоюға, жауап беруге тәрбиелеу.

2. Оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорларын, ой - өрісін, оқу дағдыларын дамыту.

3. Елін, жерін сүюге, батыр қыздардан үлгі алуға, бір - бірін сыйлауға, өжеттікке тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас Өту әдісі: топтық, интерактивті

Сабақ түрі: дәстүрлі

Көрнекілігі: Ақ қағаз, түрлі - түсті қалам, АКТ, семантикалық карта, жұлдызшалар, өзін - өзі бағалау парақтары.

Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі: -Ал, балалар бүгін бізде ерекше сабақ. Өйткені біздің сабағымызға көптеген қонақтар келіп отыр.

Психологиялық дайындық. Бәрі хормен айтады.

Бүгін біздің сабаққа

Қатысады қонақтар.

Ешбір асып, саспаймыз

Сәтті болсын бұл күн деп

Сабағымызды бастаймыз.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау: - Балалар, мен үйге қандай тапсырма бердім?

-Мәншүк өлеңін әнімен жаттап үйрену, Мәншүктің өмірбаяны,ерлігі, мінезі жайлы тауып келу.

-Ал онда дайынбыз ба балалар?

-Иә.

Мәншүк әнін хормен, әнімен айту.

ІІІ Білімдерін тексеру кезеңі: Ендігі кезекте Мәншүк туралы не білдік соны ортаға салайық. Ол үшін өткен жолғы сабағымыздағыдай топпен шығып тапсырмаларымызды қорғаймыз.

1-топ 2-топ 3-топ

Мәншүктің өмірі Мәншүктің ерлігі Мәншүкке өлең

туралы айтып береді. жайлы айтып өтеді. жолдары бойынша

м3нездеме береді

Әр топ ортаға шығып қорғайды. Бір-біріне қол шапалақтап отырады.

ІV Мақсат қою: -Ал, балалар қазір біз мына ребусты шешсек бүгінгі сабағымыздың тақырыбы шығады. Қай топ бірінші шешеді екен.

Әр топқа ребустар тарату. Бірінші ,екінші шешкен, үшінші шешкен топты айту.

-Бүгінгі өтетін тақырыбымыз Әлия екен. Яғни қазақтың батыр қызының біреуі Әлия Молдағұлова туралы білеміз. Ол үшін тақтамызға назар салсақ.

V Жаңа материалды меңгерту: Интерактивті тақтадан Әлия Молдағұлова туралы бейне фильм көрсету.

Сонымен балалар Әлия Молдағұлова апайымызда Батыр атағын алған екен.

Әлия Молдағұлова қай жылы дүниеге келіпті?

Қай жерде дүниеге келіпті?

Қай жылы қайтыс болыпты?

Қанша немісті атып түсіріпті?

Ол қай қалада оқыпты?

Кімнің қолында тәрбиеленіпті?

-Дұрыс балалар. Енді Әлия туралы оқулығымызда не беріліпті, соны көрейік. Оқулығымыздың 214-бетін ашайық. Оқулығымыздағы Әлия өлеңінің авторы Сағи Жиенбаев екен. Слайдтан С. Жиенбаев туралы айту.

Өлеңді мәнерлеп оқып беру. Іштей оқыту.

Сергіту жаттығуы. Бір, екі, үш

Бойға жинап күш

Шынығамыз таңертең

Ағалардай Отанға

Солдат болам мен ертең.

Балалар, оқулығымыздағы өлең бойынша әр топқа мынандай тапсырма:

1-топ 2-топ 3-топ

1-шумақ 2-шумақ 3-шумақ

2-топқа сұрақ қояды. 3-топқа сұрақ қояды. 1-топқа сұрақ қояды.

-Бірінші өлеңнің шумағын дауыстап оқып береміз. Сосын сұрақты бірақ қоямыз.

VI Жаңа материалды меңгергенін тексеру: Әр топ бір - біріне сұрақ қояды, жауап береді.

Жақсы сұрақ қойған, жақсы жауап берген балаларды атату, жұлдызшалар тарату.

Семантикалық картамен жұмыс.

Ендігі кезекте балалар сендерге семантикалық карта беремін, мақал - мәтелдерді сәйкестендіріп, мағынасын ашасыңдар.

Мақал - мәтелдердің мағынасын ашу. Балаларды мадақтап, жұлдызшалар тарату.

Қазір балалар, тақтадағы дөңгелектерге назар саламыз. Бұл Венн диаграммасы. Бұрында жұмыс жасап жүргеніміздей екі батыр апайларымыз туралы жазамыз, яғни ортасына ұқсастығын, екі жағына айырмашылықтарын жазамыз.

VII Бекіту: Жарайсыңдар балалар. Мен сендерге талқылау кестесін таратамын. Аты - жөндеріңді жазып толтырасыңдар. Талқылау кестесін оқушыларға оқытып жіберу.

(Уақыт қалса эссе жазу. Мен Отанды сүйемін)

VIII Өзін -өзі бағалау парақтарын толтыру. Бағалау. 2 жұлдыз, 1 тілек. Үй тапсырмасы бойынша да айтып өту.

Үйге тапсырма беру: өлеңді жаттау.


Қосаева Айғалым Станбақықызы

М. Әуезов атындағы №5 жалпы білім беретін шағын орталығы бар орта мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал