- Учителю
- Қазақстан тарихы : тәуелсіздік,мемлекетті- лік және отансүйгіштік
Қазақстан тарихы : тәуелсіздік,мемлекетті- лік және отансүйгіштік
Қысқа мерзімді жоспарДүниетану
Қазақстан тарихы : тәуелсіздік,мемлекетті-
лік және отансүйгіштік
Мектеп: № 10
</<font face="Times New Roman, serif">Күні:23.02
Мұғалім: Ибрагимова Т.С
Сынып:1Б
Қатысқаны: Қатыспағаны:
Сабақта меңгерілетін дағдылық мақсаттар
1.3.5.3.Қазақстан астанасы туралы шығармашылық жұмыстарды таныстыру
1.3.5.2. Тәуелсіздік мемлекеттің негізгі белгілерін білу
Табыс критерийлері
Барлық оқушылар білуге тиісті:
ҚР астанасын атай алады, Қазақстан аумағында орналасқан кейбір қалаларды атай алады.
Оқушылардың көпшілігі:
Астананы Қазақстанның картасынан көрсете алады.Астананың көрнекті жерлерін атай алады.
Кейбір оқушылар:
Сабақ тақырыбы бойынша қосымша ақпаратты есіңе сақтай алады, әңгімелей алады.
Осыған дейін меңгерілген білім
Қазақстанның тарихи тамырлары
Тілдік мақсат
Сабақтың барысы
Уақыт
Жоспарланған іс-әрекет
Дереккөздер
Қызығушылығын ояту
Басы
5 мин
Сынып бөлмесіне ақ параққа жазылған сөздерді іліп тастау.
-Балалар, жан-жақтарыңа қараңдаршы. Сынып қабырғасында не көріп тұрсыңдар?
Балалар орындарынан тұрып жүріп оқуларыңа болады.
Отан оттан да ыстық.
Елі байдың -жері бай
Отан от басына басталады.
-Қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабағымыз не жайында болуы мүмкін?
-Дұрыс айтасыңдар, өз Отанымыз жайында білеміз.
Мақал-мәтелдер
Ортасы
37 мин
Сыныптағы екі оқушы журналист рөліне кіріп, басқа балаларға сұрақтар қойып жауап алады.
-Балалар, бізге бүгін «Балапан» бағдарламасынан журналистер келіп, сендерге сұрақ қойғылары келеді.
-Біз тұратын ел қалай аталады?
-Біздің елімізде тұратын адамдарды қалай атауға болады?
-Біздің Отанымыздың астанасын атаңдар.
-Біздің еліміздің президенті кім?
-Тәуелсіз мемлекеттің белгілерің атаңдар.
-Біз қай қалада тұрамыз?
-Қазақстанның қандай қалаларың білесіңдер?
Аудиодан мәтін тыңдату.
Оқулықпен жұмыс
Мәтінді төрт бөлікке бөліп оқып беру,бірден мазмұ
нын айтып, түсіндіру. Керек жерлерін түртіп алу.
«Есінде сақта!» айдарын даусы қатты шығатын бір балаға оқыту. Топтарға бір-біріне оқығаны бойынша сұрақ қойғызу.
-1991жылы 16 желтоқсанда Қазақстан қандай елдің қатарына кірді?
-30 тамызда қандай мереке?
-Қазақстанның ұлттық валютасы қалай аталады?
-ҚР Президенті кім?
Президенттің арқасында қазақстандықтар бейбіт елде еңбектеніп, тату-тәтті тұрып жатыр.
ҚР Конституциясы-ел бірлігін, Қазақстанда тұратын адамның құқықтары мен бостандықтарының қорғалуын қамтамасыз ететін негізгі заңдар кітабы.
Дәптермен жұмыс
39беттің 1-ші тапсырмасын тақтаға жазғызу
Топтық жұмыс
Ақ парақты үлестіріп беру, суретті санмен сәйкестендіріп, бос орынға жазғызу. Уақыт 5 минут.
Бағдаршам таяқшалары арқылы бағалау.
Топтық жұмыс
Дайын 1 суретті беру арқылы Қазақстанның бас қаласын болашақта қалай елестететіңдеріне байланысты сурет салғызу.
«Екі жұлдыз бір тілек» бағалау
«Тақия» ойыны
Балаларға ойын ережесін айтып алу. Балалар музыка ырғағымен қозғалады, «тоқта» деген белгіге тоқтайды. Жүргізуші балалардың біріне тақияны кигізіп, сұрақ қояды.
Микрофон
Аудиодан тыңдау
Бағдаршам таяқшалары,
музыка, тақия
Соңы
3 мин
-Балалар, сендерге бүгін сабақта қандай тапсырма қиындық туғызды?
-Қандай тапсырма ұнады?
-Қазір әр оқушы өзін-өзі жетістік баспалдағы арқылы бағалайды.
«Жетістік баспалдағына» өздері қай жерде тұрғандарын көрсетеді.