7


  • Учителю
  • Тақырыбы: Қыс пен жаздың айтысы 4 сынып

Тақырыбы: Қыс пен жаздың айтысы 4 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Тақырыбы: Қыс пен жаздың айтысы

Мақсаты: 1. Оқушыларға жыл мезгілдерінің өзіндік

ерекшелігі туралы түсіндіру

2. Өзіндік ой-пікірлерін , шығармашылық қабілетін дамыту

3. Табиғатты қорғауға, тазалыққа тәрбиелеу

Жүргізуші: - Қадірлі қонақтар, сүйікті балалар! Біз бүгін

сайысымызды қазақтың халықтық фольклорына арнаймыз.

1: - Жауап беріңдерші, балалар? Халықтық өлеңдер қай

уақыттан бар? (екі топтың балалары жүргізуші

сұрақтарына кезекпен жауап береді).

Балалар: - Қазақ халқы қанша ғасыр жасаса, сонша уақыт

халықтың өлең де бірге жасасып келеді.

- Қазақ халқын әдебиетінің өлең үлгілерін сонау XI

ғасырдан бастап жинаған кім екен?

- Махмуд Қашқари.

2: - Сонау XI ғасырда Махмуд Қашқари өзінің сөздігіне

жергілікті халықтық өлең үлгілерін алғаш рет енгізген.

- Бұл сөздігінде («Диуани дуғат ат-түрік» сөздігі) не бар

екен?

Балалар: - Мұнда сөздердің мағынасын түсіндірген. Мақал-

мәтелдер, аңыздар, өлең шумақтары жарияланған.

- Өлең шумақтары арқылы не түсінуге болады?

- Сөздікте Наурыз жайындағы өлеңдерге орын берілген,

халықтық мейрамды еңбек адамының күнкөріс тірлігімен

байланыстыра көрсеткен.

- Наурызға арналған ата-бабаларымыздан, көне заманнан

қалған қандай ұлағатты сөздерді білесіңдер?

Балалар: Ұлыс күні қазан толса,

Ол жылы ақ мол болса.

Ұлы кісіден бата алсаң,

Сонда олжалы жол болар. - деген сөздер бар.

- Дұрыс, бұл Махмуд Қашақаридың сөздігінен алынған

екен, ал Махмуд Қашқаридың сөздігінен тағы қандай

өлеңдерді білесіңдер?


- Махмуд Қашқаридың сөздігінде қыс пен жаздың

айтысына арналған бірнеше өлеңдер бар.

- Бұл айтыста не туралы сөз болады?

- Бұл айтыс Наурыз мейрамына байланысты туған өлең

екен.

- Наурыз парсы тілінде қандай мағына береді?

- Наурыз парсы тілінде «жаңа күн» деген сөз.

- Жаңа жыл күнінің аты не?

- Жаңа жыл күнінің аты - Ұлыс.

- Ал біз неге жаңа жылды Наурыз деп атаймыз?

- Қазақ арасында ислам дінін кең тарату мақсатын көздеген

қожа-молдалар жергілікті халықпен де санасып, Ұлыс

Наурыз деп атауға тыйым салмаған.

- Ұлыстың ұлы күні келгенде адамдар бір-біріне қандай

тілектер айтқан?

- Ұлыстың ұлы күні адамдар бір-біріне:«Ұлыс оң болсын,

ақ мол болсын». Немесе «Ұлыс бақты болсын, төрт түлік

ақты болсын» деп жақсы тілектер тілеген.

- Ұлыс жайындағы өлеңдердің шығу төркініне көз жіберсек,

мұның өзі қыс пен жаз айларының еңбек адамына әкелер

пайда-зиянына қарай туған секілді. Өйткені қыс пен жазды

адамға ұқсатып айтыстыру дәстүрі ертеден бар емес пе?

Соның тым болмаса біреуін білесіңдер ме?

Қыс пен жаз тартысты,

Қоңыр (ала) көзбен атысты.

Түтіскелі тақасты

Ұтысуға қамдасты.

- Бұнымен не айтқысы келген?

- Қыс пен жаз бірін-бірі сөз жарасында жеңу үшін

әрқайсысы өз қасиетін мақтап, артықшылығын

айтып сайысқандабылай дескен

Ер, атты мен шынықтырам,

Менде кесел қалмайды.

Төлдерді де туғызам

Қар қыста жауады,

Астық, содан өнеді,

Олар менде тынады,

Сен келсең-ақ бығады.

- Сонда жаз не деп жауап қайтарған?

Жаз:

Балшық қатып, жер тоңазып сыздайды,

Жұрт бүрісіп мұздайды.

Сандуғаштар қыста қашады,

Қарлығаштар менде тынады.

Қар-мұзың еріп суға айналады,

Айнала көк майса құраққа бөленеді,

Жәндік біткен тіріліп,

Бақша бұлбұл сайрайды.

- Сөйтіп жаз бен қыс айтысқанда қайсысы жеңген екен?

- Оны мына шумақтан білуге болады.

Гүл бәйшешек жарылды,

Бұта көктеп керілді.

Ұжмақ жерге көрінді,

Қысың кетті келмеске.

Сабақ соңында жүргізуші көп ұпай жинаған топты

анықтап, жеңімпаз балаларға сыйлықтар үлестіреді.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал