- Учителю
- Разработка на тему 'Менің туым'
Разработка на тему 'Менің туым'
Сабақтың тақырыбы: Менің туым
Сабақтың мақсаты: Отан туралы білімдерін кеңейтіп мемлекетіміздің нышандары туралы түсінік қалыптастыру. Өлеңді мәнерлеп және түсініп оқуға қалыптастыру. Ойлау, сөйлеу қабілеттерін, сөздік қорларын жетілдіру. Елін, жерін сүйуге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдер: Сұрақ - жауап, топтық жұмыс, жеке жұмыс, өз бетімене жұмыс
Көрнекіліктер:
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық:
Қайырлы күн достым,
Қайырлы күн болсын.
Сәрсенбінің сәтінде
Біздің алар бағамыз
Кілең «5» тік болсын.
Үй тапсырмасын тексеру.
«Сен білесің бе?» Сұрақ - жауап
1.Тәуелсіздік ұғымын қалай түсінесің?
2. Бұл мерекенің басқа мерекеден қандай айырмашылығы бар?
3. Желтоқсан құрбандарын ата?
4. Қайрат Рысқұлбеков туралы не білесің?5. Қазақстан Респуликасы өз тәуелсіздігін қай жылы алды?
6. Желтоқсан оқиғасы қай жылы болды?
Топтастыру:
бейбітшілік ашық аспан Тәуелсіздік мереке
егеменді бірлік
Жаңа сабақ:
Мұғалім сөзі: Балалар Отан дегенде көз алдымызға не елестейді?
(Отбасы, атамекен, туған жер)
Олай болса бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Менің туым» өлеңі.
Авторы: Болат Үсенбаев (слайдтан өмірін таныстыру)
Жер бетіндегі мемлекеттік атаулының қай - қайсысының мемлекеттік белгісі рәміздері бар. Олай болса біздің тәуелсіз мемлекетіміздің рәміздері. Ту, Елтаңба, Әнұран.
Болат Үсенбаев - 1955 жылы 24 наурызда Қытай Халық Республикасының Құлжа қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін, Мәскеу мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын құрылысшы болып бастаған.
Ту - Қазақстан Республикасының мемлекеттік негізгі рәміздерінің бірі. Мемлекеттік ту көгілдір түсті тік бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннің астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекітілген тұста - ұлттық оюлармен кестеленген. Күн, арай, қыран, ою - өрнек - алтын түсті. Тудың авторы: суретші Шәкен Ниязбеков.
Елтаңба - Қазақстан Республикасының мемлекеттік негізгі рәміздерінің бірі.
Елтаңба - Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің бірі. Елтаңба негізі - Шаңырақ. Ол елтаңбаның жүрегі. Шаңырақ - отбасының бейнесі. Елтаңбаның авторлары: Шотаман Уалиханов пен Жандарбек Мәлібеков.
Әнұран - 2006 жылы 7 қаңтарда Қазақстан Республикасының жаңа әнұраны қабылданды. Әнұран сөзін жатқа білу әр адамның парызы. Әнұран авторлары: Ж. Нәжімеденов. Н.Ә.Назарбаев. Ш.Қалдаяқов.
Оқулықпен жұмыс:
а) Өлеңді мәнерлеп оқып, түсіндіру
ә) 2 - 3 оқушы мәнерлеп оқып береді.
б) Тізбектей оқу
в) Іштей оқу
Сергіту сәті:
Сөздік жұмыс:
Көтерілер шоқтығым - мерейі үстем болу, мәртебесі жоғарылау.
Шартарап - дүниежүзі
Топпен жұмыс:
а) Өлеңде не туралы айтылған?
ә) Өлең сені қандай сезімге бөледі?
б) Қазақстан туына сипаттама, әңгімелеп бер?
Топпен жұмыс:
І топ: а) Өлең мазмұнына сай сурет салу
ІІ топ: ә) Отан, ел, жер туралы мақал - мәтел айту
ІІІ топ: б) Өлең жолдарын жалғастыру:
................. күлімдеп (Күн шықты)
................. әлемге (шуағын шашып)
................. гүлденді (қазақ елі)
................ бар елге (танылды)
Топпен жұмыс:
І топ: Пирамида құрастыру: Мына сөздерден жаңа сөздер құрастыру
( Елтаңба, Байрақ, Әнұран, Рәміздер, Қазақстан)
Ел, таңба, бай, ән, ұран, таң, ақ, рәміз, қазақ, т.б.
ІІ топ: Бес жолды өлең : Отан, Күн, Жылқы
Отан
Үлкен, бай, кең, қымбат
Қорғайды, дамиды, оқытады
Отан оттан да ыстық
Ел
Күн
Ашық, сары, шұғылалы
Жарқырайды, , жылытады, шашады
Күн бәріне нұрын шашады
Жылқы
Жүйрік, әдемі, қайратты
Жүгіреді, жайылады, жатады
Жылқы қазақта киелі жануар
Ат
Эссе жазу
ІІІ топ: Эссе «Рәміздерім»
Ой қорыту: «Аяқталмаған сөйлем»
Біздің туымыз ерекше, себебі...........................................................................................................................
Мен рәміздерімді мақтан етемін өйткені.......................................................................................................................
Тест жұмысы:
1.Мемлекеттік рәміздерге не жатады?
а) Ту, елтаңба, әнұран
ә) ту, байрақ, заң
б) әнұран, заң, тіл
2. Тудың түсі қандай?
а) жасыл
ә) Сары
б) Көк
3. Тудың авторы кім?
а) Жандарбек Мәлібеков
ә) Шәкен Ниязбеков
б) Шотаман Уалиханов
4. Туда не бейнеленген?
ф) қыран құс, күн, ою өрнек,
ә) ою өрнек, жұлдыз, шаңырақ
б) шаңырақ, жұлдыз, қыран құс
5. Қазақстан Республикасының рәміздері қашан қабылданды?
ф) 1992 жылы 4 маусымда
ә) 1995 жылы 4 тамызда
б) 1991 жылы 7 шілдеде
-
Қазақстан Республикасының рәміздерін ата?
-
Туымыздың авторы кім?
-
Туымыздың түсі қандай онда нелер бейнеленген?
-
Менің туым өлеңінің авторы кім?
Үйге тапсырма: Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу
Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау
Балалар, Қазақстан туымен тұғырлы, елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты. Олай болса еліміздің болашағы сендерсіңдер. Отанды сүюге, қорғауға, әрқашан дайын болыңдар.
Мухтар Шаханов
Дата рождения:
(73 года)
Место рождения:
, , село
Гражданство:
→
Род деятельности:
, ,
Направление:
Жанр:
, ,
Язык произведений:
Премии:
АҚЫН ӨМІРБАЯНЫ
Мұхтар Шаханов 1942 жылы 2 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шілік ауылында дүниеге келген. Мамандығы тракторшы, филолог. 1969 жылы Шымкент педагогикалық институтын сырттай оқып бітірген.
(1986), Республикадағы тұңғыш құрылған экологиялық қозғалыс - Арал және Балқаш проблемалары жөніндегі қоғамдық комитеттің төрағасы (1988), 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі аясында қазақ халқына «ұлтшыл» деп кінә таққан КОКП Орталық комитеті Саяси Бюросының қаулысына қарсы және сол Желтоқсан кезіндегі шындықты қалыптастыру жөнінде тұңғыш рет Қазақстан Жазушылар Одағының Пленумында (1988), КСРО халық депутаттарының І-ші съезінде (Кремль, 1989) батыл мінез көрсетті. КСРО билігі бұған құлақ аспаған соң белгілі ғалым, Нобель сыйлығының лауреаты А.Сахаровтың, кейіннен Ресейдің тұңғыш Президенті болған Б.Ельциннің қолдауымен бұл проблеманы КСРО Жоғарғы Кеңесінің бірінші сессиясында екінші рет қайта көтеріп, КСРО Президенті М.Горбачевты Желтоқсан оқиғасын зерттеу және оған түбегейлі баға беру жөнінде жаңа комиссия құруға мәжбүрледі. Бұл комиссия КСРО билігі жүріп тұрған кездің өзінде-ақ КОКП Орталық комитетінің Саяси Бюросына Одақта бірінші боп саяси айып тақты…
Мұхтар Шаханов - «Қырғыз Республикасының халық ақыны», жиырмадан астам шет елдік академиялардың, университеттердің құрметті докторы, профессоры. «Нобель» сыйлығының 100 жылдығына орай Тамбов қаласында өткен «Нобель» сыйлығы лауреаттары мен нобелшілердің халықаралық конгресінде «Нобель» ақпарат орталығы, «Нобель» қоры, Ресей жаратылыс ғылымдары академиясы бірлесіп бекіткен «Нобельдің Алтын медалімен» марапатталды.
Ақ көңілді жүрекпен,
Ақ ниетті тілекпен.
Амандасып алайық,
Қонақтарға ізетпен
4.Көк туды кім сипаттайды?
Мұхтар
Шаханов кім?
Тәуелсіздік
қай жылы қабылданды?
Желтоқсан көтерілісі бізге не әкелді? Тәуелсiздік дегенді қалай түсінесiңдер? Тәуелсiздік дегенді қалай түсінесiңдер? Желтоқсан көтерілісі қай жылы,қай қалада болды? Тәуелсiз мемлекет атануымызға кiмдердің еңбегi сiңді?
3.Таласқа түссе жан мен ту,
Жан емес маған керегі.
Көк тудың желбірегені- дегенді қалай түсінесің?
1. «Еркек тоқты
құрбандық, атам десең атыңдар» деп айтқан желтоқсан көтерілісіне қатысушы.
2. Қазақстанның бұрынғы астанасы
3. Ту, Елтаңба, Гимн деген не?
4. Көк туда қандай құс
бейнеленген?
5. Біздің ұлтымыз.
6. Тіл қаруы не?
7. Ұлттық валютамыз.
8. Қазаққа басшылық жасаған хандардың бірі.
9. Елбасының фамилиясы
Отан елдің анасы,
отқа жанбайды, суға батпайды.
Отан қадіріне жетпеген
Жүрегі бірдің тілегі бір.
Отансыз адам,
елге тиген үлес.
Отан үшін еңбек етсең,
Адал адам Отанын сүйеді.
Отанын сүйген:
халқыңның сүйген ұлы боласың.
Отаны бірдің жүрегі бір,
өз қадіріне жетпейді.
Отан үшін күрес,
Ел ердің анасы.
Бұлбұл гүлзарын сүйеді,
ормансыз бұлбұл.