- Учителю
- 2-03.09.2016 2-сынып сабақ жоспары
2-03.09.2016 2-сынып сабақ жоспары
Тексерілді: Калиниченко Л.С
Пәні: қазақ тілі
Күні: 02.09.2016
Сыныбы: 2 «Ә» сынып
Мұғалімі: Қайролла М.М
Сабақтың тақырыбы:Тіл және сөйлеу.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауында сөйлеудің манызын, сөйлеудің тіл арқылы жүзеге асатынын ұғындыру;
Дамытушылық: Сөйлеу арқылы көп нәрсені білетіндігін түсіну;
Тәрбиелік: Дұрыс сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу.
Сөйлем және сөз туралы 1-кластағы алған білімін қайталап, еске түсіре отырып, жаттығулар орындау.Сөздік қорларын дамыту. Тіл және сөйлеу жайлы түсінік беру. Тіл арқылы бір -біріне хабар беріп,білмегенін сұрап кеңесетінін айту.Тілін, сөздік қорларын дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, талдау, жинақтау, әңгімелесу, сұрақ-жауап, бағалау, өзін-өзі басқару, іздену.
Сабақтың көрнекілігі: Адамның сөйлеу, жазу арқылы хабарлар беру көрінісін бейнелейтін суреттер, хабар тарату құралдары.
Пәнаралық байланыс: ана тілі.
С а б а қ т ы ң б а р ы с ы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен амандасу
2.Сынып тазалығын тексеру
3.Оқу құралдарын түгендеу
4.Назарларын сабаққа аудару
І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық
ІІ. Мақсат қою кезеңі: өткенді еске түсіру, дыбыс және әріп,сөз және сөйлем
ІІІ. Оқулықпен жұмыс: Жаттығу,суреттермен жұмыс,оқу талдау. Сөздік жұмыс жүргізу.
Ұйымдастыру:
1. Амандасу
2. Психологиялық дайындық
Үй тапсырмасын тексеру: Тест жұмыстарын ұйымдастыру арқылы білім деңгейлерін тексеріп шығу.
Жаңа сабақ: Адамдарға сөйлеу не үшін қажет қалай ойлайсындар?
Балалар ерте заманда адамдар өз ойларын бір-біріне жеткізу, түсіндіру үшін әр түрлі іс-қимылдармен қолданған, немесе тастарға сурет салған ( кітаптан тастарға салынған суреттерді көрсету) , әр түрлі жалаушалар, белгілер пайдаланған. Уақыт өте еңбек арқылы ойлары дамып, тілдері де дами бастады. Біздің тіліміз қандай? Дүние жүзінде халық та көп, тіл де көп. қазақ ұлтының тілі, қазақ тілі.
Қазақ тілі- көркем, сұлу да бай тіл.
1- жаттығу суретке қарап, адамдар сөйлеуді қай кезде қолданатының көрейік.
2 бала диалог жасайды.
Қыз хат жазып отыр ( не туралы жазғаның сұрау)
ережеге назар аударайық.
Сөйлеу тіл арқылы жүзеге асады. Тілдің көмегемен адамдар қоршаған орта туралы көптеген жаңа және қызықты нәрселерді біледі. Олар оқиды, ойланады, өз ойларын ортаға салады, білгенін айтады, бір-бірімен қарым-қатынас жасайды. Тіл арқылы адамдар бір-біріне хабар береді, білмегенін сұрайды, кеңеседі.
Көркем жазу: Аа
2- жаттығу.Оқытып . Сөйлемнің мағынасын түсіндіру.
Тіл арқылы адамдар бір-бірімен түсініседі.
3-жаттығу.Мәтінді түсіндіріп оқытып.Мазмұнын 3-4 сөйлеммен жаздырамын.
Сергіту сәті «Еуропадағы қалашық»
Ежелгі Еуропада бір көне қалашық бар екен. Сол қалашықтың өзге тән талабы бар, сол талапты күнде тал түсте осы қаланың тұрғындары алаңға шығып сол талапты орындайды.
Қолдарын қысып амандасады
Көздермен бір-біріне қарайды
Құлақтарынан тартады
Арқаларымен үйкелеседі
Бір-бірімен құшақтасады.
Қазақ тілі-қазақ халқының ана тілі. Бұл тіл саған өмірге келген күніңнен таныс. Анаң саған арнап осы тілде бесік жырын айтты.
Біздің тіліміз - өте бай тіл. Сен өз тіліңді құрметтеуге міндеттісің. Ана тіліне ұқыпсыз қарау - мәдениетсіздіктің белгісі.
Сабақты қорытындылау: Адамдарға сөйлеу не үшін қажет? Өз ойларын білдіру үшін , қарым қатынас жасау үшін, көптеген қызықты нәрселерді білу үшін. Сюжетті суреттерге қарау. Балаларды бағалау.
Үйге тапсырма:4- жаттығу
Тексерілді: Калиниченко Л.С
Пәні: математика
Күні: 02.09.2016
Сыныбы: 2 «Ә» сынып
Мұғалімі: Қайролла М.М
Тақырыбы: Ондықтармен және бірліктермен санау
Сабақтың мақсаты:
1) сандарды оқу, жазу және салыстырумен байланысты білімді
тиянақтай түсу; ондықтармен және бірліктермен санау, кестелік қосу
мен азайтуды және сәйкес ондықтарды қосу және азайтуды
қайталау.
2) бір амалмен шығарылатын есептерді орындау дағдыларын дамыту,
3) пәнге қызығушылығын тәрбиелеу.
Көрнекілік: интертақта слайдтары, түсті жолақшалар, сызба, ауызша
есептеуге арналған дидактикалық материалдар, цифрлар.
Қолданылатын технология: дамыта оқыту технологиясы.
Әдісі: ойын, топжарыс, көрнекілік, сұрақ - жауап.
Түрі: қайталау сабақ.
Сабақ жүрісі:
І. Ұйымдастыру кезеңі,
Психологиялық бағыт беру
Біз ақылды баламыз
Айтқан тілді аламыз
Математика ілімін
Лезде қағат санамыз.
ІІ. Жаңа сабақ:
Интер тақтадағы слайд:
1. Жасыл жолақша 10 тор, көк жолақша 20 тор. Сұрақтар арқылы
талдау:
- Неше жолақша бар? - Әр жолақша неше шаршыдан құрастырылған?
- Бір жолақша бір ондықты білдіреді. -------------- 1 ондық. ═
10
- Неше көк шаршы бар? ------------------ (20) - Бұл ондық. ═ 20
- Бір шаршы бір бірлікті білдіреді.
- Соңғы жолақшада барлығы неше жолақша құрастырылған? (10)
- Оның нешеуі жасыл түсті? Нешеуі көк түсті?
- Солай деп тақтаға жазайық: 4+6=10
ІІІ..(Ауызша ) «Айболаттың сұрағы»
- Қанша ондық, қанша бірлік барын айт:
15, 12, 18, 10, 13, 24.
3. Дәптермен жұмыс:
1) Көркем жазу сәті
0 0 0 0 0 0 0 0 1 1 1 1 1 1 1 1
4. №2 4бет. Тақтаға және дәптерлеріне жазу
А) Бір таңбалы сандар: 1, 2, 5, 7, 9.
Ә) Екі таңбалы сандар: 80, 60, 40, 30, 10.
№3. Есеп.
Нұржан - 10жаста,? үлкен --------------- Нұржан - 10 жаста
Айдар - 7 жаста ----------------------------- Айдар - 3 жаста,? жас
кіші
Ш: 10 - 7=3 ------------------------------------ Ш: 10 - 7 =3
Ж: 3 жас үлкен. ----------------------------- Жауабы: 3 жас
кіші
- Салыстырыңдар. Не байқадыңдар?
(Есептің шарты бірдей, шешуі бірдей, ал сұрақтары әртүрлі.
ІҮ. Сергіту сәті
1, 2, 3 - қарлығаш боп ұш
4, 5, 6 - қарлығаш боп шалқы
7, 8, 8, 10 - қарлығаш боп қон!
Ү. Ойын. «Гүл алаңы» Жарыс түрінде 3топ шапшаң есептеп, тақтаға
жазу керек. Оқулықтың 5 беті.
- Қай қатар тез орындаса, сол жеңімпаз.
ҮІ. Шығармашылық тапсырманы орындау.
1 - тапсырма оқулықтан: 6 бет (Интертақтаға сызып көрсету)
1 - сары емес ------------------------------------- жасыл
2 - жасыл да, сары да емес ------------------ қызыл
3 - қызыл да, жасыл да емес ---------------- көк
4 - көк те, жасыл да, қызыл да емес. ------ сары
Әр қорапта қандай шар бар?
2 - тапсырма:
Кроссворд шешу: Көлденең: 1) Геометриялық фигура
Тігінен: 1) Айырманы табуға арналған амал
2) 24 - 20
3) 35 - 29
ҮІІ. Сабақты қорыту. Бағалау.
Жетістіктерін ескере тырып бағалау
Тексерілді: Калиниченко Л.С
Пәні: еңбекке баулу
Күні: 02.09.2016
Сыныбы: 2 «Ә» сынып
Мұғалімі: Қайролла М.М
Сабақтың тақырыбы: Табиғи материалдан құрамақ құрастыру. Табиғи материалдардың қасиеттері.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды татаңғажайып әлмнің қыр-сырымен таныстыру. Табиғи материалдардан жасалатын бұйымдарды көрсету арқылы оқушылардың жан- жақты білімдерін дамыту. Оқушыларды ұқыптылыққа, реттілікке баулу.
Сабақ типі: Аралас.
Сабақ әдіс түрі:
Сабақ көрнекілігі: табиғи материалдар шөп, жапырақ, бүр, жаңғақ. т.б.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Оқушыларды сабаққа даярлау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Үлескідегі жұмыс.
1. Қай айда жапырақтар өте көп түседі?
2. Күзгі жұмыстарға қандай құралдарды пайдаланады?
ІІІ. Жаңа материалдармен таныстыру:
1,2,3 - суреттердегі фигуралар қандай ағаш жапырақтарынан жасалған?
Айбек пен Айгүл жапырақтарды не үшін жинаған? (Суретпен жұмыс)
Қалай ойлайсың, жерге түскен жапырақтарды іскеасыруға бола ма?
IV. Жаңа сабақ.
Табиғи материалдар: шөп, жапырақ, бүр, жаңғақ түрлері, құс қауырсыны, ұсақ тас, бұтақ көкөніс және ағаш жатады. Ағаш тамыры мен бұтақтарының пішіні әр түрлі болады. Кейде олардың пішіні аңға ұқсап кетеді.Байқадыңдар ма?
Оқулықпен жұмыс.Сұрақ-жауап
Орман тұрғандарын таныдың ба? Бұл фигуралар нені еске түсіреді? Оларды ата.
Суреттегі құрамақтар қандай табиға материалдардан жасалған ?
Олар бір-біріне несімен ұқсайды? Ерекшеліктері қандай? құрамақтарды қызықты деп айтуға бола ма?
V. Практикалық бөлім
Жапырақтан тышқанның бейнесін жапсыру.
1.денесі (1)
2. Құлақтары. (2).
3. Құйрығы (1)
4. Көзі (1)
5. Мұрыны (1)
VI. Қорытынды бөлім:
Оқушылардың жасаған жұмыстарынан класс көрмесін ұйымдастыру.
VII. Үйге тапсырма беру.
Табиғи материалды жина.
VIII. Бағалау.
Оқушылардың алғашқы тәжірибелерін ескере отырып мадақтап бағалау
Тексерілді: Калиниченко Л.С
Пәні: еңбекке баулу
Күні: 03.09.2016
Сыныбы: 2 «Ә» сынып
Мұғалімі: Қайролла М.М
Тақырыбы: Құрал-саймандар мен жабдықтарОқушылардың көшелерде және жолдарда өз-өздерін ұстауларының негізгі ережелері
Мақсаты: Оқушыларға табиғи ғажайып құпиясымен, табиғи материалдар қасиетімен таныстыру; танымдық қабілеттерін дамыту; еңбекке баулу.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап,
Көрнекілігі: суреттер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
сабаққа әзірлік
ІІ. Мақсат қою кезеңі:
Тақырыбы, мақсаты. Оқушыларға табиғи ғажайып құпиясымен, табиғи материалдар қасиетімен таныстыру; танымдық қабілеттерін дамыту; еңбекке баулу.
Ү. Жаңа сабақ.
Табиғат ғажайыптары көп. Құпиясы мен әсерлері жайлы әңгімелеу. Оқулықпен жұмыс. Іштей оқу. Тізбектей оқу. Суреттерге талдау
ҮІ .Түсінгендерін тексеру:
Сұрақтарға жауап алу.
Табиғи материалдарға нелер жатады?
Оларды сындыруға болады ма?
Олар қандай?
Табиғи материалдарды жылдың қай мезгілінде жинау керек?
Мүктен, бүршіктен не жасауға болады?
ҮІІ. Қорытындылау
Суретке қарап әңгімелеу.
Оқушылардың жасаған жұмыстарынан класс көрмесін ұйымдастыру.
ҮІІІ. Үйге тапсырма:
Түсініп оқу. Бағалау.
Тексерілді: Калиниченко Л.С
Пәні: әдебиеттік оқу
Күні: 03.09.2016
Сыныбы: 2 «Ә» сынып
Мұғалімі: Қайролла М.М
Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин.«Кел,балалар,оқылық »
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға Ы.Алтынсариннің өмірін үлгі ете отырып,оқудың пайдасы туралы әңгімелеу.Өлеңді түсініп оқуға,талдауға үйрету.
2. Оқушылардың оқуға деген ниет-ынтасын дамыту.
3. Оқушыларды білімді болуға, ата-ананы құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,
Көрнекілігі: оқулық, суреттер, мультимедиялық оқулық
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасу,түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Оқушылардан мектепке алғаш рет қалай келгендеріңді еске алыңдар.
Мектепке кіммен келдің?
Алғашқы оқулығың туралы не айта аласың?
Қазақ хрестоматиясы туралы естідің бе?
ІІ.Мақсат қою кезеңі:сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. Оқушыларға Ы.Алтынсариннің өмірін үлгі ете отырып,оқудың пайдасы туралы әңгімелеу.Өлеңді түсініп оқуға,талдауға үйрету.
ІІІ. Жаңа сабақ
а/ Ы.Алтынсарин туралы түсінік.
Ы.Алтынсарин 1841-1889 Қостанай облысында туған. Ол - қазақтан шыққан тұңғыш ұстаз. «Қазақ хрестоматиясы» деген оқулық жазды.
ә/ өлеңді мәнерлеп оқу,іштей оқу,тізбектей оқу,жеке-жеке оқу.
А) І-деңгей(міндетті) сұрақ-тапсырмалары:
1. Өлең не туралы? Неше бөлімнен тұрады?
2.Білім не үшін керек?
3.Ы.Алтынсарин оқудың пайдасы туралы не айтты?
Ә) ІІ деңгей(алгоритмдік) сұрақ-тапсырмалары:
1.Өзіңнің мектепке алғаш келген кезіңді есіңе түсіріп әңгімеле.
2.Оқу білім туралы қандай мақал-мәтел білесің?
Б)ІІІ деңгей (эвристикалық) сұрақ-тапсырмалар:
1.Өлеңнінің әр бөлігін берілген атаулардың бірімен ата.Неге солай аталғанына мән бер. (Білім керек бәріне:ата-ана:оқудың пайдасы:сауысқанның тамағы:оқудың зияны)
2. Олай болса Ыбырай ата қалай оқыды деп ойлайсың?
б/ Дәптермен жұмыс
Ыбырай Алтынсаринның өсиетін дәптерге түсір.
сөздік жұмыс жүргізу.
Ыбырай атамыздың өсиет сөзін жазғызу.
ІҮ. Түсінгендерін тексеру:
Ыбырай атамыз қандай өсиет айтты?
Өлеңнің бірінші шумағынан не түсіндіңдер?
Оқудың пайдасы жөнінде не айтты?
Тауып оқу
Ү. Қорыту: Ыбырай Алтынсарин туралы мәлімет жинау
Өнер, білім туралы мақал-мәтелдер айту.
ҮІ. Үйге тапсырма:Өлеңді жаттау.
ҮІІ. Бағалау.
Оқушылардың сабаққа қатысымына қарай бағалап мадақтау