7


  • Учителю
  • Урок по начальному классу на тему Ғғ әрпі мен дыбысы.

Урок по начальному классу на тему Ғғ әрпі мен дыбысы.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пәні: Әліппе

Сыныбы: 1ә

Тақырыбы: Ғғ әрпі мен дыбысы.

Мақсаты: 1.Ғғ дыбысы мен әрпін таныстыру және оны Гг дыбысымен және

әрпімен салыстырып,айтылу,жазылу ерекшеліктеріне көңіл

аударту.Ғғ дыбысының артикуляциясын меңгерту,балаларға айтып

көрсету.Берілген сөздерге дыбыстық талдау жасату,баспа әріптерді

жаздырту.

2.Суреттер бойынша әңгіме құрастырту,сөздік қорын молайту,ой-

өрісін дамыту.

3.Адамгершілікке,үлкендерді сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақ типі: түсіндіру,әңгімелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап,салыстыру.

Көрнекілігі: түсті текшелер.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Құрметпенен бәріміз

Бас иеміз біз.

2. Шаттық шеңбері.

Қуан, шаттан!

Қуан, шаттан!

Қуанатын күн бүгін.

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін!

3.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Үйге берілген тапсырмаларды пысықтау мақсатында өткен дыбыстар мен әріптерді қайталаймыз..

*Аа, Тт, Пп, Нн әрпін тақтаға жазамыз.

*Кеспе әріптерден көрсетеміз.

*Аа-ана,апа,ат

*Тт- ат,ата,тауық

*Пп-піл,апа.

*Нн- нан,ана. Буынға бөлеміз.

*Әліппеден 39 бетті оқушыларға оқыту.

* Көркем жазу: Нн- жазу дәптерден 14 бет тексеру

4. Жаңа сабақ.

Электронды оқулық арқылы Ғғ әрпі дыбысымен танысамыз. Оқулыққа қарап ғарышкер сөзіне дыбыстық талдау жасаймыз. Буынға бөлеміз.Тақтаға көк, қызыл белгімен белгілейміз. Мысалдар келтіреміз.Ғарыш кемесі, ғарыш, ғимарат, ғаламтор, қарға.

1 тапсырма.Ғғ- таңбасы ұқсайтын - шалғы.

Оқулықпен жұмыс.

Топпен оқыту.

Қатармен оқыту.

5 тапсырма. Жұмбақ шешу.Суреттегі сөздерді буынға бөлу.

Сергіту сәті:

Қарға, қарға, қарғалар

Қар үстінде жорғалар

Боран соқса қар болар

Көзден жасы сорғалар.(Қимылмен көрсетеді)

Дәптермен жұмыс:

2 тапсырма. Электронды оқулық арқылы дәптерге жазамыз.

Ауада көрсетеміз.


Сергіту сәті:

Жаза, жаза, саусағым,

Әлсіредім шаршадым.

Бір, екі, үш

Жинап алдым күш.

Қане қалам алайық,

Әдемілеп жазайық.


6 тапсырма. Суреттерді анықтап қарап ғ дыбысы бар сөздерді атап көрсет.

Бекіту: 7 тапсырма

Үйге тапсырма:

Ғ дыбысын жазу дәптерімізді аяқтап, қосымша дәптердегі тапсырманы үйден орындаймыз. Ғ дыбысын оқып келеміз.

Бағалау.


№267 орта мектеп








Ашық сабақ


Тақырыбы: Ғ ғ дыбысы мен әрпі



Сынып: 1 «ә»

Орындаған: Арленкеева Вераника




















2015-2016 оқу жылы




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал