- Учителю
- Сабақ жоспарыӨ өдыбысы мен әрпі
Сабақ жоспарыӨ өдыбысы мен әрпі
Сабақтың тақырыбы: Ө дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға ө дыбысы мен әрпін таныту. Ө дыбысын сөз ішінен ажырата білу,жуан-жіңішкелігін айыра білуге үйрету.
Дамытушылығы: Ө дыбысы мен әрпін оқыту арқылы оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, танымдық іс-әрекеттерін, шығармашылығын, сөздік қорларын дамыту.
Тәрбиелік: Қоршаған ортамен ізгілік қарым-қатынасын қалыптастыру,дүниетанымын кеңейту,ұқыптыллыққа,сауаттылыққа, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Саяхат сабағы.
Сабақтың әдісі: Сөздік,көрнекілік,танымдық,практикалық
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер,слайдтар.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.
1. Психологиялық дайындық .Шаттық шеңбері
Қуанамын менде,
Қуанасын сенде,
Қарсы алайық, достарым!
Келді қонақтар бізге.
-
Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше өтпекші, себебі бізге қонақтар келіп отыр. Қош келіпсіздер! Бүгінгі сабағымызда орманға саяхат жасаймыз. Ормандағы ағаштарды аралап, таза ауамен дем алып, неше түрлі аң-құстармен кездесеміз. Алақай не деген керемет! (Орманның суретті, құстардын дауысы естіледі).
-
Балалар, орманда адасып кетпей бірлесіп жұмыс істейік, әртапсырмаларды мұқият тыңдап, білімімізді арттырайық. (Сапарларын сәтті болсын!).
-
Орманда нелер өседі?
-
Ағаштар,өсімдіктер,гүлдер өседі.
-
Өте жақсы. Ағаш түрлерін айтып өтейік (қайын, қарағай, терек, емен суреті).
Тапсырмалар: жапырақта жазылған.
-
Дыбыс деген не?
-
Дыбыс ауызбен айтылады, құлаққа естіледі.
-
Әріп деген не?
-
Естіген дыбысты таңбалап жазсақ ол әріп болады. Әріпті оқимыз, жазамыз.
-
Дауысты дыбыстар қалай айтылады?
-
Дауысты дыбыстар созылып, әндетіп айтылады, өзі буын құрай алады.Мысалы: ы, а, ә, і.
-
Даусыссыз дыбыстар қалай айтылады?
-
Дауыссыз дыбыстар созып, әндетіп айтуға келмейді. Ауыз қуысында кедергіге ұшырап, қысқа айтылады. Өз бетімен буын құрай алмайды. Мысалы: с, ш , л, р.
II. Өткенді қайталау.
Өте жақсы , тамаша! Орманда енді бізді аң патшасы - Арыстан күтіп тұр екен. Арыстанның тапсырмаларын орындайықшы. Қобыз,сәбіз,жүзім суреттері). Хормен суреттердін атын айтады. Бұл сөздерде бізге таныс қандай дыбыс естіп тұрсыңдар? (З дыбысы)
-
З дыбысы неге ұқсайды?
-
Дыбыстық талдау жасайды,Сөздерді буынға бөлу .
-
Жақсы. Ал орманды әрі қарай аралайық (Орманда әліппе оқып отырған аңдар суретті). Ормандағы аңдардың балаларыда "Мектептеріне" жиналып "Орман әліппесін" оқымақшы екен. Ал, қане біз де әліппемізді ашайық ( 88 бет).
-
"Мұз айдыны" мәтінін оқыту(88 бет).
III. Жаңа сабақ.
-
Ал,енді аңдармен бірге қаншама тапсырмалар орындадық, әрі карай орман ішін аралайық. Орман емшісі не деп ойлайсындар? (Тоқылдақтын суретті).
Неге тоқылдақ орман емшісі деп ойлайсындар?
Тоқылдақ бізге өзінін тапсырмасын дайындап келіпті.
Жұмбақты шешу
-
Суретпен жұмыс
Дыбыстық талдау, сөйлем құрау
9 Көбелектің тапсырмасы
Поэзия минуты(өлеңді жаттау )
-
Жақсы, әрі қарай жүрейік (Тырна суреті).
Балалар ұшып келе жатқан қандай құс екен?
-
Ол орман хабаршысы Тырна. Тырна бізге хат әкеліпті. Хатты оқып беремін. (Қоян суретті шығады). 10 Сергіту сәті. 11 Дәптермен жұмыс. ( Тік отыру үлгісі).
IV. Бекіту
12 Қасқырдың тапсырмасы
Сөздік диктант
V. Сабақтың қортынды кезеңі:
-
Бүгінгі сабақта қайда бардық?
-
Ұнады ма?
-
Нелермен кездестік?
-
Бүгінгі сабаққа ризамыз ба?
-
Мен де ризамын.
Ризамын бүгінге,
Ризамын қазірге,
Ризамын, Ризамын, Ризамын бүгінге.
Ризамын, Ризамын, Ризамын қазірге!
Келгендеріңізге рахмет! Сау болыңыздар!