- Учителю
- Оқытудың жаңа технологиясын қолдану
Оқытудың жаңа технологиясын қолдану
Оқытудың жаңа технологияларын қолдана білейік
Қазіргі білім беру саласындағы өзгерістерді дұрыс қабылдап, оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, бүгінгі заман талабына сай ұстаз болу мүмкін емес. Осы орайда белгілі педагог К. Ушинскийдің «Мұғалім- өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» деген пікірімен келіспеске болмайды. Ұстаздардың ортақ мақсаты жеке тұлғаны қалыптастыру болса, оқушы бойынан табылатын жақсы қасиеттің бәрі мұғалімнің бойында болуы керек. Сондықтан мұғалім мамандығын даярлайтын жоғары оқу орындарында студенттің өзін- өзі тануы, өзін- өзі даярлауы қажет. Болашақ шығармашыл қазақ тілі мен әдебиетті мұғалімдерін даярлауда жоғары оқу орындарында оқытылатын «Қазақ тілін оқыту әдістемесі», «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәндерінің атқаратын рөлдері зор. Педагогикалық институттарда оқытылатын «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәнінен бағдарлама бойынша морфологияны оқытуға 4 сағат берілген. Оның алғашқы 2 сағатын дәріс, ал қалған 2 сағатын тәжірибелік жұмыс немесе қорытынды семенар ретінде жүргізуге де болады. Сезім дәлелді болу үшін Семей педагогикалық институтының қазақ филиологиясы факультетінде өзім өткізген сондай бір сабақтың үлгісін оқырмандар назарына ұсынуды жөн көрдім.
Сабақтың бөлімі. Морфологияны оқыту әдістемесі.
Сабақтың тақырыбы. Сөз таптарын оқытуда оқытудың жаңа технологияларын қолдану.
«Егер ісім өнсін десең- ретін тап» (Абай).
Сабақтың мақсаты. а) студенттерге сөз таптарын оқытуда жаңа технологияда үрдістерін қолданудың жолдарын меңгерту; ә) түрлі технологиялардың стратегияларын қолдана жүргізу арқылы оқытудың әдіс- тәсілдері туралы білімдерін дамыту, тәжірибеде пайдалана білуге машықтандыру; б) әр түрлі стратегияларды қолдануға үйрете отырып студенттердің өз мамандықтарына деген қызығуларын арттыру.
Сабақтың типі. Тәжірибелік сабақ.
Сабақтың түрі. Оқытудың озық технологиялары.
Сабақтың көрнекіліктері. Тірек сызбалар, тірек суреттер, тірек плакаттар, тірек белгілер, үлестірмелі қағаздар, үнтаспа, әр түрлі стратегияларға қажетті көрнекіліктер.
Пәнаралық байланыс. Қазіргі қазақ тілі, тіл білімі, әдебиет.
Сабақтың барысы. 1. Ұйымдастыру кезеңі; 2. Өткен тақырыптарға шолу.
Оқушының кіріспе сөзіненкейін экранда көрсетілген мына тапсырмалар беріледі.
-
Оқыту технологияларына өзіміздің көзқарасымызды білдіріңіз.
-
Қазіргі уақыттағы ең тиімді педагогикалық технологияны атаңыз.
-
Сіз таңдаған оқыту технологиясының құрылымын сипаттаңыз.
-
Сіз таңдаған технологияның тәжірибеде қолданудың алгаритімін ұсыныңыз.
1,2 сұрақтарға табан астында ауызша, ал 3,4 сұрақтарға сабақ өтілу барысында студеттердің өздері таңдап қолданған тәжірибелерді арқылы жауап алынады.
Жана сбақты оқытушы мына сөздермен бастайды.
-
Грамматикалық морфология бөлімінің ең күрделі әрі көлемді тарауы- сөз таптары екендігі белгілі. Ендеше морфологияны оқыту - қазақ тілін оқытудағы аса жауапты кезеңдердің бірі. Енді осы морфология бөлімін, соның ішінде сөзтаптарын оқытудың тиімді жолдарын озық технология үрдестері арқылы қалай меңгертер едіңіздер? Семинар сұрақтары берілген. Кім дайын?
«Әр студентөздерінің тандаған технология стратегияларын кіргізе отырып жасап әкелген сабақ жоспарлары бойынша тәжіребе алынады, сабақтың кезендерінен беріледі. Студеттер өздері мұғалім - оқушы болып сабақ өткізеді»
Сбабақты қорытындылау кезінді оқытушы былай дейді:
-
3,4 сұрақтарға сабақ барысында жауап алынды деп ойлаймын. Осы аталып өтілген жаңа технологиялардың тиімділігі неде?
Бұдан кейін оқытушы студенттердің пікірлерін талдай келе, кодоскоп арқылы экранан көрсетілген тірек сызбасын пайдаланып оқытудың жаңа технологияларының тиімділігін сараптай сипаттайды « Оқушы - мұғалім - ортақ нәтиже».
-
Дана Абай « Егер ісін өнсің десең - ретін тап» деген екен. Ендеше, аталып өткен технологияларды кезкелген тақырыпқа ретсіз қолдана беруге болмайды, оның тақырыптың теориялық жүгіне сыныптың деңгейлігіне, жеке оқушының қабілетіне қарай қолдану мұғалімнен кәсіби шеберлікті іздемпаздылықты талап ететіндігіне көзіміз жетті. Сіздерге ізденіңіздір, еңбектеніңіздер, оқыңыздар дей келе, бүгінгі ізденістің нәтижесін бағалайық, - деп ұстаз сабақ сонында әр студентің жұмыстың сараптай отырып объективті баға береді.
Оқытушы келесі сабақ дәріс түрінде өтілетіндігін, сондықтан берілген шығармашылық тапсырмалардың жауабын жазбаша түрінде өткізу керектігін ескертеді.
Міне осы берілген тәжіребелік сабақ арқылы жаңа тұрпатты жеке тұлғаны қалыптастыруға бағыттағы білім беру, ең алдымен, сол білімді беретін болашақ мұғалімнің ізденімпаздылығын шыңдап өзін-өзі дамытуына мақсат қояды. Жақсы мұғалімге тән қасиеттерді В. Сухамлиский төртке бөледі: біріншіден, мұғалімнің балаларға сүйіспеншілік сезімі болуы керек, екішіден, өз сабағының ғылымдық негізін еркін меңгеруі, оған құштарлығы, ғылымның даму бағдарына қанықтығы, үшіншіден, психология мен педагогиканы білуі, төртіншіден, кәсіби шеберлігі болуы керек.