7


  • Учителю
  • Сабақтың тақырыбы: 'Өткенді қайталау'

Сабақтың тақырыбы: 'Өткенді қайталау'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Өткенді қайталау.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін іскерліктері мен дағдыларын қорытындылау және жүйелеу.Ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын қалыптастыру.

Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын,белсенділігін арттыру,ой-өрістерін кеңейту,шығармашылық тапсырмалар арқылы есте сақтау қабілеттерін,ақыл-ойын дамыту.

Оқудың өмірмен байланысын нығайту,шыдамдылыққа,сауаттылыққа,ұжымда бірлесіп жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас.

Сабақтың әдістері: Ой қозғау,мағынаны ашу,топпен жұмыс.

Пайдаланылған техникалық жабдықтар: Компьютер,интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

1.Психологиялық дайындық.

Мақсатымыз-білім алу,

Міндетіміз-еңбектену.

Еңбек етіп топтаса,

«5»-ке қолды жеткізу.

2. Сабаққа назар аудару.

ІІ. Мотивация.

-Балалар,бүгінгі сабақта өткен тақырыптарға қайталау жасаймыз. «Қайталау-білім анасы» деп жазылған сөзді тақтаға ілу.

-Мынау не деп ойлайсыңдар?

-Баспалдақ.

-Бұл болашақ баспалдағы.Балалар,біздің мемлекетіміз өз алдына -болашақта бәсекеге қабілетті,дамыған 50 елдің қатарына қосылу жөнінде мақсат қойып отыр.Дамыған елдің балалары білімді,халқы дамыған,елі бай.Білімді болсақ,біз де дамыған елу елдің қатарына қосылуға өз үлесімізді қосқанымыз болар еді. «Білімдіге-биік орын» деп Жүсіп Баласағұн айтқандай қазір біз топқа бөлініп,мына тақтаға ілінген «Болашақ» баспалдағымен көтеріліп, «Білім шыңына» шығып,әр топ өз туын өз туын тігеді де,мына жұлдызға ие болады. Ол үшін тапсырамалар орындау керек.

1-топ «Қызыл жалау»

2-топ «Жасыл жалау»

3-топ «Көк жалау»

1-тапсырма: «Жорға» ойыны

«Минидиктант» парағымен жұмыс

486:2 60·4

14·3 5·15

86:2 450:9

2-тапсырма: «Қызықты бестік»

Топшамалармен жұмыс

1-топ 2-топ 3-топ

36:3 48:2 84:4

41·2 33·3 23·3

639:3 248:2 82:2

122·3 442·2 214·2

121·4 428:2 69:23

3-тапсырма: «Сиқырлы алты торкөз»

1-10 Тіктөртбұрыштың периметрін табу: а=5 см,b=7см.

2-10 Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті туралы айт.

1-20 Тік төртбұрыштың ауданын тап: а=7 см,b=20см.

2-20 Көбейтудің,бөлудің компоненттерін ата.

1-30 Тік төртбұрышты параллелепипедтің көлемін табу,мысал келтір.

2-30 Санның кубын табу үшін не істеу керек?

4-тапсырма: «Жеті жұрттың тілін біл»

Логикалық есептер шешу

Логикалық есептердің шешуі табылып,үш тілде қазақ,орыс,ағылшын тілінде айтулары керек.

1-топқа: Мадина тығылған достарын іздеп жүр.Ол шымылдықтың артынан 10 аяқты көрді.Сол жерде неше досы тығылған? (бес-пять-five)

2-топқа: Әжесі немерелеріне 8 қолғап тоқыды.Сонда оның неше немересі бар? (төрт-четыре-fore)

3-топқа: Аулада өсіп тұрған биік ағашқа екі торғай және төрт көбелек ұшып келді.Барлығы неше құс болды? (екі-два-two)

Сергіту сәті

Оң қолыңды көтеріп,

Үшбұрыш сыз ауада.

Сол қол қарап тұрмасын,

Шеңбер сызып зырласын

5-тапсырма: «Шығармашылық жұмыс»

Оқу мен ойлау әрекетінің тиімді амал-тәсілдерінің бірі- өздіктерінен жұмыс істеу. Жеке жұмыс.

Суреттерге қарап,тірек сөздер арқылы есептер құрастыру.

Тірек сөздер: кг-нан,жәшік,қап,барлығы.

Ой тұжырым

«Білімдінің беті жарық,қайда барса да,жолы ашық» дегендей,бір баланың сұрағына Төле би бабамыз не деп жауап берген екен? Нені артық деп тапқан? (Білім)

-Ендеше, тек білімді ғана біздерді дамыған елдер қатарына жеткізеді екен.

ІІІ.Қорытындылау.

-Бүгінгі сабақ ұнады ма? (Смайликтер арқылы сезімін білдіру.

Топтардың жалаушаларын санап,жеңімпаз топты атау,белсенді қатысқан оқушыларды мадақтап,марапаттау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал