7


  • Учителю
  • Қазақ тілі Тақырыбы: Зат есімнің тәуелденуі

Қазақ тілі Тақырыбы: Зат есімнің тәуелденуі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің тәуелденуіСабақтың мақсаты: Оқушылардың зат есімнің тәуелденуі туралы білімдерін жинақтау.Білімділігі: Сөйлеген кезде тәуелдік жалғауларды дұрыс қолдана білуге үйрету. Зат есімнің тәуелденуін қайталау.Оқушылардың сауатты жазу дағдылар
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің тәуелденуі

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың зат есімнің тәуелденуі туралы білімдерін жинақтау.

Білімділігі:

Сөйлеген кезде тәуелдік жалғауларды дұрыс қолдана білуге үйрету. Зат есімнің тәуелденуін қайталау.Оқушылардың сауатты жазу дағдыларын жетілдіру, сөздік қорын байыту.

Дамытушылық:

Білім берудегі жаңа технологияны меңгеруде білім сапасын дамытып, деңгеймен оқытуға, сөйлеу дағдысын дамытуға көңіл бөлу.

Тәрбиелік:

Ізденушілікке, қайырымдылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақ әдістері: сұрақ - жауап, өзіндік жұмыс, көрнекілік, презентация.

Сабақ көрнекілігі: суреттер, слайд, перфокарта, семантикалық карта, «Сөз тізбегі» мақал оқу.

Сабақтың барысы:

1/Ұйымдастыру кезеңі.

2/Психологиялық даярлық

3-слайд Сабақтың ұраны:

Қазақ тілі - өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені

Болашағым, бақытым, дара тілім.

-Міне, балалар, кемеңгер ғұлама ақын, жазушыларымыздың тілі - туған тіліміз, қазақ тілі сабағы.

4 слайд.

Н.Назарбаев «Еліміздің болашағы білімді ұрпақ қолында». Сөйлем мағынасын түсіндіру, бүгінгі сабағымызда көптеген тапсырмаларды мүлтіксіз орындасақ сабақ соңында мына Қазақстан картасының гүлденгенін көреміз.

5-слайд.

Берілген өрнектерді дұрыс орындасақ, бүгінгі сабағымыздың тақырыбын анықтап аламыз.

Тәуелдік жалғауы

6-слайд

7 слайд Қазақстан картасы.

8-слайд.

Сөз таптарына шолу

Тіліміздегі сөздер неше сөз табына бөлінеді?

Біз нешеуін білеміз?

Зат есім деген не?

Сын есім деген не?

Сан есім деген не?

Етістік деген не?


Дәптерлерімізді ашамыз.

Бүгінгі күнді, тақырыпты жазамыз.

Көркем жазу минуты.

Сөздік диктант.

Қалам, қаламың,қалмыңыз, қаламы.


Оқулықпен жұмыс:

1.Жаттығу келесі слайдта берілген тапсырмалар бойынша орындаймыз.


Слайд Гүлденген Қазақстан


Келесі тапсырмаға тақтаға назар салыңыздар.

Сөйлемдерді көшіріп жазып, көп нүктенің орнына тиісті тәуелдік жалғауларын қоямыз.


Слайд. Суретті не екенін ата. Оларды тәуелдеуелдеп жаз.


Сергіту сәті.

Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі,

Кіп-кішкентай ағаштар

Биік - биік өседі


Келесі тапсырма

Перфокартамен жұмыс, өздері тапсрыманы орындап, айтып отырады мен тақтаға жазып тексереміз.


Гүлденген Қазақстан

Слайд.

Семантикалық картамен жұмыс.

Тапсырма орындалған соң бірін - бірі тексереді.


Слайд.

Уақыт болса, тест тапсырмасын орындау.


Үйге тапсырма беру.

Сабақты бағалау.


Тест тапсырмасы.

1.Зат есім дегеніміз не?

А) қимылды білдіреді

Ә) заттың атын білдіреді

Б) заттың сынын білдіреді

2.Туынды зат есімді тап.

А) қала Ә) малшы Б) ағаштар

3. Көптік жалғаулы зат есімді тап.

А) батыр Ә) оқушы Б) ағаштар

4) Тәуелдік жалғаулы сөзді тап.

А) ақылды Ә) ақылы Б) ақыл

5) «Арманымыз» сөзі қай жақта айтылған?

А) 1жақ жекеше Ә) 2 жақ көпше Б) 1 жақ көпше

Жауабы

1 Ә 2 Ә 3 Б 4 Ә 5 Б



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал