- Учителю
- 'Тіл- асыл қазына' қазақ тілі сыныптан тыс жұмыс 4 сынып
'Тіл- асыл қазына' қазақ тілі сыныптан тыс жұмыс 4 сынып
Пәні: Қазақ тілі
Сыныбы:4 «в»
Мерзімі: 04.12.2015
Сабақтың тақырыбы: «Тіл -асыл қазына»
Сабақтың мақсаты:Оқушыларды оқуға ынталандырып, ойын еркін жеткізетіндей тілін байытып, белсенділікті арттыру. Санасын кеңейте отырып , білімге ізденімпаздылығы мен сүіспеншілігін қалыптастыру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: оқушылардың сөз тіркесі, сөйлем және сөйлем мүшелері туралы білімдерін тексеру.
Дамытушылық: ауызекі сөйлеу тілдерін, ойлау жүйесін дамыту.Өз пікірін дәлелдей білуге үйрету.
Тәрбиелік :бір -бірімен қарым-қатынасқа түскен кезде орынды сөйлеуге, әр сөзді дұрыс қолдануға үйрету, ана тілін құрметтеуге, ұқыптылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес.
Сабақтың типі:сайыс сабақ.
Сабақтың әдісі:түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын технологиясының элементтері, топтық жұмыс, ой қозғау, ой қорыту.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, мақал -мәтелдер
Пән аралық байланыс: әдебиеттік оқу.
Пайдаланған әдебиет:қазақ тілі 4 сынып Алматыкітап.2013 ж. Қазақ тілі 4 сынып Атамұра.2000 ж.
Сабақтың жоспары:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
I бөлім «Мақал-сөздің атасы»
II бөлім «Бәйге»
III бөлім «Бейнелі сөзге бейім бол»
IV бөлім «Сөз тапқанға қолқа жоқ»
V бөлім «Сөйлем құрау»
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
А) амандасу
-Армысыздар құрметті ұстаздар және оқушылар!Бүгінгі біздің «Тіл -асыл қазына» атты білім сайысына қош келдіңіздер!
Туған тілім-тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім мен де бірге өшемін.
-Иә,тіл қай ұлтта болса да, қай елде болса да қастерлі, құдіретті.Ол әрбір адамның бойына ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.Тіл байлығы- әр елдің мақтанышы, атадан балаға мирас болып қалған баға жетпес мұра.
Бүгінгі сайысымыздың әділ-қазы алқаларымен таныс болыңыздар!
4 «в» сыныбының мұғалімі:Аманкулова Айгүл Жақсылыққызы.
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі:Нургалиева Роза Ақылбекқызы.
-Бүгінгі сайысқа қатысушы топтармен таныс болыңыздар!
І топ «Тапқырлар»
ІІ топ «Жүйріктер»
Таныстыру кезеңі.
-Ендігі сөз топ басшыларына беріледі.Көшбасшылар өз тобының аты мен ұранын өлең жолдарымен таныстырады.
І топ «Тапқырлар» тобы.
Ана тілің - арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
ІІ топ «Жүйріктер» тобы.
Ана тілім- күшім менің қуатым,
Жырым сендік жүрегімнен туатын.
Тауысар ма ырысыңды, қорыңды.
Тізерлесіп қатар жазса мың ақын.
Сайысымыздың шарттарымен таныс болыңыздар!
I бөлім «Мақал-сөздің атасы»
II бөлім «Бәйге»
III бөлім «Бейнелі сөзге бейім бол»
IV бөлім «Сөз тапқанға қолқа жоқ»
V бөлім «Сөйлем құрау»
Сайысты бірінші бастайтын топты анықтау үшін жеребе тастау.
I бөлім «Мақал-сөздің атасы»
Әр топқа мақалдың басы айтылады, топ мүшелері мақалды аяқтау керек.
I топқа:
1.Тіл қылыштан (өткір)
2.Тіл тас (жарады)
Тас жармаса бас (жарады)
3.Отан оттан да (ыстық)
4.Сөз сүйектен (өтеді)
5.Тілі байдың (елі бай)
IІ топқа:
1.Тіл тағдыры- (ел тағдыры)
2.Сәлем сөздің -(анасы)
3.Өнер алды-(қызыл тіл)
4.Өнерліге өріс (кең)
5.Аз сөз (алтын)
II бөлім «Бәйге»
Берілен уақыт ішінде сұрақтарға тез жауап беру керек.
I топқа:
-Сөз тіркесі дегеніміз не?
-Сөйлемге анықтама бер.
-Жай сөйлем дегеніміз не?
-Құрмалас сөйлем дегеніміз не? Мысал келтір.
-Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері дегеніміз не?
IІ топқа:
-Сұраулы сөйлем дегеніміз не? Мысал келтір.
-Жай сөйлемнің құрмалас сөйлемнен қандай айырмашылығы бар?
-Құрмалас сөйлемнің тыныс белгілерін ата.
-Сөйлемнің дара мүшесі дегеніміз не?
-Сөйлемнің бірыңғай мүшелері дегеніміз не? Мысал келтір.
III бөлім «Бейнелі сөзге бейім бол»
2 топтан бір-бір оқушы шығып,тұрақты тіркестердің мағынасын ашады.
I топқа:
1.Қас пен көздің арасы.
2.Салы суға кету.
3.Қой аузынан шөп алмас.
4.Қара аспанды төндіру.
5.Бүйрегі бүлк етпеу.
IІ топқа:
1.Тау шағылу
2.Тепсе темір үзер.
3.Аузының суы құру.
4.Күлін көкке ұшыру.
5.Тасы өрге домалау.
IV бөлім «Сөз тапқанға қолқа жоқ»
2 топқа да сөздер беріледі, берілген сөздерден сөз тіркестерін құрау қажет.
I топқа:
Әдемі, білімді, еңбекке, ақылды, өткір, шәкірт,пышақ, оқушы,гүл, баулу.
IІ топқа:
Тау, семіз, оқушы, тез, қой,кел, биік, жеті, директор, мектеп
V бөлім «Сөйлем құрау»
2 топқа да «Қазақстан» деген сөз беріледі.Осы сөздің әрбір әріптерінен басталатын сөйлем құрау керек.
Сайысты аяқтап, қорытындысын шығару.
Сөз кезегі әділ -алқаларына беріледі.
-Сонымен, құрметті сайысқа қатысушылар, бүгінгі «Тіл -асыл қазына» атты сайысымыз өз мәресіне жетті.Сайысқа қатысқандарыңыз үшін көп-көп рахмет,сау болыңыздар!