- Учителю
 - 'Құстар айтысы' тақырыбындағы үнді ертегісі оқушыларды бірлікке, достыққа, ынтымақтастыққа баулитын ізденіске толы сабақ. Мұғалім АКТ-ны тиімді пайдаланған. Оқушылардың белсендііліктерін шығдау мақсатында шығармашылық тапсырмалар дайындалған.
 
'Құстар айтысы' тақырыбындағы үнді ертегісі оқушыларды бірлікке, достыққа, ынтымақтастыққа баулитын ізденіске толы сабақ. Мұғалім АКТ-ны тиімді пайдаланған. Оқушылардың белсендііліктерін шығдау мақсатында шығармашылық тапсырмалар дайындалған.
|   
 17.11.2014жыл әдебиеттік оқу . 
 Сабақтың атауы:  |   Құстар айтысы (Үнді ертегісі)  | |
|   Сілтеме:  |   Жоспар, 3 сынып оқулығы, слайд, бастауыш сыныпта оқыту журналы, әдістемесі, энциклопедия, әдістемелік кітапшалар, топтамалар, ғаламтор.  | |
|   Жалпы мақсаты:  |   ü Оқушылардың құстар және олардың тіршілігі туралы білімдерін кеңейте отырып, құстардың адам өміріндегі маңызды рөл атқаратындығын ұғындыру. ü Оқушыларды табиғатты қорғауға аялап күтуге, бірлікке, ынтымаққа, ауызбіршілікке, өзара бірлесе жұмыс жасауға тәрбиелеу. ü Оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын, сөздік қорын, тіл байлығын, сөйлеу және актерлік шеберлікке бейімдеу.  | |
|   Күтілетін нәтиже:  |  
  | |
|   Міндеттері:  |   ü Ертегінің негізгі ойын түсініп, қорытынды жасайды; ü Топқа бөлініп, өзара пікір алмасады, қорғайды;  | |
|   Тапсырмалар:  |   Топтық, жұптық, ұжымдық.  | |
|   Сабақтың барысы:  |   - Ұйымдастыру кезеңі; - Психологиялық дайындық; Әрбір адам - туысым, досым, жұрағат, Әрбір сабақ - үйрену, ұғу, ұлағат. Әрбір ісің - тірлік, тірек, адамдық, Әрбір сөзің - шындық, бірлік, адалдық.  | |
|   
  |   Мұғалімнің іс-әрекеті  |   Оқушының іс-әрекеті  | 
|   Қызығушылығын ояту:  |   Сыныпты топқа бөлу (жыл мезгілдері бойынша), топ ережесін еске түсіру.  |   Әр оқушы өзіне тиісті орынға отырады, топ басшысын сайлайды.  | 
|   Үй жұмысын тексеру:  |   "Кешегі күн" тақырыбына әңгіме жүргізу (І топ - "Әке мен бала" ІІ топ - "Әкенің шеберлігі" ІІІ топ - "Жаз" ІҮ топ - "Әнге құштарлық")  |   Әр топтан бір-бір оқушы шығып, бөлімдер бойынша түсінік айтады. Топ топты өзара бағалайды.  | 
|   Жалпы сұрақ - "Әкенің тәлімі" - деген сөзді қалай түсінесіңдер? "Әннің құдіреті" - деген не?  |   Шапшаң жауап беру.  | |
|   Жаңа сабақ:  |   1. Картадан Үндістанды көрсетіп, қысқаша түсінік беру. 2. Бүгінгі сабақта үндінің "Құстар айтысы" ертегісімен танысатындығын хабарлау және ертегіні мазмұндау. 3. Ертегі кейіпкерлерімен жұмыс 4. Құстарды жіктеу.  |   Оқушылар мұқият тыңдайды  | 
|   Оқулықпен жұмыс:  |   
  |   Ертегіні тізбектей оқу. Әр топ бір-бірін бас бармақпен бағалайды  | 
|   Сөздікпен жұмыс:  |   
  |   Тақтада көрсетілген сөздерге мағлұмат беру.  | 
|   Сергіту сәті  | ||
|   Топпен жұмыс:  |   І топ - "Ынтымақ" ІІ топ - "Алауыздық" ІІІ топ - Тордағы құстар ІҮ - Құстардың пайдасы (Әр топ тапсырмалары тақтада көрсетіледі)  |   Әр топ оқушылары берілген тақырып бойынша постерге бейнелейді. Өзара топта бағдаршам арқылы бағалау  | 
|   Сахналық қойылым:  |   
  |   Оқушылар ертегі кейіпкерлерін сомдайды.  | 
|   Қорытынды:  |   Бейнефильм көрсету  |   Бейнефильмде көрсетілген құстарды есте сақтай отырып, дәптерге түсіру  | 
|   Үйге тапсырма:  |   І топ - Құстар туралы жұмбақ ІІ топ - Құстар туралы мақал-мәтелдер ІІІ топ - Бірлік туралы мақал-мәтелдер ІҮ топ - "Құстар-біздің досымыз" шығарма  |   Тақтада берілген тақырыпты әр топ оқушылары күнделіктеріне жазады  | 
|   Оқушыларды бағалау  |   Журналға жиынтық баға қою  |   Топ басшысы бағалайды.  | 
|   Рефлексия  |   Оқушыларға стикерлер таратылады  |   Оқушылар ҰНАДЫ, ҰНАМАДЫ, СҰРАҚ жазады  |