7


  • Учителю
  • Сценарий Құстар біздің досымыз

Сценарий Құстар біздің досымыз

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: "Құстар- біздің досымыз"

Мақсаты:

Білімділігі: Табиғат жайлы түсінігін тереңдету, жалпы құстардың пайдасы жайлы мағұлмат беру,барлық тыныс тіршіліктің бастауы, көктемнің ерекшелігін байқату, құстарды қорғау ,қарсы алу.

Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын , сөйлеу мәдениетінің белсенділігін дамыту, құстар өмірінің беймәлім тұстарын айту, жыл мезгілдерінің өзгеруіне сәйкес, тіршіліктің де әртүрлі болатынын дәлелдеу.

Тәрбиелік: Отанын жерін, орманын , көлін- табиғатты сүюге, ақ - құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Құстардың суреті, үнтаспа, қанатты сөздер,шар, гүл, көктем көрінісі.

Барысы: Көрнекіліктер ілініп, музыка ойналып тұрады, қонақтар жайғасады, оқушылар сәлемдеседі.

Кіріспе сөз: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар!

"Құстар біздің досымыз" атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер. Мен баршаларыңызды көктем мерекесімен құттықтаймын. Бұл мереке табиғаттың қысқы ұйқыдан оятуын танытатын кішкентай ғана табиғаттың бір бөлігі, көктем жаршысы құс мерекесі.

1.Шаттық шеңбері: Оқушылар шеңберге тұрып бір-біріне тілектерін айтады.

2.Оқушылар екі топқа бөлінеді.1-топ Қарлығаш

2-топ Көгершін

Мұғалім:Жер бетінде 8600- ге жуық құстар түрі бар десек, біздің елімізде 500 дей түрі кездеседі екен . Ал жергілікті жерімізде қараторғай, сауысқан, көкек, қарғалар кездеседі. Жыл құстарын атайтын болсақ аққу, қарлығаш, үйрек, шағала сияқты көптеген құстарды білеміз.

Біздің халық ежелден аң- құстарға әуес, оларға деген сүйіспеншілігін шексіз дәріптеп, ең жақсы адамдарды құсқа теңегені белгілі. Мысалы саңылақ ұлдарын сұңқарға теңесе, төгіле ән шырқайтын әншісін бұлбұлға , ел үшін , отан үшін жанын қиятын батырларын қыранға, елден асқан сұлуын аққуға теңегені белгілі.

1.Көгершін - достықтың символы. Әділеттің, бейбітшіліктің құсы. Бақыт құсы, әлемді шарлап хат тасушы құс болған. Бірлікті , татулықты білдіретін құс.

1.Қарлығаш- киелі құс. Ол - адамның досы. Қарлығаш ұясын асханаларға, үйлердің кіре беріс жеріне, киіз үйдің шаңырағына салады. Ол кішкентай сәбиді аидаһардан қорғап қалған.

2. Бейбітшілік құсы көгершін

Жер бетінде бейбіт еңбек, көгерсін

Аспан тұнық , шат көңілді болайық

Ақ ниетті, адал жандар көбейсін - деген мақсатта біз көгершінді алып отырмыз.

2. Мен адамның досымын,

Мекенінде тұрамын.

Шыбын келсе кәсібім, ұстап жеймін, қырамын.

Тазалаймын үй ішін, шыбын деген кеселден.

Ел аузына мақтаулы, санитармын төселген.

Сондықтан да біз бүгін,қарлығашпыз ақ тамақ.

3.«Адасқан құстар» ойыны.(плакаттағы құстардың тіршілік ету орнын табу)

4.Видео ролик

5.Автор столында: екі топ оқушылары құстарға сипаттама береді.

Ең алып құс,ең кішкентай құс,ең жүйрік құс.

6.Топ басшыларының сайысы: сұрақ-жауап

«Көгершін тобы.»

а). Көктем айларын ата.

б). Құстар балапандарын қайда өсіреді?

в). Ең алғаш шығатын гүл.

г). Қандай құс жұмыртқасын басқа ұяға салады?

д). Киелі құс.

ж). Қандай құстың құйрығы айыр?

«Қарлығаш тобы»

а). Адамдар көктемде қалай киінеді?

б). Түнде ұшатын құсты ата.

в). Орман дәргері?

г). Өз атын өзі шақыратын құс.

д). Сөйлейтін құс?

ж). Көгершін қандай құс?

7.Шығармашылық сайыс:

Қарылғаш тобы: Құстар туралы әссе жазу.

Көгершін тобы: Сурет жапсырмалау

(Автор столына шығып қорғайды.)

«Қарлығаш тобы»

Құстарға арналған тақпақ оқиды:

1 оқушы: Жаршысымын:көктемнің

Көкек дейді мені жұрт

Өз ойын айтар құс менмін

Көктемді күтсең мені күт.

2-оқушы: Өткен жылы көктемде,бала едім тым кіші,

Кім білсін кетті ме,өкпелеп жыл құсы

Өтті тез он екі ай,енді мен үлкенмін

Келсе ұшып көп торғай,өзім ақ күтемін.

3-оқушы: Мен еркін бақытты бұлбұлмын

Бұлағын тасытқан ән жырдың,

Тамаша тамылжып шырқайтын

Шаттығын тауса алмай әр күннің..

4-оқушы: Құс сұлуы аққумын

Табиғат көркін сыйлаған

Мылтығын кезеп еш мерген

Атуға көзі қимаған.

Сұлулықты паш етіп ,

Жырлаған талай ақындар

Нәзік үнді, көл көркі,

Құс патшасы мен боламын.

4. « Көгершін тобы»

1-оқушы: Үкі едім түнде ұшып қалықтаған,

Құртуға зиянкесті жалықпаған

Жүнімнен үлпілдеген киелі деп

Бұрыннан - ақ адамдар тағып алған.

2-оқушы: Ала қанат сауысқан

Құртты көрсе жабысқан

Бір томардан, томарға

Секең - секең ауысқан.

3-оқушы: Құртты іздеп інінен

Қарағайды үңгіген

Тоқылдақ құс дәрігер

Қашаннан ол әбігер.

4-оқушы: Үй салдым құстың алдынан

Болсыншы ол өмір панасы

Өзімдей сәби балдырған

Өссінші құстың баласы.

8.Кім көп құс біледі? ойыны: (топпен,топ мүшелерімен жұмыс) Қима қағаздарға жазылған жұмбақтарды әр топтан бір оқушы шығып суырады және өз тобына қара сөзбен айтып түсіндіреді,топ мүшелері қандай құс екенін табу керек.

1.Сайрайды бір талмайды,

Әнші құс бұл таңдайлы.

(бұлбұл)

2.Қараңғыда ұшады құбылады,

Жарық көрсе қашады, тығылады.

(жарқанат)

3.Балапанын басатын басқа құс,

Бар осындай қасқа құс.

(көкек)

4. Бұл не деген шебер еді,

Ормандағы ағаштарды

Тұмсығымен шегеледі.

(тоқылдақ)

5.Күндіз соқыр не деген

Түнде сондай көреген.

(үкі)

6. Бұдыр-бұдыр балшықты,

Жинады да талшықты.

Ұқсатып қамытқа,

Үй салды жабыққа.

(қарлығаш)

7.Орақ құйрық,тарақ бас,

Көп ұйқыны жаратпас.

(әтеш)

8.Ішінде тамақ салынған,

Есігі тастай жабылған.

(балапан)

9.Дала,тау,тас тұрағы

Көзі өткір қырағы.

Қасқыр түлкі бұғыға

Шабуылға шығады.

(бүркіт)

10.Су бетін сызып,

Аққұман жүр жүзіп.

(аққу)

9. «Өнерлі өрге жүзер» өнер сайысы

Қарлығаш тобы: «Қарлығаш» биі

Көгершін тобы: «Аққу» биі

9.Қортынды: Балалар, соншама алыс жерден, қиын да қатерлі жолдарды артқа қалдырып,зорға жеткен құстарға қалай көмек көрсетуіміз керек?

-Иә балалар біз ата-аналарымызбен бірлесе отырып жасаған ұяны, жемсауды үзілісте мектеп маңындағы ағаштарға ілеміз.

Бұл біздің құстарға жасаған кішкентай көмегіміз болсын.

Қане , балалар ,бүгінгі сабағымыз сендерге ұнады ма?

Егер ұнаса қолдарыңдағы қиықшаны күлімдеген күнге,ал ұнамаса бұлттың қалташасына саласыңдар.(Оқушылар тілектерін жазып болғанша әділ қазылар алқасы қорытынды жасайды)

Марапаттау.

Музыка. Оянып бар табиғат ұйқысынан

Жадырап құтылғандай құс қамынан

Көктемді шуға бөлеп , әнге ораған

Тыңдаймыз алуан сыр жыл құсынан.

- Қымбатты балалар көктемнің жаршысы, адамзаттың досы жыл құсын жақсы қарсы алайық, оларға қамқор болайық. Әр қашан аспанымыз ашық болсын деген ниетпен «Ақ көгершін» әнімен аяқтауды жөн көрдік.



















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал