7


  • Учителю
  • урок по познанию миру на тему 'Времена года'

урок по познанию миру на тему 'Времена года'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Тақырыбы: Жыл мезгілдері Түрі: Таным сабақ Типі: Жаңа білімді меңгерту Сыныбы: 1 Пәні: Дүниетану Мақсаты: Білімділік мақсаты: Оқушыларға «Жыл мезгілдері»жайлы сурет арқылы әңгімелеу, өсімдік тіршілігіндегі маусымдық өзгерістерді баяндау, ауа райының өзгерістерін бақыл.
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Жыл мезгілдері
Түрі: Таным сабақ
Типі: Жаңа білімді меңгерту
Сыныбы: 1
Пәні: Дүниетану
Мақсаты:
Білімділік мақсаты: Оқушыларға «Жыл мезгілдері»жайлы сурет арқылы әңгімелеу, өсімдік тіршілігіндегі маусымдық өзгерістерді баяндау, ауа райының өзгерістерін бақылау.
Дамытушылық мақсаты: Сурет арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру, сөздік қорын, ойын арқылы танымдылық белсенділігін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Табиғатты қорғауда экологиялық тәрбие беру.
Технология: Ойын арқылы
Әдісі: Баяндау, ішінара іздену, сұрақ - жауап, зерттеушілік
Құрал жабдықтар: Суреттер, слайд, сергіту, ертегі.
Пән аралық байланыс: Ана тілі, сурет, логика
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру
ІІ Үй тапсырмасы
1 Айналада неше тұс бар?
2 Ауа райының шартты белгілерін қайталау
ІІІ Жаңа сабақ
1Сурет арқылы. Әр суреттің бірінші дыбысынан сөз құрасақ бүгінгі сабағымыздың тақырыбын табамыз.
ЖЫЛ МЕЗГІЛДЕРІ
Жылдың төрт мезгілі бар. Олар: күз, қыс, көктем, жаз. Әр мезгілдің өзіне тән белгілері бар. Күзде ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі. Күздің басы жылы болса, аяғы суытады. Бұл қыс мезгілінің басталатынын білдіреді. Көктемде қар еріп, дала көкорай шалғынға оранады. Жазда шуақты күндер басталып, бақта жидектер пісіп жетіледі.
ІҮ «Бұл қай кезде болады?»ойыны.
Сурет арқылы белгілеу.
Ү Кітаппен жұмыс
Күз мезгілінде ауа райы
Қыс мезгілінде ауа райы
Көктем мезгілінде ауа райы
Жаз мезгілінде ауа райы
V Сергіту сәті
Жел улейді: у - у - у - у
Қатты жел соқты: Гу - гу - гу - гу
Құйын келіп биледі: Зу - зу - зу - зу
Жапырақтар қол соқты: Ду - ду - ду - ду
VI Дәптермен жұмыс
Жыл мезгілдері Күз, қыс, көктем, жаз
VII Жыл мезгілдерін белгілеу Жыл мезгілдеріне орай шеңбердің ішіндегі дөңгелектерді бояу.
VIII Тез ойла, сөз ойла
Күз мәтінін құру
Берекелі......... келді. ............. жылы жаққа қайтты. Айгүл.......... терді. Біздің бақта............ пісті. Базарда..................... көп.
Керек сөздер: Күз, құстар, алма, жемістер, көкөністер
ІХ «Нені жақсы көреді?» ойыны
Тышқан ------ Бал
Кірпі ------------- жаңғақ
Қоян --------------- ірімшік
сиыр ------------------ сүйек
аю ------------------ алма
тиін --------------- сәбіз
ит -------------- шөп
Х Ертегі «Ауа, су және жарық»
Ерте, ерте, ертеде. Осыдан көп жыл бұрын су болмапты. Құстар шөлден қаталапты. Ағаштар қурап қалады, гүл солады. Шаршаған құстар желден көмек сұрайды. Көмектесуге уәде берген жел күнге келеді. Күн көлдердің суын қыздыра бастады. Су тамшылары буға айналып, аспанға көтерілді. Ол жерде тамшылар бір - бірімен қосылып бұлтқа айналады. Жерге жауын жауды. Жер рахаттана демалды.
ХІ «»Ағашта не өседі? Не өспейді?» ойыны.
Өседі: алмұрт, шие, өрік, апельсин, алма, жүзім
Өспейді: Баклажан, пияз, қызанақ, асқабақ, сәбіз
ХІІ Сабақты бекіту
Күз мезгіліне: қыркүйек, қазан, қараша айлары жатады.
Қыс мезгіліне: Желтоқсан, қаңтар, ақпан айлары жатады.
Көктем мезгіліне: наурыз, сәуір, мамыр айлары жатады.
Жаз мезгіліне: маусым, шілде, тамыз айлары жатады.
ХІІІ Үйге тапсырма
Жыл мезгілдері оқу.
ХІІІІ Білімдерін бағалау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал