7


8наурызға ашық сабақ 3сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тәрбие сағаты8наурызға ашық сабақ 3сынып8наурызға ашық сабақ 3сынып8наурызға ашық сабақ 3сынып

Тақырыбы: Ана - өмірдің гүлі

Тәрбие сағатының мақсаты:

Білімділік: 8-наурыз Халықаралық аналар мерекесін атап өту.Аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге үйрету.

Дамытушылық: Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, Оқушы тіл байлығын, сөздік қорын, ойлау қабілеттерін, бала бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушы бойындағы ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:Түрлі гүлдер, шарлар, плакаттар, слайд.

Тәрбие сағатының барысы:

Мұғалім сөзі:

Армысыздар, ата-аналар, ұстаздар! Көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8наурыз мейрамы құтты болсын! Осы жерде отырған барлық әйел адамдарына отбасыларыңызға береке, бірлік, денсаулық тілеймін! Мейрамдарыңыз құтты болсын! Енді сыныбымыз дайындаған « Ана - өмірдің гүлі» атты ашық тәрбие сағатын тамашалауға қош келдіңіздер деймін.

Жүргізуші:

Армысыздар,бақытты балалық шағымыздың шат көңілді өтуіне барлық жағдайды жасап отырған аяулы да ардақты аналар! Сіздерді 8наурыз Халықаралық аналар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Адам бойындағы жақсы қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен жаралған.

Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,

Білім іздеп, инемен құдық қазғандар.

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

Би биленіп, ән де бүгін шырқалар

Ортады вальс

1-ші оқушы Инабат

Бала, бала , бала деп

Түнде шошып оянған

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған

Аялы қолда талпынтқан

Қаймақты сүттей қалқытқан

Суық болса жүрегі,

Қорғасындай балқытқан

Айналасына ас қойып,

Өзенді көлдей шалқытқан

Қолын қатты тигізбей,

Кірлі көйлек кигізбей,

Иісін жұпар аңқытқан,

Бұл кім?

Балалар: Ана, Ана, Ана.

2-ші оқушы Бекболат

Дүниедегі ең ардақты асыл жан,

Анам менің мәпелеген жасымнан.

Мен қуансам қуанады ол бірге,

Мен қиналсам табылады қасымнан.

Маған қымбат жан жоқ сірә анадан,

Бар жақсылық аналардан тараған.

Жүргізуші:

Құрметті қауым, бүгінгі тәрбие сағатымызды біз сәл ерекшелеу өтсек пе деген оймен аналар мен қыздарының арасында өтетін сайыс қылып өткізбекшіміз. Олай болса, алдымен сайысқа қатысатын аналарымызды қошеметпен ортаға шақырайық.

Ендігі кезекте сайысымыздың шартымен таныстырып өтейін.

Сайыс шарттары:

  1. Таныстыру.

  2. Мақалды жалғастыру.

  3. Әртүрлі жағдаяттарға шешім таба білейік.

  4. «Қандай аспазшымыз?»

Ақ көңілмен ниетпен,

Әділ баға берсін деп,

Шаршамай еш жалықпай,

Айтқаныңызға көндік деп

Әділқазы алқасын,

Сайлап алсақ жөн болар.

Әділқазылар

1.

2.

3.

4.

3-ші оқушы Сұңғат

Жүргізуші: Енді сайысымызды бастайық,

Өнер қуып аналар өтер деймін

Бір басына өнерлері жетер деймін

Бәсекеге түскен аналар кезектесіп

Таныстырып өздерін өтер деймін - деп кезекті таныстыруға берейік.

  1. Инабаттың анасы

  2. Әдемінің анасы

4-ші оқушы Бақберді

Ана деген асыл жандар болаттай,

Ана деген - мөлдір жандар бұлақтай.

О, адамдар, қадірлей біл ананы,

Жат қылыққа ақыл- ойды тонатпай.

Ана десем сезім билер тым ыстық,

арасымды адамдарға туыстық.

Берсе барлық адамға ана мейірін

Орнар еді бар әлемге тыныштық.





Жүргізуші: Тамызып мақал тілінің,

Білімді болсаң жарарсың.

Ұшқыр ой, талап, біліммен,

Әлемді жаулап аларсың. - дей келе келесі кезек мақал - мәтел жарысын жалғастырайық.

1-ші анаға: 1. ---------------қылығымен көркем(Қыз)

2. Білім - теңіз, мектеп -------------(Кеме)

3. ---------------көңілі балада (Ананың)

4. Сөз тапқанға ----------------(Қолқа жоқ)

2-ші анаға: 1. ----------------бар үйдің жеңгесі сүйкімді.(Қызы)

2. Екі аяқтыда бажа тату, --------------- (Төрт аяқтыда бота тату)

3. Өле жегенше--------------(Бөле же)

4. Ағаш тамырымен мықты, -------------(Адам досымен мықты)

Жүргізуші: Жан анамды құттықтаймын мереке күніңмен,

Күнімнің құлпыра бер нарт гүлімен.

Өрлесін елдің берген бақыт бағы,

Жазбасын елдің берен бақыт бағы,

Жазбасын шат көңілін ақ күніңмен.

5-ші оқушы: Әдемі

Еркелесем, күлімдейтін

Маңдайымнан иіскеп менің,

«Құлыншағым, күнім» - дейтін

Таусылмайды өлеңі.

Күнде айтып береді,

Барған сайын бір жаққа,

Кәмпит алып келеді.

Әжем мені өйткені,

Өте жақсы көреді.

6 -шы оқушы: Әли

Құшағыңа кіргенде,

Жылынамын бір демде

Не жетеді көзіңе

Мейірімді күннен де.

Үн қатасың бал тілмен,

Еркелеймін әр күн мен

Құттықтаймын, анашым

Сегізінші Наурызбен!

Жүргізуші: Келесі сайыс түрі «Әр түрлі жағдаяттардан шешім таба білу» (Парақ таңдап алу қажет. Сұрақтарға жауап береді.)

Аналарға арналған

  1. Сіздің үй шаруасымен қолыңыз тимей жатыр. Қызыңыз келіп әртүрлі сұрақтармен мазаңызды ала берді. Сіз не істейсіз? Сұрақтарына жауапбересіз бе, әлде қолыңыз тимей жатқанын айтып бетін қайтарасыз ба?

  2. Қызыңыз сабақтан кейін ескертпестен жолдас қызының үйіне ойнауға барады. Сіздің іздемеген жеріңіз қалмай қатты уайымдап отырғанда қызыңыз келді. Сіз не істейсіз?

Қыздарға арналған

  1. Құрбыңды ойнап жүріп орынсыз ренжітіп алдың . Сен өзіңнің кінәлі екендігіңді біліп тұрсың. Не істейсің?

  2. Сен күні бойы ойнап үйге берілген тапсырманы орындамай келдің. Мұғалім сененнеге орындамағаныңды сұрады. Сен не деп жауап бересің?

7-ші оқушы: Жалын

Аяулы Ана!

Күнім де Ана, ай да Ана,

Жетеді саған қай дана?!

Асылым өзің,

Ғашығым өзің,

Бас иіп өтер әулием менің сен ғана.

Сені іздеп шарқ ұрып,

Теңізде малтып,

Мен қалдым жалғыз жағада.

Сүрінсем сүйеп,

Болатын тірек,

Сол үлкен жүрек

Сен екен жалғыз, Жан-Ана

Жүргізуші

Әке көрген оқ жанар,

Шеше көрген тон пішер.

Ешқайсысы жоқ сияқты,

Бір-бірінен кем түсер.- дей келе, аналарымызбен қыздарымыздың бал тамған қолдарынан жасалған тағам түрлерін қорғау. Оның қалай жасалатынына тоқталу.

Осы тағам түрлерін әділ-қазы алқасына дәм татқызайық.

Әділқазы алқасы,

Әділден берсін бағасын.

Жеңіске жеткен қыздардың,

Өркендей берсін талабы. - дей отырып әділқазы алқасы шешімін шығарғанша, « Кім көп біледі?» ойынын ойнайық

Екі жағым Н болса,

Қасиетті тағаммын.

Екі жағым А болса,

Ел қадірлер адаммын.

(Нан, Ана)

Даладай

Кімнің кең пейілі?

Даладай

Кімнің мол мейірімі.

(Ана)

Отынсыз, сусыз піскен ас,

Адамның бәрі ішкен ас.

(Ана сүті)

Номинациялар:

  1. Биязы ана

  2. Мейірімді ана

Жүргізуші: Енді ашық тәрбие сағатымызды аяқтай келе сыныбымыздың дайындаған « хорын» қабыл алаңыздар.

Мұғалім сөзі:

Ана деген- адамзат ететін жер шарының әр түкпірінде, әр үйінде мейір мен мерейдің, достық пен туыстықтың туын тіккен адам.

Енді, аналар мерекесіне арналған сыйымыз да бар. Қабыл алыңыздар. Аналар мерекесінде барлық аналарға құрмет көрсете отырып, кешімізді аяқтаймыз.

Таң шуақ тәуелсіздік елімізде,

Бақ - дәулет шалқи берсін жерімізде,

Аман - сау болайықшы көріскенше

Көк байрақ, желбірей түс көгімізде.

Ән. Әдемінің орындауында « Құттықтаймын, мама, туған күніңмен!!!»































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал