7


Урок на тему 'Етістік'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Етістік

Сабақтың мақсаты: оқушыларға етістік туралы білімдерін кеңейте түсуге, тиянақтауға мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау. Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта, суреттер, сөзжұмбақ

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:Психологиялық дайындық.

Әрбір ісім - тірлік, тірек, адамдық,

Әрбір сөзім - шындық, бірлік, адалдық.

Әрбір адам - туысым, досым, жұрағат,

Әрбір сабақ - үйрену, ұғу, ұлағат.

Үй тапсырмасын сұрамас бұрын, 3 топқа (1.Гүлдер. 2. Құстар. 3. Аңдар.) бөліп алайын. Олай атаған себебім, санаулы күндерден соң қай мезгіл?

-Көктем.

- Олай болса көктемде қандай өзгерістер болады?

-Жер жаңарып, гүлдер шыға бастайды, құстар қайта келіп сайрайды, ұйқыдағы жан-жануарлар оянады.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. 56-жаттығу.

1-топ. жұмбақты оқу. 2-топ. ребустың шешімін табу. 3-топ. Сөзді тәуелдеу.

III.Үй тапсырмасын бекіту. Графикалық диктант.

IҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру.

1-жаттығу суретке қара, сурет мазмұны бойынша әңгіме құра, әңгімеге ат қой. Бұл суретте балыққа жем шашып, кірпіге алма беріп, қоянға сәбіз беріп тамақтап тұрғанын көріп отырмыз. Бұл балалардың жан-жануарларға жасап отырған қамқорлығы. Сіздер солай жасайсыздар ма? Олай болса, «Қамқорлық » деп ат қояйық. Бұл жануарлардың адамға ешқандай зияны жоқ. Не істеді? сұрағына жауап беретін сөзді тап?

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу.Е е Е е Е е Етістік сөзін жазу.

2-жаттығу

1-топ. жұмбақты оқу. 2-топ. шешімін табу: аққу.3-топ. Етістікті табу.

Сұрақ:- Аққу қандай құс? (киелі) - Ол қай кезде бізде болады? (қыста теңізде болады) - Қызыл кітапқа енген.Не үшін? (азайып бара жатқандықтан )

3-жаттығу сөздерді оқу, екі бағанға бөліп жазу:

1-топ. Зат есімді тап.

2-топ. Етістікті тап.

3-топ. Сөз тіркесін жаса

Ата, іні, балық, түйе, шортан.

Ойнады, жинады, қуды, жарысты, айтты.

Ата айтты, іні ойнады, түйе қуды.Сергіту сәті. 4-жаттығу берілген етістіктерді қатыстырып, сөйлемдер құрастыру. Сөйлемдегі етістіктердің астын сызу, сұрақтар қою.

1-топ. Қонды, ұшты. 2-топ. Жауды, басылды. 3-топ. Секірді, тасыды.

ҮІ.Бекіту: 5-жаттығу. Ойын: Мына малдардың қайсысы қалай төлдейді? Жауаптарын табу және дұрыс, бұрыстығын тексеру.

VII.Ұйқасын тап. (Поэзиялық сәт). Оқушылардың ақындық қабілетін бақылау барысында мына өлең жолдарын кім қалай аяқтайды?

Көктем, көктем, көктемде,

Күн күркіреп ................. .

Нұр жаңбырды тосамыз,

Оны да әнге ..................... . Бұл жерде етістік бар ма?

ҮІIІ. Қорытындылау.Балалар, бүгін біз не үйрендік? Етістік дегеніміз не? Ол қандай сұрақтарға жауап береді? Мысалдар келтір. ҮІІІ. Үйге тапсырма: 6-жаттығу, 163-бет. Ескен Елубаевтың «Дұрысы қайсы, бұрысы қайсы?» өлеңі арқылы етістіктерді табу, жануарлардың дыбыстауы туралы білу.

ІХ. Оқушыларды бағалау. Қолдарына жинаған дөңгелекшелерді санау. Соған байланысты оқушыларды бағалау.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал