- Учителю
- План урока на тему Шырша жыры
План урока на тему Шырша жыры
Сабақтың тақырыбы: Шырша жыры
Сабақтың мақсаты: 1. Шырша жырын түсіндіру.
2.Жаңа жыл туралы түсініктерін дамыту.
3.Әдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: безендірілген шырша, үлестірмелі карта, слайд, жыл атауларының суреттері, сөзжұмбақ т.б
1.Психологиялық дайындық.
Алу үшін сапа білім,
Ардақтаймыз ана тілін.
2.Ұйымдастыру кезеңі
3.Үй тапсырмасын сұрау
а)сахналық қойылым. Тышқан,түйе, автор, күн, екі бала тау болады.
ә) «Өз орныңды тап » ойыны жыл атауын ретімен тұрғызу.
б) «Балық» ойыны
в) Қорытындылау
-Жыл басы неге керек?
-Қашан келеді?
-Жаңа жылда кімдер келеді? Не істейміз?
-Жаңа жылда қандаі ән айтамыз?
4. Жаңа сабақ: Ендеше балалар, бүгін «Шырша жыры» әнін өтеміз. Сөзжұмбақ шешейік.
Топтық жұмыс. Оқушыларға бірнеше сұрақтарт беріп шыршаны безендіру керек.. шыршаға ойыншықтар ілінеді.
Бекіту. «Кім жылдам ойыны»
1.С.Жүнісовтың «Кімнің мекені жақсы» мәтінінде өзі тар, өзі қараңғы, өзі қауіпсіз ненің мекені? (құмырсқа)
2.»Қоңырсыған сүт, қайнатқан қаймақ иісі, тәтті түтіннің иісі» деген жолдар кездесетін мәтінді ата. (Қартқожаның туған жері)
3.Өмірде болған адамның басынан өткен әңгіме қалай аталады? (аңыз)
4. «Жаңбыр жаумаса-жер жетім» деп басталатын шешендік сөзді айтқан кім? (Төле би)
5. «Бай болсаң халқыңы пайдаң тисін» деп бата берген кім? (Әйтеке би)
6. «Алтын ұяң-Отан қымбат» деп басталатын шешендік сөзді айтқан кәім? (Қазыбек би)
7. Қазақ даласына алғаш білім жарығын алып келген адам кім? (А. Байтұрсынұлы)
8. Өлең жазатын адамды қалай атайды? (ақын)
9.Қазақ халқының ұлы ғалымы Ш. Уалиханов туралы жазған кім? (С.Бегалин)
10. Қартқожа қай жазушының кейіпкері? (Ж. Аймауытов)
11 Балаларды оқуға шақырған Ы.Алтынсариннің өлеңі қалай басталады? (Бір аллаға сыйынып)
12. СҚО -да туған ақын, жазушы, әрі педагог кім? (М.Жұмабаев)
13. Қазақша жыл санауда жыл басы неден басталады? (тышқан)
14. «Шырша жырын» есіңе түсір. Өлең жолын дұрыс аяқта.
Қар жауып тұр... (тынбастан)
Сөйтіп шыршаны безендірдік.
Бағалау: Оқушылардың белсенділігі мен біліміне қарай бағалаймын.
Үйге тапсырма: Өлеңді жаттап келу.