7


3 - сынып Ашық сабақ Етістік

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Етістік

Мақсаты:

1. Оқушыларға етістік туралы түсінік беру, сөйлем ішінен етістікті табу, етістікке қойылатын сұрақтарды үйрету.

2.Сөз таптары туралы білімдерін кеңейту, сөздік қорларын

молайту, байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру. Шығармашылық қабілеттерін дамыту.

3.Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа мәнерлі сөйлеуге тәрбиелеу.

Түрі: жаңа білім беру

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, ойын.

Көрнекілігі: А3парағы, слайд, ребус, қимақағаз, сюжетті суреттер,стикерлер.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал туғызу

Мақсатымыз- білім алу,

Міндетіміз-еңбектену.

Еңбек етіп жұмыла

Беске қолды жеткізу



Топқа бөлу "Мен таңдаған қимыл"

Топ ережесін құру

1.Топтағы оқушылардың пікірін тыңдау.

2.Ойымызды еркін ,тиянақты баяндау.

3.Келесі топтың ойын тыңдау.

4.Уақытты үнемді пайдалану.



ІІ.Үй тапсырмасын тексеру



"Лездеме сұрақтар" ойыны

1. Сөздің одан әрі бөлінбейтін бөлігі? (түбір)

2. Сөз мағынасын өзгертетін қосымша? (жұрнақ)

3. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша? (жалғау)

4. Сөз табы нешеу? (тоғыз)

5. Заттың атын білдіретін сөз табы? (зат есім)

6. Зат есім сұрақтары? (кім? не?)

7. Биші, күйші сөздеріне қойылатын сұрақ? (кім?)

8. Қалам, дәптер сөздеріне қойылатын сұрақ? (не?)

9. Көкшетау, Ақтөбе қандай зат есім? (жалқы)

10. -лар, - лер қандай жалғау? (көптік)

ІІІ. Жаңа сабақ

"Ребус" шешу (3 - сынып Ашық сабақ Етістік С 3 - сынып Ашық сабақ ЕтістікК сурет арқылы)

"Етістік" сөзін шығарады.



IV. Дәптермен жұмыс

Күннің жадын, тақырыпты жаздыру

Көркем жазу минуты( Ее әрпін жазады)





1 - жаттығу. Тақтамен жұмыс "Сиқырлы қорап" тапсырмалары

( қорап ішінде жануарлар суреттері оқушыларға бір - бірден таратылады не істейді? қайтеді? сұрақтарына жауап беретін сөздерді қойып, жазады)

3 - сынып Ашық сабақ Етістік

Керекті сөздер: мөңірейді, мияулайды, қаңқылдайды, маңырайды, боздайды, шақырады, кісінейді, үреді.

Оқушылар ерже шығарады.

Заттың қимылын, ісін білдіретін сөздерді етістік дейміз.

Етістіктерге не істеді? не қылды? қайтті? деген сұрақтар қойылады.



2 - жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқып, етістіктерді тауып сұрақ қою.

Көктем келді: құс келді,

Күн ұзын, түн қысқа енді.

Көктем келді: су ақты,

Күннің көзі шуақты.

Көктем келді: гүл өсті,

Көбелектер гулесті.

(Келді, ақты, өсті, гулесті.)

"Сөз ойла , көп ойла" топтық жұмыс

Негізгі сөзден барынша көп қысқа сөздер құрастыру қажет

«Көктем»

(көк,ем,ек,тек,кет,көке,ет,көм,көкте, көмек т.б.)

"Стикерлер" әдісі

3 - жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрастыру

(Екі топ сурет бойынша әңгіме құрастырып, А3 парағына орындайды)

3 - сынып Ашық сабақ Етістік3 - сынып Ашық сабақ Етістік3 - сынып Ашық сабақ Етістік

Сергіту сәті

"Жануарлар әлемі" әнін айту



"Кім тапқыр?"

4 - жаттығу Жұмбақты шешу

Жіппен келеді,

Үзсең, сөнеді. (шам)



"Тез тауып, бөгелмей айт" ойыны

Төмендегі зат есімдерді бір-бірлеп оқимын. Оқушылар оларға әр түрлі етістіктер тіркеп, бөгелмей айтып отыру керек.

Жел, күн, найзағай, қой, қоңырау, тапсырма, қар, жаңбыр, әжем, Айгүл, кино.

(шықты, жылынды, ойнады, маңырады, соқты, орындады, еріді, жауды, келді,ойнады, көрдім)



V. Сабақты қорытындылау

Венн диаграммасы бойынша зат есім мен етістікті салыстыру.



Зат есім Етістік



































VI. Оқушыларды бағалау

VII.Үйге тапсырма беру

149 - бет 5 - жаттығу. Ереже жаттау.

























 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал