- Учителю
- Ашық сабақ «Дәрумендер- денсаулық кепілі»
Ашық сабақ «Дәрумендер- денсаулық кепілі»
Ақмола облысы
Астрахан ауданы
«Қызылжар орта мектебі» ММ
«Дәрумендер- денсаулық кепілі»
Өткізген: Дюсембекова К.Е.
3 «А» сынып
2015-2016 оқу жылы
Тақырыбы: «Дәрумендер денсаулық кепілі»
Мақсаты: Балаларға көкөністер мен жеміс жидектердің адам денсаулығына пайдасы жайлы түсіндіру. Олардың құрамы дәрумендерге бай екендігін, тұмау мен суық тию ауруына шалдықпаудағы күресудің жолы екенін көрсету. Ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу кезінде сөзді анық айтқызу, мәнерлі айтып жаттықтыру және еңбекке баулу.
Ашық сабақ, дәрумендер , витаминдер, тәрбие сағаты денсаулық, көкөністер туралы
Ұйымдастырушылық кезеңі:
Тәрбиеші: «Білер қазақ баласы,
Сәлем сөздің анасы» - дегендей сәлемдесіп алайық.
Мұғалім: «Қайырлы таң, балалар!»
Балалар: Қайырлы таң, Айнаш апай!
Қайырлы таң құрметті қонақтар!
Бақшамызға барамыз,
Досымызды табамыз.
Сәлемет пе, міне мен,
Доспын енді сенімен.
Мұғалім балаларға жыл мезгілі туралы сұрақ қояд
.Мұғалім:
- Балалар, қазір қандай жыл мезгілі?
- Қыс мезгілі.
- Қыс айларын атаңдаршы?
- Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
- Қыста ауа райында қандай өзгерістер болады?
- Суық болады, қар жауады, боран соғады.
- Суықта тоңып ауырып қалмас үшін не істеу керек?
- Қалың киініп, дәрумендер жеу керек.
- Балалар сендер қыс мезгілі жайында жақсы біледі екенсіңдер. Ал дәрумендерді қайдан аламыз?
- Көкөністерден, жеміс-жидектерден.
- Жемістер қайда өседі?
- Жеміс-жидектер ағаштарда өседі.
- Көкөністер қайда өседі?
- Бақшада өседі.
- Балалар бүгін біздің оқу іс-әрекетімізде, көкөніс пен жемістердің адам денсаулығына пайдасы жайлы біліп, қажеттілігін айтамыз.
- Балалар мына суреттердегі жемістерді атаңдаршы? /көрсету/
- Ал енді көкөністерді атаңдар?
- Бұл жемістер мен көкөністердің біздің денсаулығымызға әсіресе өсіп келе жатқан сендерге өте қажет, өйткені бұларда дәрумендер көп.
- Дәрумендердің А,В,С, Д, Е деген түрлері болады. Оларды біз күнделікті ішіп жүрген тағамдарымыздан кездестіреміз.
Мысалы:
«А» дәрумені: қызыл бұрышта, сарымсақта, қызанақта бар.
«В» дәрумені: қиярда, қырыққабатта, сәбізде кездеседі екен.
«С» дәрумені қарақатта, лимонда, мандаринде кездеседі.
«Д» дәрумені: алмада, алмұртта, пиязда, жүзімде .
Осы дәрумендерді көп жесеңдер суыққа төзімді боласыңдар, сүйектерің қатаяды, бұлшық еттеріңе күш береді.
/Тұмау келеді/
/Балалар бет перде киеді./
Тұмау:
- Сәлеметсіңдер ме, менің әлсіз де, кішкентай балаларым. Мен тұмау деген патшаларың боламын. Сендер мені тостыңдар ма? Мен жеміс-жидектерді жумай жегенді жақсы көретін балалардың қасында жүргенді ұнатамын.
Бала: Біз сені күткен жоқпыз, әрі шақырған да жоқпыз. Біз жемістерді жақсылап
жуып жейміз ғой балалар.
Барлық балалар:
- Ия! - Ия!
Тұмау:
- Сендер менімен қалай күресу керек екенін біледі екенсіңдер! Мен сендермен дос болғым келеді. Дос болмасаңдар сиқырлап тастаймын.
Бала: Біз сенің сиқырыңа сиқырланбаймыз, сенімен күресудің жолын білеміз,
бетперде киеміз, дәруменді көп жейміз. Денсаулығымыз күшті.
Тәрбиеші: Тұмау жаман ауру. Егер тұмаумен ауырып қалсақ, қаліміз қандай болады?
Басымыз ауырады, ыстығымыз көтеріледі, достарымызбен серуенге шықпай қаламыз, мамамыз жұмыстан қалады, бізді дәрігерге апарады, балабақшаға бара алмай қаламыз.
Тәрбиеші: міне көрдіңдер ме, тұмау жүрген жер жақсы емес. Біздер ауырып қалмас үшін не істеуіміз керек?
Балалар: Көкөністен жасалған тағамдар жеуіміз керек, жеміс-жидектен жасалған шырындар ішіуіміз керек, спортпен айналысуымыз керек, тазалық сақтау керек.
Тұмау сен онда біздің көкөністер мен жемістердің балалардың денсаулығына қаншалықты пайдалы екенін тыңда.
/Көкөністер мен жемістердің айтысы/
Қызанақ: Мен өте дәмдімін, адамдардың ас қорыту мүшелеріне пайдалымын.
Әсем нәзік, көріктімін,
Көктей жеуге болмайды.
Салатқа мені қосқанда,
Қияр қасымнан қалмайды.
Қып-қызыл болып пісемін,
Жәшікке лақтырып салмайды.
Жарылып қалам өйткені.
Қияр: Сен неге қып-қызыл болып мақтанып тұрсың? Менің де адам денсаулығына пайдам көп.
Сопақша көк өнім бар,
Пайдалы мөлдір сөлім бар.
Піскен кезде жинайсың,
Менің атым қиярмын.
Қазір ұзын сабағым,
Жан-жағына тарайды.
Қол ұстасқан баладай,
Бақшаны алып барады.
Пияз: Егер картоп өзін-өзі пайдалымын, бәріне қажетпін десе онда менде мақтанайын. Босқа қарап тұрамын ба!
Менсіз астың дәмі жоқ,
Күлдіре алмаймын, жылайсың.
Ащы болсам да мені,
Базардан жиі сұрайсың.
Түшкірсең, пысқырсаң
Мен шипа боламын.
Сәбіз: Мен де де бар дәрумен, салатқа да қосады, тағамға да қосады.
Сары дәмді, ұзынмын,
Жер астына тығылдым.
Тартсаң шыға келемін,
Өсіп тұрған бұрымнан.
Күзде қазып аласың,
Тамаққа да саласың.
Егер мені көп жесең,
Биік, ұзын боласың.
Алма: Менің жер шарында көп түрлерім бар, менің құрамымда «А», «В», «С», «Д» дәрумендерім бар. Мені көп жесеңдер ауырмайсыңдар.
Нарттай қызыл алмамын.
Мәз болады алғандар,
Жазда әдемі киінем,
Тілді балдай үйірем.
Барлығы: Жиналып қаппыз бәріміз,
Қайсымыз ең дәмдіміз.
Ішімізден адамға
Тиеді көп пайдамыз.
Мұғалім: Барлығыңда дәмдісіңдер,
Шырқап айтар әнімсіңдер.
Көз тоймайтын кереметке,
Дастарханның сәнісіңдер
Дәрумендердің адам денсаулығына пайдасы.
А дәрумені, бұл тәннің жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілетін, сүйектің, тістің беріктігін артырады, бойдың өсуіне көмектеседі. Малдың бауырында, бүйрегінде, сары, жасыл түсті жемістерде, көкөністе болады.
В2 рибофлавин, дәрумені, бұл денедегі белокты, майды, көмір қышқылын қуатқа айналдырады, тәннің жұқпалы сырқаттарға қарсы тұру қабілетін күшейтеді .Көкөністе, сыра ашытқысында, жаңғақта, малдың бауырында болады.
Д дәрумені, бұл тәннің кальцийді, фосфорды игеріп үлгіртуіне жәрдемдеседі. Сүйектің қалыптасуын жақсартып жүрек, жүйке жүйесінің жұмысына жәрдемдеседі.
В2 дәрумені , иммунитетті күшейтеді, атеросклероз бен жүрек ауруының алдын алады.Сиыр, қой еттерінде әсіресе, бауырда, балықта болады.
Жеміс-жидектің, оның ішінде алманың денсаулыққа пайдасы мол . Ал оның қандай қасиеттері бар екендігін білесіңдер ме?
Алманың құрамында А,С, В1, В2, Р, Е дәрумендері бар.
А дәруменi - ағзаның өсуіне, дамуына әсер етіп, түрлі ауруларға қарсы тұруға көмектеседі. Қараңғыда көруді жақсартады. А дәрумені шаштың, тырнақтың өсуіне әсер етеді. Ол жетіспегенде тері құрғап, жарылып, түсі күңгірттенеді.
В1 дәруменi - организмде дұрыс зат алмасуы үшін аса қажет. Бұл дәрумен жетіспегенде шаршағандық сезіліп, ас қорыту жүйесі бұзылады. Ағза В1-ге зәру болған жағдайда жүйке жүйесі ауруға шалдығуы мүмкін.
В2 дәруменi - басқа да дәрумендер сияқты организмнің бірқалыпты өсуіне қажет. Жарақаттардың тез жазылуына мүмкіндік береді. Көздің жақсы көру қабілетін арттырады.
Бұл дәрумен жетіспеген жағдайда ерін құрғап, ұшық шығады . Денеге түскен жарақат баяу жазылады.
С дәруменi - ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұра алу әрекетін арттырады. Сүйекке және тіске беріктік қасиет береді. С дәруменi жетіспегенде ағза тез шаршайды, сілемейлі қабықшалар қабынады, қызыл иек қанталайды. С дәруменi ағзаға қыс пен көктем айларында көбірек қажет.
Р дәруменi - жіңішке қан тамырларының беріктігін арттырып, қызметін қалыпқа келтіреді.
Е дәруменi - бұлшық еттердің қызметін жақсартады.
Сондай-ақ алмада марганец, калий, кальций, фосфор, натрий, молибден, мырыш бар . Бұлар ағзаға жеткілікті мөлшерде болса, ауырмайтын боласыңдар. Ойлау қабілеттерің де жақсы дамиды.
Ал ең бастысы - алма темірге бай. Темір қан айналымы жүйесіне өте қажет. Ол жүрек, бауыр, бүйрек, асқазан, ішек жолдарының жұмыстарын жақсартады.
Бактерия мен әртүрлі вирустардан сақтану үшін күніне бір алма жеу қажет.
Алманың жер шарында 36 түрі бар. Қазақстанда алманың «апорт», «сиверс», «недзвецкий», қырғыз алмасы өседі.
Алманың отаны - Орталық Азия. Сұрпына қарай, алманың өмір сүру ұзақтығы да әртүрлі. Олар 20 жылдан 100 жылға дейін өсе беруі мүмкін.
Алма ағашы еккен сәттен бастап гүлдемейді, оны отырғызған соң 3-12 жыл ішінде жеміс бере бастайды. Сонымен қатар, оның жаздық, күздік, қыстық сұрыптары болады. Яғни, қысқы сорттары жылдың суық мезгілінде де алмасын бере алады.