7


Сөйлем және оның түрлері

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні: 13.10.2015

Мектеп: №7 мектеп-гимназия

Пән: қазақ тілі

Сынып: 4д

Әдіскер: Жахметова Б.К.

Мұғалім: Майкөтова Ж.

Машықкер: Жүнісбек Ә.Д.

Cабақтың тақырыбы: Сөйлем және оның түрлері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Сөйлемнің айтылу жазылу мақсатына қарай сұраулы , лепті , хабарлы болып бөлінетінін еске түсіру;

Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін дамыту, түрлі тапсырмалар орындау барысында танымдық, іскерлік,есте сақтау ,ізденімпаздық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқу мен жазу арқылы оқушыларды шығармашылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыптық суреттер.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгінгі қазақ тілі сабағын сендерге мен өткіземін, аты-жөнім - Жүнісбек Әйгерім.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық.

- Балалар жел соққанда қандай дыбыс шығады?

- У-у-у-у

- Ит қалай ырылдайды?

- Р-р-р-р

- Жылан қалай ысылдайды?

-С-с-с-с

-Жарайсыңдар, балалар! Дұрыс айтасыңдар!

Тыңдаңдар қыздар!

Тыңдаңдар ұлдар!

Қолдарыңды созыңдар!

Алақанды ашыңдар!

Қайсымыз 5 алудан қашпаймыз?

Ендеше үй тапсырмасын тексеруді бастаймыз!

II. Үй тапсырмасын тексеру.

Қызығушылығын ояту

Ерте-ерте, ертеде біз білмейтін бір үлкен елде СӨЗДЕР өмір сүріпті. Сөздердің бір тобы бір-бірімен тіркесе байланысып, жеке отау тігіпті. Ол отау СИНТАКСИС деп аталыпты. Бұл сөздер бір-бірінен бөлек тұрса да, бір-біріне бағынып, бірін-бірі толықтырып тұрыпты. Ең бірінші тұрған сөз бәріне бас болыпты. Ал ең соңғы сөз өзінен кейін ешкімді жібермей, ойды тиянақтап тұрыпты.

Мұның қалай аталатындығын сендер қазір тапсырма орындау арқылы тез табасыңдар.

ІІІ. Жаңа сабақ. Сөзжұмбақ шешу

1. Жылт-жылт еткен, жырадан өткен. (су)

2. Тәтті, тәттінің іші қатты, қаттының іші тәтті. (өрік)

3. Кішкентай ғана бойы бар, айналдырып киген тоны бар (қой)

4. Қанаты жоқ ұшады, аяғы жоқ қашады. (жел)

5. Ти десем, тимейді, тиме десем тиеді. (ерін)

6. Отқа жанбас, суға батпас. (мұз)

Сөзжұмбақтың шешуі: СӨЙЛЕМ.

―Балалар, алдымен сөйлем туралы білетіндеріңді еске түсірейік. Сөйлемнің негізгі белгілерін атайықшы.

А) сөздер мағыналық байланыста болады.

Ә) аяқталған ойды білдіреді.

Б) бірінші сөзі бас әріптен бастап жазылады.

В) соңына (.), (!),(?) қойылады.

― Өте жақсы!

-Сөйлем неден құралады

-Сөйлем сөзден құралады.

- Сөз неден

- Сөз буыннан

- Буын ше

-Буын дыбыстан.

- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Сөйлем және оның түрлері». Осы тақырып бойынша білімімізді кеңейтеміз.

1.Сөйлем аяқталған ойды білдіреді.

2.Сөйлем сөздерден құралады.

3.Сөйлемдегі сөздер бөлек жазылады

4.Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылады

«Тыныс белгі» ертегісі. (Күй)

Ертеде «тыныс белгісі» деген ақылгөй шешейдің 3 қызы болыпты.

Бірінші қызы тиянақты, сабырлы сөйлесу, екіншісі тек сұрағанды біліпті, ал үшінші қызы бірде ренжіп, бірде қуанып, бірде бұйырып сөйлейді екен. Соған қарамастан ақылгөй шешей 3 қызын да ақылмен бір мәтіннің ішіне жұмсай алыпты.

-ҚАЛАЙ ОЙЛАЙСЫҢДАР СӨЗ НЕ ТУРАЛЫ БОЛЫП ТҰР?

-НҮКТЕ, СҰРАУ БЕЛГІСІ, ЛЕП БЕЛГІСІ.

5.Сөйлемнің соңынан тыныс белгісі қойылады

Нүкте(.) , сұрау(?) , Леп белгісі (!)

6.Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен байланысып тұрады. Олардың байланысын сұрақ қою арқылы табамыз

7.Бірдеңе жайында хабарлау мақсатында айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз. Хабарлы сөйлемнің соңына нүкте (.) қойылады

8.Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз. Сұраулы сөйлемнің соңына сұрау белгісі (?) қойылады.

9.Лепті сөйлем адамның көңіл күйін, сезімін білдіреді . Олар көтеріңкі дауыспен айтылады. Лепті сөйлемнен соң леп белгісі (!) қойылады.

Оқулықпен жұмыс

1-жаттығу. Өлеңді түсініп оқы.

2-жаттығу. Сөйлемнің соңында тұрған алманың орнына тиісті тыныс белгісін қой.

ІV.Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрайық,

Қолымызды созайық,

Бір отырып ,бір тұрып

Біз тынығып алайық,

Алақанды соғамыз ,

Орнымызға қонамыз

3-жаттығу. Тиісті тыныс белгісін қойып, жаңылтпашты жатқа жаз.

V. Бекіту. «Шашылған сөздер» ойыны.


1. Мұз, айдынына, келді, балалар.

2. Мұнда, келген, алғаш,еді, Айжан.

3. Коньки, тебе, алмайды, өздігінен, әлі, ол.

4. Көмектесті, оған, достары.

1.Аспанда .......қалықтап ұшып жүр.

2.Мектеп жақтан ........сыңғырлап қоя берді.

3.Қоян қорыққанынан .........жөнелді.

4.Күзде орман іші ......кетеді.

VІ.Қорытынды.

- Бүгінгі сабақ ұнады ма? - Не білдік? - Не байқадық?

VІІ.Үйге тапсырма.4-жаттығу, 42 бет, 6-жаттығу,43 бет.

VІІІ. Бағалау.

Рахмет!

Ұнадыңдар, балалар!

Құштарсыңдар білімге.

Аяқтап мен сабақты,

Рахмет айтам сендерге.

Жақсы қатысқан оқушыларды бағалау.

Әдіскер:

Мұғалім:

Баға:



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал