7


  • Учителю
  • Ашық тәрбие сағаты 'Математика көшбасшысы'

Ашық тәрбие сағаты 'Математика көшбасшысы'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Математика көшбасшысы

Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту,математикалық білім қабілеттерін тексеру, сыныптың көшбасшысын анықтау.

Көрнекілігі: Нақыл сөздер, 1. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы.
(К.Гаусс)
2. Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика.
(М.В.Ломоносов)
3. Математика - барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те. (Р.Бэкон)
ребустар, математикалық жұмбақтар,текше ,түрлі аттар.

Түрі: сайыс

Барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі.

Жүргізуші: Мінеки, залда тыныштық,

Естілмейді дыбыс түк. Мұны біз де қоштаймыз, Кешіккендерді тоспаймыз. Ғылымдардың ғылымы, Математика ғылымы жайында Математика көшбасшысы сайысын Бастаймыз!

Қош келіпсіздер,қымбатты ұстаздар,ата-аналар мен оқушылар! Математиканың жанкүйерлері! Адамзат тарихында қай кезеңде болмасын ғұламалар ғылым мен білім мәселелеріне ерекше көңіл бөлген.Қазіргі ғаламдық заманда 50 елдің қатарына қосылу үшін білімнің аса қажет екенін Елбасы Н.Ә.Назарбаев жолдауларында баса көрсетті.Қазақстан Республикасы өркениетті ел болу үшін ең бастысы білім қажет. Білім -патриотизм негізі.Білімді болу жүйелі түрде үйренудің,оқығанды зердеге, миға тоқудың нәтижесі. Бүгін біз математиканың қыр-сырымен танысып,көңілді демалып, білім күшімізді сынау үшін жиналдық.

Уа, халайық,халайық! Бәріне жар салайық. Бүгінгі кеш төрінде, Математика елінде, Есеп шешіп, жарысып, Жұмбақ шешіп, аңдысып, Шабыт тасып, шалқысып, Көңілді кеш жасайық. Жұмбақ шеру жасайық, Мұнда қызық табылар, Жұмбақ, есеп бәрі бар. Ал,сайыскер, балалар, Білімдеріңді сынайық. Математика Көшбасшысын табайық.

-Құрметті қонақтар! Сіздерді 3 «Ә»-сынып оқушыларының арасында өтетін «Математика көшбасшысы» атты сайыс сағатын көруге шақырамыз.

Математика сырлары, Қызықтырды біздерді. Ойынға бірге қатысуға, Шақырамыз сіздерді,-дей отырып ортаға алдын ала белгіленген нөмір бойынша сайыскерлерді шақырамыз. (Сайыскерлер өздерін таныстырып шығады.)

Бүгінгі сайыс IX кезеңнен тұрады. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.Алғашқы екі кезеңнен соң екі ойыншы шығып отырады. Кейінгі үш кезеңнен соң екі ойыншы шығып отырады. Ең соңында бір оқушы, яғни көшбасшы қалу керек.

I-кезең.Бәйге-Сұрақтарға ауызша жауап береді.

II-кезең. Полиглот.-Құрамында сан есімі бар жұмбақтарды шешу,шешуін қазақ,орыс тілдерінде айту.

III-кезең.Көкпар.-Аттарда 2 тапсырма болады.Сол тапсырмаларды орындау керек.

IV-кезең. Тапқырлық сайысы- логикалық есептер беріледі.

V-кезең Білімпаз сайысы. Өлең -есептер шығару.

VI-кезең Ойымды жалғастыр. Мақал-мәтелдерді толықтырып айту.

VII-кезең Сиқырлы шаршы-сандар беріледі.Тапсырмалар орындалады.

VIII-кезең Кім жүйрік? -математикалық ребустар беріледі

IX-кезең Жеңімпаз-жеңімпаз оқушыға тапсырмалар беріледі.

Сайыскерлерге сәттілік тілейік!

Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз, Шәкірттерге әділ шешім беріңіз. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар, Бәйге,бәйге,бәйгелерді көріңіз.-дей келе I-кезең.Бәйге (сұраққа дұрыс жауап берген сайыскер 1 қадам алға жылжып отырады)

  1. 1м-де неше см бар?

  2. 1 м-де неше мм бар?

  3. 1 кг-да неше г бар?

  4. Периметрді қалай табамыз?

  5. 8² нешеге тең?

  6. Ауданды қалай табамыз?

  7. 50-дің бестен бірі нешеге тең?

  8. 1 кг мақта ауыр ма, 1кг темір ауыр ма?

  9. Көлемді қалай табамыз?

  10. 64 қай санның квадраты?

  11. 1 ц-де неше кг бар?

  12. Кез келген санды 0-ге көбейтсек не шығады?

  13. 8:0 неге тең? (санды 0-ге бөлуге болмайды)

  14. Көбейтудің қандай қасиеттері бар?

  15. 31-ді 4-ке бөлгенде неше шығады,қалдық қанша қалады?

  16. Бөлудің компоненттерін ата?

  17. Тік төртбұрыштың қасиеттерін ата?

  18. 1л-де неше см³ бар?

  19. Қосудың қандай қасиеттері бар?

  20. 3³ нешеге тең?


II-кезең. Полиглот

Келді кезің жұмбақтарды шешуге,

Жауаптарын аудар орыс тіліне.

Қазақ, орыс тілін білгенде,

Ұпайларым көбейеді деп тіле.-дей отырып келесі кезеңімізді бастаймыз.

1.Бір үйде тұрады екен елу батыр,

Үй сыртына сүйкенсе -ақ өліп жатыр. (сіріңке-спичка)

2.Ақ шапанын үстінен,

Алты ай бойы шешпейді.

Қара шапан үстінен,

Алты ай бойы түспейді. (қара жер мен ақ қар-земля и снег)

3.Алпыс төрт тең бөлмеде

Отыз екі тұрғын бар.

Ақ, қара қып бөлгенде,

Бірін-бірі қуғандар (шахмат-шахмат)

4.Қарны жуан қампайған,

Қос құлағы қалқайған. (қазан-казан)

5.Қос құлақты, жүз тісті,

Жүзінен бір-ақ із түсті. (ара-пила)

6.Сақталады 6 ай жаз,

Сандығымды сары аяз. (тоңазытқыш-холодильник)

7.1 санға өсірді,

Өзі қалды орнында,

Бізді алға көшірді. (сынып-класс)

8Қалқиып екі құлағы,

Елеңдеп,қорқып тұрады. (қоян-заяц)

9. Болса көкте мекені,

Кездеспейді екеуі.( ай,күн-луна, солнце) 9.Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар. (түйе-верблюд)

10.3 қазық, 2 желі, 9 ноқта,

Теңселіп, тербеледі адам соқса,

Шешен тіл,сөзге жүйрік болғанымен,

Не пайда үндемейді адам соқса. (Домбыра-домбыра)


Ал,енді келесі кезекті қазылар алқасына берейік.Нәтиже бойынша осы 2 кезеңде ең төмен ұпай алған 2 сайыскермен қоштасамыз.

Ойын- толқын, жатқандай асып-тасып,

Біреу мығым,біреулер шалыс басып,

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып. Рахмет,келешекте осындай ойындарда сәттілік тілейміз. (естелікке сыйлық беру)


Көңілді тапқыштар, алғырлар,

Бар өнерін алдарына салады.

Кім білімді, көп білсе егер,

Бүгінгі күн жеңімпазы болады-дей отырып

III-кезең.Көкпар сайысын бастайық.-Аттарда 2 тапсырма болады.Сол тапсырмаларды орындау керек.

1-ат: 1. Ұзындығы 9 см ,ені 7см тік төртбұрыштың ауданы нешеге тең? 2.Шағын ауданда 32 үй 4 қатарға бөлініп салынған. 48 үй осындай неше қатар құрайды?

2-ат: 1.Тік төртбұрыштың ауданы 16 см² , ені 2 см.Ұзындығы неше см?

2. Әлібек 1 айда 7 қызықты ертегі оқыды. Осы қарқынмен 1 жылда неше

ертегі оқиды?


3-ат: 1.Тік төртбұрыштың ұзындығы 11см,ені 8 см.Периметрін тап.

2.Ең үлкен 3 таңбалы санға 1-ді қоссаң неше болады?


4-ат: 1. Шаршының бір қабырғасының ұзындығ 8 см.Ауданы нешеге тең?

2.Бірдей 9 ыдыста 45 кг бал бар. Осындай 12 ыдыста неше кг бал бар?


5-ат: 1.Тік төртбұрыштың ұзындығы 4см,ені 3 см, биіктігі 1см. Оның көлемі нешеге тең?

2.5-ті 7 есе арттырып, оған 99-ды қос.


6-ат: 1. 270:Х=9 Х-тің мәні нешеге тең?

2. 1000 саны шығу үшін 555-ке қандай сан қосу керек?


IV-кезең. Тапқырлық сайысы- логикалық есептер беріледі.

1.Егер тырна 2 аяғымен тұрса 4 кг болады, ал 1аяғымен тұрса оның салмағы қанша? (4кг)

2.Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5)

3. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16)

4.Ағаш үстінде 100торғай отыр. Аңшы 10 торғайды атып қалды. Неше торғай қалды?(10 торғай)

5. 1жұмыртқа 5 минут піссе, 3жұмыртқа неше минутта піседі? (5 минут)

6. 1т.мақта ауыр ма, 10центнер темір ауыр ма? (тең)

7. Бөлменің 4 бұрышында 4мысықтан отыр.Әр мысықтың алдынды 3 мысықтан отыр.Бөлмеде барлығы неше мысық бар? (4 мысық)

8. Бір жанұяның 5 баласы бар және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяда қанша бала бар? (6 бала)


Ойын толық айналған қатты ағысқа,

Табылғандай таным да, жат дауыс та.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу қалып жатады асығыста-дей отырып келесі

V-кезең Білімпаз сайысы. Өлең -есептер шығару. (Кубизм әдісі бойынша)

1.Су құйып ем астауға,

Үш қаз ұшты аспанға.

Үш қасқалдақ, бір қазан,

Екі үйрек, бір сазан.

Қосылды кеп бұларға

Бір көксерке,бір қарға,

Айт,неше құс ұшып жүр? (9 құс)

2.Портфелімде әуелі,

Он үш жаңғақ бар еді.

Науат пенен Маратқа,

Самат пенен Сағатқа,

Апасына Қанаттың,

Екі-екіден тараттым.

Қанша жаңғақ қалғанын,

Айта қойшы,ал жаным! (3жаңғақ)

3. Үйге жұмсап Жарқынды,

Алдырдық біз үш түйе.

Қос қап бидай артылды,

Әр түйенің үстіне.

Тапқыр болсаң ал,санап

Бидай алдық қанша қап? (6 қап)

4.Әсел шұлық тоқып отыр,

Ләйла сабақ оқып отыр,

Сара сырмақ сырып отыр,

Нұрлан өрмек құрып отыр,

Бекен отын тасып жатыр,

Дария қазан асып жатыр,

Қуыршағын жуындырып,

Ләззат отыр киіндіріп.

Алданбайды Мұрат бірақ,

Апасынан кәмпит сұрап,

«Жоқ» десе де қоймай жатыр,

Бірер талға тоймай жатыр.

Қанша бала ойнап отыр?

Қанша бала тоймай жатыр? ( 1бала ойнап отыр,1бала тоймай жүр)


Ал,енді келесі кезекті қазылар алқасына берейік.Нәтиже бойынша осы 3 кезеңде ең төмен ұпай алған 2 сайыскермен қоштасамыз.Сәттілік тілейміз.(естелікке сыйлықтар беру)


Қиындықтан сірә да біз қашпаймыз,

Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз,

Қияларға самғап ұшқан құстаймыз,

Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз-дей отырып келесі

VI-кезең Ойымды жалғастыр. Мақал-мәтелдерді толықтырып айту.

  1. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім біл)

  2. Білекті бірді жығады, (білімді мыңды жығады)

  3. Екі жақсчы қас болмас, (екі жаман дос болмас)

  4. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына)

  5. Жүз сомың болғанша, (жүз досың болсын)

  6. Отыз тістен шыққан сөз ,(отыз рулы елге тарайды)

  7. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)

  8. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді)

  9. Төртеу түгел болса төбедегі келеді, (алтау ала болса, ауыздағы кетеді)


Мәңгі бақи есте қалар,

Ғажайып бір кеш болсын.

Білімдірек шәкірт озар,

Қиынырақ сұрақ болсын.-дей отырып келесі

VII-кезең Сиқырлы шаршы сайысын бастаймыз-10,20,30 ұяшықтарын таңдап,сол ұяшықтардың сұрақтарына жауап береді.Ұпай аз сайыскерден бастаймыз.Жауап бере алмаса,дайын оқушы жауап береді.Ұпай сол жауап берген оқушының еншісінде.Жауап берген оқушы ұяшық таңдайды.

10 20 30

30 10 20

20 30 10

Жоғарыдағы сары 10 - 90 мен 20-ның айырмасын 5 есе арттыр

Жоғарыдағы қызыл 20- 4³=

Жоғарыдағы жасыл 30 - (200-164):6+64

Ортадағы сары 10 - Қалдықпен бөлуді орында: 41:5

Ортадағы қызыл 20 - 8²=

Ортадағы жасыл 30- Есепті шығар: Арман 11 тоқаш,ал Марат одан 2 есе көп тоқаш жеді.Армен мен Марат екеуі барлығы неше тоқаш жеді?

Төмендегі сары 10 - С х 3 =120

Төмендегі қызыл 20 - 3³+4²=

Төмендегі жасыл 30 - 700-200х3+155-200


Сынның да сыны бар ғой сыналатын,

Әр түрлі білім сырын ұға алатын.

Жылдамдық керек мұнда, әрі өткірлік,

Сыналып әр секундпен жүре алатын-дей отырып келесі VIII-кезең Кім жүйрік? -математикалық ребустарды шешеді.

  1. Математика -ғылымдардың патшасы

  2. Ақыл-ойдың иесі-математика

  3. Математика-барлық ғылымдардың патшасы

Енді ең соңғы IX-кезең Жеңімпаз-жеңімпаз оқушыға тапсырмалар беріледі.

  1. Қас-сөзінің бір әріпін өзгертіп, бірнеше жаңа сөз жасау

  2. Математика пәнінің өмірде пайдасы қандай? Сен математика пәнін не үшін ұнатасың?


III.Қорытынды бөлім:.Музыкалық нөмір.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал