- Учителю
- Ашық сабақ 'Сын есім'
Ашық сабақ 'Сын есім'
Нургазина Ш.А.
Бастауыш сынып мұғалімі
Бидайық орта мектебі
Уәлиханов ауданы
СҚО
Сабақтың тақырыбы: Сын есім.
Сабақтың мақсаты: сын есімнің заттың сапалық қасиетін білдіретін сөз табы
екенін түсіндіру; бұрынғы алған білімдерін кеңейту, берік
орнықтыру; сын есімнің мағынасын дұрыс түсініп, сөйлеу
және жазу стилінде дұрыс қолдана білу дағдыларын арттыру.
Ұқыптылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, анаграмма, Синквейн, топтастыру, төрт жол өлең
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Тілек «Алтын балық».
«Балық, балық мен қандаймын?» деп сұрайды, қораптан алған қағазда не жазылғанын оқиды. Мыс: ақылды, белсенді, әдепті, ұқыпты, сабырлы, тәртіпті, сымбатты, мықты.
Үй тапсырмасын тексеру
Өзара келісе отырып үйге берілген тапсырманы ортада оқып беру
Әр топтан бір-бір оқушыдан оқыту
ІІ. Тірек білімдерін жетілдіру
1. Анаграмма: Ы Б Т А Д Қ Ы Л: батылдық /әріптерден/
2. Топтық жұмыс: Жаңа сөздер шығару: батыл, ат, дақ, ақыл, қыл, балық, тақ, ақылды, ық, бақыт, бақ, дабыл.С.Б./Жанеля Алишер/Илья Інкәр/Елдар Т.Б./Айша
3. Жұптық талдау жұмыстары: дыбыстық, сөз құрамына, сөз таптарына, сөйлем.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Ережені сұрастыру, мысалдар келтіргізу.
2. Есту диктанты: Мейірімді, сымбатты, қадірменді, қымбатты,
Ең жақын жан балаға кім десеңдер,
Ол - ана.
- Неше сын есім санадыңдар?
Біз кім туралы жаздық?
Ендеше оқулықтың 164 бетіндегі 1-жаттығуға назар аударайық мұнда да ана туралы өлеңнен сын есімдерді тауып жазамыз
3. Оқулық бойынша жұмыс
1-жат.- ӨЗДІК жұмыс. Сын есімдерді табуға дағдыландыру. Тексеру.
Тақтамен жұмыс 3-жат. Сын есімдерді топтастыру
Түсі:ала, күрең, қызғылт, сұр
Дәмі:тұзды, ащы, тәтті,тұзды
Көлемі:жуан, жіңішке, үлкен, кіші
Сапасы:жұмсақ, қатты, мықты
Сергіту сәті: «Қазақстанның жері»
Тақтамен жұмыс4-жат.- Сын есім+зат есім
Бағандағы сөздерді сәйкестендіру
Ойын «Сиқырлы орындық» Стикер жапсыру арқ Менің көршім қандай.... өз ойын айту
5-жат.- НҰСҚА б/ша топтық жұмыс:
ТАҚТАДА: І топ- сын есім + зат есім
ІІ топ - зат есім + сын есім
Плакатпен жұмыс
ІҮ. Сабақты қорытындылау
Жұптық жұмыс:
Cинквейн әдісі
Наурыз
Сөз таптары
Өлең шығару
... ... барамын,
... ... аламын.
... ... оқимын,
... .... баламын.
Т -
Ә -
Р -
Т -
І -
П -
сын есімдердім қою
Топтық жұмыс
Әр зат есімге бірнеше сын есім жазу
...
оқушы ... кітап
...
Ү. Бағалау Түстерге бай-ты өздерін бағалау
Үйге: 2-жат.- Сұрақ қоя білу арқылы сын есімді анықтау, байланысқан сөзді табу.