7


  • Учителю
  • Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресі. Дүниетану 4 сынып

Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресі. Дүниетану 4 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

4-сынып

Дүниетану

Тақырыбы: Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресі

Мақсаты:а) жоңғар мемлекеті, оның орналасуы, Қазақстанға шабуылы, негізгі соғыс

тәсілдері, соғыста қолданылған қарулар туралы мәлімет алады

ә) тарихи сананы қалыптастыру арқылы тарихи таным қабілетін арттыру

б) қазақ халқының басына төнген ауыр кезең оқиғаларын баяндай отырып,

оқушылардың өз еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу

Типі: танымды жетілдіру сабағы

Түрі: пресс-конференция

Қолданылатын құралдар: Интербелсенді тақта, "Көшпенділер" фильмі, домбыра, микрофондар, жазылған талқыланатын сұрақтар, қатысушылардың рөлдері жазылған курветкалар

Тапсырмалар: рөлдерді орындау, сұрақтарды дұрыс құрастыру, қойылған сұрақтарға дәлелді түрде, нақты жауап беру, қорытынды жасау, проблема шығару, оның шешу жолдарын табу

Пәнаралық байланыс: музыка, ана тілі, математика

Көрнекілік: Интербелсенді тақтадағы слайдтар

(Слайд 1.) Сабақ басында интербелсенді тақтада көрсетіліп тұрады



ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНЫҢ ӘР ТӨБЕСІНІҢ, ӘР ТАУ-ТАСЫНЫҢ ТАРИХЫ БАР. ҰРПАҚ САНАСЫНА СОНЫ СІҢІРУ КЕРЕК.

Н.Ә.НАЗАРБАЕВ

















(Назарбаев Н. Ә. портреті)

Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру.Сабаққа дайындығын тексеру.Сабаққа қажетті құралдарды түгендеу. Топтарға бөлу. Әр топ мүшелері №1, №2, №3, №4 болып нөмірленеді.

Психологиялық дайындық. (Слайд 2)

Сабақты біз бастайық,

Артта қалып қоймайық.

Қандай сұрақ болса да,

Жауап таппай қоймайық.

2. Үй тапсырмасы. «Нөмірленген бастар топтасады». әдісі

(Слайд 3 - сұрақтар тақтада шығады)

а) өткен сабақта туған жеріміз - Қазақстан туралы не айтылды?

ә) ол тақырыптың үйде оқып келген тақырыппен қандай байланысы бар?

3. Өткенді қайталау. «Нөмірленген бастар топтасады». әдісі

(Слайд 4 - сұрақтар тақтада шығады)

б) «жоңғар» деген кім?

в) оларды неге басқыншылар дейді?

Сабақты әрі қарай пресс-конференция түрінде өткіземіз.

(Слайд 5. - Интербелсенді тақтада Пресс - конференция жазуы шығады)

І-саты. Қызығушылығын ояту. « Ой қозғау» стратегиясы

Конференцияны ашық деп жариялаймын («Көшпенділер» фильмінен үзінді көрсетіледі)

( Слайд 6) Тақырыпқа шығу: (Проблемалық сұрақ)

- Қазақ халқының кімге қарсы күресін көрдік?

- Конференцияда талқыланатын мәселе не туралы екен?

( Слайд 7 - төмендегі жазу шығады)

Қарастырылатын мәселе:

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ЖОҢҒАР БАСҚЫНШЫЛАРЫНА ҚАРСЫ КҮРЕСІ

Конференцияға «шақырылғандар» және «тілшілер» қатысады. (8-ші слайдқа төмендегі жазу қосылып шығады)

Қатысатындар:

1.Географ

2.Лингвист

3.Тарихшы

4.Штаб командирі

5.Мұражай директоры

6.Статист

7.Әдебиетші

8.Кинорежиссёр

9.Зерттеуші

Тілшілер: (қалғандары)



(Тақтадан оқып шығамын):

Қатысатындар: географ, лингвист, тарихшы, зерттеуші, мұражай директоры, статист, кинорежиссер, штаб командирі. (рөлдер)

Әр топтан қатысушыларды сайлайсыңдар (өз еркімен), қалғандарың тілші рөлін

орындайсыңдар. Әр топ сайлаған қатысушы адамдарын шығарады. Қатысушылар үстел басына келіп отырады.

ІІ-саты. Мағынаны ажырату. «Интервью» стратегиясы

Конференцияға дайындалуға уақыт беріледі

Тілшілер сұрақ қоюға, қатысушылар жауап беруге дайындалады

Берілген уақыт аяқталған соң:

Сөз кезегі тілшілерге беріледі.( ҮІ-топ, ІІІ-топ, ІІ-топ, І-топ)

Тілшілер өтіліп жатқан тақырыптың мазмұны бойынша және өздерінің бақылауы бойынша құрастырған сұрақтарын қояды, ал қатысушылар мүмкіндігінше жауап береді.

Жоспарланған сұрақтар:

Географқа

(слайд 9 - жоңғар басқыншылардың қазақ жеріне шабуылы туралы суреттер)

- Жонғар басқыншылары шабуылды еліміздің қай жағынан бастады

және басып кірді ме? (Географ рөлін алған бала жауап береді)

Жауабыңызға рахмет.

Тарихшыға- Жонғар басқыншыларының жерімізге басып кірудегі мақсаты не болды? (Слайд10)

Зерттеушіге

( слайд 11- өртеніп жатқан туралы суреттер)

- Қалалардың өртенуі туралы не айтасыз?

(Зерттеуші жауап береді)

Лингвистке (Слайд12)

- ... түсініксыз болған сөздердің мағынасың ашып берсеңіз?

(Мәтін бойынша кездескен түсініксіз сөздерге түсініктеме береді.)

(слайд 13-сөздік жұмыс. Мәтін бойынша кездескен түсініксіз сөздерге түсініктеме жазылған)

Штаб командиріне - Бұл шайқаста қандай батырдың аттары шықты?( (Слайд14)

Олар қандай қару- жарақ және қандай тәсілдерді қолданды?

(слайд 15 - қазақ батырлары, слайд, 16 -қару- жарақ, соғысу тәсілдері)

Статистке - Сізде қандай сандық деректер бар? Қанша адам қаза болып кетті?(Слайд 17)

(слайд 18 - оқулықтағы сандық деректер)

Әдебиетшіге - Жонғар басқыншыларына қарсы күрес туралы жазылған кімнің

қандай шығармалары бар? (Слайд 19)

(- кімнің қандай шығармалары барын жазып қою)

Кинорежиссерге - (слайд 20) Қандай фильмдер шығардыңыздар? Тағы да шығарасыздар ма?

«Көшпенділер» фильмі қандай материалдарға сүйеніп шығарылған?

Мұражай директорына -Мұражайларда не бар? (Слайд 21)

(слайд 22- 26 - музейден көрініс)

Конференцияға қорытынды жасалады.

- Конференцияда тыңдағандарың бойынша қандай қорытынды жасайсыңдар?

Оқушылар өз ойларын айтады.

Сергіту сәті.

"Елім-ай" әнінің бір шумағын хормен орындайды. (Слайд 27 - Әннің сөздері тақтада жазулы)

- Бұл шайқаста қазақ халқы жеңіске жетеді. Ол туралы толығырақ 5-сыныпта оқып, танысасыңдар.

- Сонымен, конференция жұмысын аяқтайды. Келіп қатысқандарыңызға және құнды мағлұмат бергендеріңіз үшін рахмет.

Тілшілер интервью алып келген соң не істейді? ( мақала жазады) Сендер де мақала жазуға тиістісіңдер.

ІІІ-саты.Ой толғаныс. «Эссе жазу» және «Автор орындығы» стратегиялары.

- Біз өмір сүріп отырған ХХІ-ғасыр да тарихқа кіреді. Қазір елімізде шешілмей тұрған мәселелер бар ма? Қалай ойлайсыңдар? (әрқайсысы жеке ойланады, жұппен, кіші топта талқылап, ортақ пікірге келеді. Ең жақсы дегенін ортаға салуға дайындайды) Әр топ өз пікірін ортаға салады. Жазған мақалаларын «автор орындығына» отырып оқиды. Сұрақ болса, «авторға» сұрақтарын қояды. Пікір айтады.

Үй тапсырмасы:

( Слайд 28 - Қарасай батыр суреті) Жоңғар басқыншыларына қарсы күрескен Қарасай батыр туралы тақырыпты оқып, танысып келу.

(Слайд 29. Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресі туралы қосымша ақпарат)

Бағалау. (Мұғалімнің бағалауы және спикерлердің топ мүшелерін бағалауы) Комментарий жасау.

Қолданылған ақпараттық құралдар

1) Тарих - 5-сынып оқулығы

2) Мұражайға саяхатқа барғанда көргендері

3) Ана тілінен - 2,3,4 - сыныптарда өтілген шығармалар











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал