- Учителю
- Алып бала Әдебиеттік оқу
Алып бала Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: «Алып бала»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға мәтін мазмұнын меңгерту. Қ.
Мұңайтпасов жайлы мәлімет беру, мәтіннің мазмұны арқылы қосымша
біліммен толықтыру.
Оқу мен жазу арқылы ойлау қабілеттерін арттыру. Оқушылардың тілін,
сөздік қорын дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету.
Шыдамдылыққа, адал қиыншылықта көмек көрсетуге, бауырмалдылыққа
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қ. Мұңайтпасов пен автор портреттері, Мұқан жайлы
газет, журналдар, мәтінге байланысты суреттер.
Әдісі: Топпен жұмыс, сұрақ - жауап, логикалық ойлау.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, бейнелеу, математика.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
- Үйге қандай тапсырма берілді?
- С. Мұқановтың «Батылдық» әңгімесі.
Мазмұнын сұрау. Жалпы сұрақ.
- С. Мұқанов кім екен?
- Балуан Шолақтың шын аты кім?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Қызығушылығын ояту
- Балалар, менің үстелім үстінде 8 карточка жатыр. Сыртында сандар
жазылған. Осы ондық сандарды өсу ретімен орналастыру керек, сонда
сөз шығады, бұл әрі сергіту кезеңі болсын.
10--- 20 --30 --40 ---50 ---60 ---70 ---80
А --- Л --- Ы --- П --- Б ----- А --- Л ---- А
«Ой шақыру»
Жаңа сабақ
Мақсатын хабарлау
Балалар бүгінгі өтетін әңгімеміз де, палуан туралы. «Алып бала» деп
аталады.
- Автор туралы түсінік беру
- Қажымұқан жайлы мәлімет беру
- Көрген киноларымен, оқыған, естігендерін сұрау.
Мағынаны тану.
1. Магнитофоннан мәтінді тыңдату.
2. Жұптасып оқу.
3. Сөздік жұмыс.
«Оқыра» - сиырдың үстінде тері мен еттің арасында бүркіттер болады.
Жаздың күні оқыра тиген сиырлар құйрығын тігіп алып, екі көзі
алақтап, бет - бетімен тыраңдап шаба жөнелетін. Мұндайда жолында
тұрмау керек.
Ұрғашы бөгелек маусым, шілде айларында ұрықтанады. Ұрықтанысымен 1
- 2 сағаттан кейін сиырдың арқасына қонып, ет пен терінің арасына
дамиды. Содан соң теріні тесіп, топыраққа түсіп 20 - 60 күн
аралығында сиыр қуатын оқыра болып ыңылдап ұша бастайды.
Құзар жар - биік жар
Торығып - түңіліп, ренжіген
Сұрақтар қою.
- Мұқан қозы бағып жүргенде қандай жағдайға душар болды?
- Бала жігіт неге тарығып жылады?
- Мұқанның қандай әрекеті ауылды таң қалдырды?
- Әңгіме неге «Алып бала» деп аталған?
Сергіту сәті:
Шығу үшін шымыр боп,
Шынығамыз шаршамай.
Бұлшық еттер шымыр боп,
Аламыз сосын тыныс жай.
Сурет бойынша жұмыс (тілін дамыту)
- Балалар суретте кімді көріп тұрмыз?
- Оның денесі қандай?
- Осы сиырды көтеру екінің қолынан келе бермейді, ендеше ол
қандай?
Венн диаграммасы:
Қажымұқан----- Бала жігіт
↓
малшы
кедей
сүйгіш
Балалар екі баланың бойынан қаншама қасиеттер көріп отырмыз
Батырлық, адалдық, мейірімділік туралы мақал - мәтелдер сұрау.
Спорт мектебі: Ермахан Ыбырайымов, Дәулет Тұрлыханов, Шәміл
Серіков, Ольга Шишигиналарға тоқталу.
Газет бойынша әңгіме.
Ақындықты қалады. Көріпкелдігі бар.
Қажымұқан айтқан сөзі бар. «Арқада Есіл жағасында туып - өстім.
Сырда Арыс жағасында дүниеден өтермін. Жөргекке ораған жер мен
кебінге оранған жердің арасы алыс болды, өкінбеймін, Қазақ жерінің
алыстығы жоқ» Қажымұқан барлық қазақ даласына ортақ.
1948 жылы Шымкент облысының Арыс ауданындағы «Ленин туы» колхозында
қайтыс болады.
Сабақты пысықтау:
« Білім бәйтерегін» көтеру
- Балалар алдымызда нені көріп тұрмыз?
Ағаш
Ағашымыз жапырақсыз әдемі емес, ағаш көркі жапырақ дегендей
ағашымызға не жетпей тұр?
- Ендеше бәріміз бірігіп ағашымызды жапырақпен гүлдендірейік.
- Ол үшін алған білімімізді ортаға салайық.
Жапырақта жазылған сұрақтар тарату. Оқушылар жауап беріп, жапырақты
бәйтерекке іледі.
Үйге тапсырма:
Бағалау.
Күлімде, күн күлімде,
Жер жасарып көгерсін.
Кешегіндей бүгін де,
Қанат қақсын көгершін.
Күлімде, күн күлімде,
Бүлдіршіндер қуансын.
Қырдың қызыл гүліндей,
Қолдарына ту алсын.
Күлімде, күн күлімде
Күлсін барлық бала шат.
Берекелі бүтіндей,
Бейбіт болсын болашақ.
Сабаққа әркез қатысып
Білімді шыңдап көрейік
Әрбір атқан таңменен
Бөленіп нұрға жүрейік.
Сәкен Cейфулин
Өрдеш төс, білеу дене, шойындай сом
…Күресте СССР - да жеке - дара -
Талай дәу қыла алмаған ешбір шара.
Еуропа, Азиядан асқандар да:
Поддубный, Ганс - Гауан, Қазбек Гара.
Ожар бет, қара мойын - бейне құлжа,
Қылар ед бір салса егер мылжа - мылжа.
Шалқиған жауырынды, бұжыр қара,
Еңгезер, үйелмен, дәу, тартқан - құжға.
Қалың бет, бура түсті қара нардай,
Жұп - жұмыр, жуан діңгек,
бойшаң дардай,
Өзге жұрт ергежейлі ол келгенде,
Айбынды жолбарысқа болар пардай.
Топшысы кере құлаш, бітім шалқақ,
Шалқиып балпаң басады, талтақ - талтақ.
Ұзақ жол керуеннің көшіндегі
Сияқты жампоз атан, басқан малтақ.