- Учителю
- Қазақстан менің елім 5-сынып
Қазақстан менің елім 5-сынып
09.09.16ж 5 сынып
-
0Сабақтың тақырыбы: Қазақстан менің елім.
Отансыз адам - ормансыз бұлбұл.
(мақал)
Сабақтың мақсаты:
-
Қазақстан мемлекеті туралы алған білімдерін тиянақтау, оқушылардың интеллектуалдық ой - өрісін, білім деңгейін көрсету.
Оқушылардың танымдық деңгейлерін өрістету, тіл байлығын, өз ойын жеткізу, қазақ тілінде еркін сөйлей білу әрекеттерін жетілдіру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: ойын, сын тұрғысынан ойлау, топтастыру стратегиясы, деңгейлік тапсырмалар ,мақал - мәтелдер.
Көрнекіліктер: ноутбук слайдтар, презентация, кеспелер.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу.
2. Кезекші сұхбаты.Тілдер мерекесі оқушылар өлең оқып береді. Марина .Александра. Сабақтын мақсатын түсіндіріп бүгінгі жаңа сабақты бастаймын.
3.Викторина көрнекелік кофе таякша әдіс (әр оқушы таңдап
сұрақтарға жауап береді)
1. Қазақстан қандай мемлекет?
2.Қазақстанның Президенті кім?
3.Сенің Отаның қай жер?
4. Мемлекеттік тудың түсі қандай?
5.Ән ұранды жатқа айтып бер?
6.Біздің ел орда?
7.Қазақтың ұлы ақыны?
8.Қазақстан табиғатты қандай?
9. Отан туралы қандай мақал мәтел білесің?
II. Жаңа сабақ.
1. Мұғалім сөзі. - Жаңа мақалда айтылғандай, Отансыз адам болмайды.
Балалар, біздің Отанымыз қай ел? (Қазақстан)
Қазақстан қандай мемлекет? (Тәуелсіз)
Сонымен біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Қазақстан менің
елім.
- Қазақстан туралы не білесіңдер? (Қазақстан тәуелсіз мемлекет,
астанасы - Астана қаласы, президенті - Нұрсұлтан Назарбаев, бай
мемлекет) Дұрыс, енді қазір жаңа мәтінмен таныс боласыңдар.
2. Оқушылар топқа бөлінеді. 1.Қазақстан тобы. 2.Тәуелсіз тобы.
бөлінеді.(қайталап хор мен оқу)
Алдын ала өзім бағалау критериаларын түсіндіру
Бағдаршам арқылы, бағалау парақшасын үлестіріп беремін
3.Көп нүктенің орнынакеректі сөзді қазақ, орыс тілінде табу.
1 топ Ашу- дұшпан, ақыл дос(друг)
Жолдасы көптің олжасы көп (много)
Досы жоқ адам(человек) - тұзы жоқ тағам.
2 топ Отан ( Родина ) -оттан да ыстық.
Татулық - табылмас бақыт( счастье)
(Глаза)көз -қорқақ, (руки) қол - батыр.
Бұл тапсырмада екі топ бір- бірін бағалайды.
4. Берілген мақал -мәтелдерді дұрыс құрастыр.Тақтада бұрыс , дұрысы жазылып тұрады.
Бұрыс:
Мектеп, білім- теңіз кеме.
Құрмет, тілге, құрмет-елге.
Ыстық, отан, оттан да.
Ұяда, ұшқанда,соны іледі, не көрсе.
Дұрыс:
Білім -теңіз, мектеп кеме.
Тілге құрмет- елге құрмет.
Отан - оттан да, ыстық.
Ұяда не көрсе ,ұшқанда сонны іледі.
5.Сергіту сәтті (Қызыл өрік)биін билеу.
6.Қазір мен ақал мәтелдердің басын оқимын , ал сендер жалғасын табуларын керек.
1. Отанды сүю - Отбасынан басталады.
2.Ел елдің бәрі жақсы, өз елің бәрінен жақсы.
3. Отансыз адам - ормансыз бұл- бұл.
4. Жері байдың - елі бай.
7.Мәтінмен жұмыс керек сөздерді орнына қой.
Біз Қазақстанда тұрамыз. Қазақстан біздің -------- . Ол ---- мемлекет. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы -------.Республикамыздың бас қаласы ------. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі------. Қазақстан - өзінің салт дәстүрі, мемлекеттік ---- бар ел. Қазақстанда 130 дан астам ұлттық өкілдері -----.
Керекті сөздер: Отанымыз, тәуелсіз, астана, Назарбаев, рәміздері, қазақ тілі, тұрады.
8. Отан сөзі жазылып тұрады мақал - мәтел білеміз.
IV. Жаңа білімді бақылау. Оқушылар рефлексия жүргізу.
V. Қорытынды. (Топтастыру стратегиясы.) Білгенім - көңілге
түйгенім.
- Сонымен, балалар, бүгін Қазақстан туралы не білдік?
Қазақстан - тәуелсіз мемлекет. Астанасы - Астана қаласы.
Мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Өз рәміздері бар. Қазақстанның
табиғаты әдемі.
VI. Үй тапсырмасын түсіндіру. Мәтінді оқып , аудар.
VII. Бағалау. Еңбек етсең, емерсің...